Тезисы (Пути воспроизводства почвенного плодородия и повышение продуктивности хлопчатника)



бет7/25
Дата20.06.2018
өлшемі7,96 Mb.
#43757
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

1213,14-сурет – Фенологиялық бақылаулар


Алынған мәліметтер жерді қарапайым әдіспен 35 см тереңдікке аударып айдалған нұсқамен салыстырылды (13-кесте).

Зерттелген нұсқалар арасында 1-маусымдағы өсімдіктерінің биіктігі және нағыз жапырақ саны бойынша айтарлықтай айырмашылықтар байқалмады. Қозаның өсуі мен дамуы бойынша екі нұсқада да бірдей көрсеткіштер алынды.

Сондай-ақ 1-шілдеде де артықшылықтар анықталмады. Бақылау нұсқасының зерттелген нұсқадан артта қалуы 1-тамызда байқалды, өсімдік биіктігі бойынша 5 см-ге, симподиал бұтақтарының пайда болуынан 4,5 данаға және көсектерінің саны бойынша әр өсімдікте 1 данадан артта қалу анықталды.

Бірінші қыркүйектегі бақылаулар нәтижесі топырағы 55-60 см-ге терең қопсытылған нұсқаның кәдімгі жер жырту нұсқасынан әлдеқайда басым екенін көрсетті. Бір өсімдікке тура келетін көсек саны зерттелген нұсқада 17 дана, яғни бақылау нұсқасынан 4,4 данаға артық болды, ал көсектерінің ашылуы бойынша бақылаудан 2,6 дана/өсімдік жоғары нәтиже көрсетті.

Демек, бақылау нұсқасындағы тамыр жүйесі жайласқан 30-35 см топырақ қабатының физикалық қасиетінің нашарлауы көсектерінің кеш ашылуына алып келді.

Топырақты 55-60 см тереңдікке терең қопсыту жүргізілген нұсқада мақта қозасының екі терімінен 44,8 ц/га өнім алынды, яғни бақылау нұсқасынан 9,7 ц/га жоғары, бұл көрсеткішке топырақтың қатты табанын бұзу және тамыр жайласқан қабатына оңтайлы жағдай жарату арқылы қол жеткізілді.

13-кесте – Мақта қозасының өсуі, дамуы және өнімділігі


Нұсқа

Топырақты өңдеу әдісі

01.06.12 ж.

01.07.12 ж.

01.08.12 ж.

01.09.12 ж.

Өнім,


ц/га



Өсімдік биіктігі,

см


Нағыз жапырақ саны, дана

Өсімдік биіктігі,

см


бұтақтар саны,

дана


Өсімдік биіктігі, см


Симпод. бұтақтар саны, дана

Көсек

саны, дана



Көсек саны, дана

Ашылған көсек саны, дана

1

Кәдімгі жер жырту,

35 см (бақылау)



20,1

4,7

40,5

7,0

80,5

9,0

8,5

12,6

1,9

35,1




2

Терең қопсыту, 55-60 см

20,0

4,6

41,0

7,2

85,5

13,5

9,5

17,0

4,5

44,8





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет