Сорттың шығарылған орны – Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ.
Авторлары: Үмбетаев И., Гусейнов И.
Шығарылу тарихы: 1990 жылы С-6530 х С-9072 х С-6530 сорттарын шағылыстыру және көптеген іріктеу арқылы алынған. Генетикалық талдау F1 бірінші белгілері бойынша К. Гриффинг (1956) және Хейман әдісімен жүргізілген.
F2 ұрпағы инфекциялық астарда: тамыр қара шірігіне, гоммоз және солма ауруларына зерттелген. Осы ауруларға біршама төзімді өсімдік үлгілері іріктеп алынған.
1-сурет
Мақта өнімділігі көпжылдық көрсеткіштер бойынша гектарына орташа 38,0-39,0 ц құрайды.
Сорттың агротехникасы қоректендіруге талабы жоғары, кеш суаруға төзімді, ерте егуге бейім, өйткені тамыр қара шірігіне біршама төзімді, 90 х 1 : 2 х 10 егіс тізбегінде жақсы өсіп дамиды, машина теріміне қолайлы.
Ерте пісетін сорттар қатарына жатады. Пісіп жетілу мерзімі – 110-117 күн. Талшық шығымы бойынша 38,0-39,0 %, солма ауруына күшті дәрежеде шалдығуы 7,8 %-ды құрайды.
Қоза биіктігі 123-127 см, жасыл түсті.
Қозасының түктілігі аз, ұсақ түкті, жатып қалуға төзімді. Симподиалық шағы 5-6 түйінде орналасады. Жапырағы орта шамалы, бес бөлікті, жасыл.
Гүлі дақсыз.
Көсегі 4-5 қауашақты, жасыл, сопақ, сырты тегіс, піскен кезде жақсы жарылып ашылады. Шиті орташа, жұмыртқа тәріздес, орта түктілі, ұлпасы ашық-сұр түсті. 1000 шит салмағы – 116,0 грамм. Талшығы ақ түсті. Тұқымдық шитінің егіс алды дайындауы басқа ортаталшықты сорттардағы сияқты, өсімдіктердің оңтайлы орналасу жиілігі құнарлы шалғынды және сұр топырақты жерлерде гектарына 95-100 мың дананы құрайды. Құнарлылығы төмен жерлерде орналасу жиілігін гектарына 15-20 мың өсімдікке дейін арттыруға болады. Жоғары мөлшерлермен суаруға болмайды және орналасу жиілігі шектен тыс тығыз болмауы керек.
Тәжірибе алқабында жүргізілген агротехникалық іс-шаралар
Сортаңданған жерлерде шитті мақтадан жоғары өнім алу үшін агротехникалық іс-шаралар ережелерін қатал сақтау – барлық шараларды уақтылы және сапалы жүргізу керек.
Мақта егісін дұрыс және уақтылы күтіп-баптау – оның өсуі мен дамуының, жоғары және сапалы өнім жинақтаудың кепілі. Күтіп-баптау жұмыстарын әрбір ауыспалы егіс алқабында және жеке телімдерде өсімдік талаптарына толық сәйкестендіре отырып жүргізу керек.
Оңтүстік Қазақстанның суармалы аудандарында тың игеру жылдарынан кейін жыл өткен сайын топырақтың су, физикалық және агрохимиялық қасиеттері біршама өзгеруде. Бұл көрініс Мақтаарал ауданының топырақтарында да байқалады. Қысқы сор шаю және топырақты қарқынды өңдеу жұмыстары жаппай енгізілгеннен кейін дала ылғал сыйымдылығының көлемі, механикалық құрамы, көлемдік салмағы және химиялық құрамы едәуір өзгерген. Топырақтың шектік-дала ылғалдылығы тың игеру жылдарында 19 % болса, бүгінгі таңда 21,7 %-ға артып кетті. Көлемдік салмақ та артты. Ол 0-10 см топырақ қабатында орташа 1,40 құрайды. Айдалатын қабаттың механикалық құрамы да едәуір өзгерді. Қазіргі кезде сазды бөлшектерінің мөлшері (0,001 мм) 12 пайыздан 20 пайызға артты. Бұл өзгерістер аз мөлшердегі жауын-шашыннан кейін де қатқалақ пайда болуының күшеюіне алып келді. Осының себебінен де әр жылы кең көлемді алқаптарда қайта егіс жүргізуге тура келеді.
Негізгі өңдеу әдістерінің тиімділігін арттыруда, топырақ құнарлылығын жақсартуда, сондай-ақ мақта өнімділігін көтеруде агротехникалық іс-шараларды қолданудың маңызы зор.
Тәжірибелік алқапта 2011 жылы күзде жүгеріні жинап алғаннан кейін екі деңгейлі жер жыртудың орнына жердің төменгі қатты табанын бұзу мақсатында 55-60 см-ге терең қопсыту жұмыстары жүргізілді (2-сурет).
2-сурет – Топырақты терең қопсыту
Желтоқсан айының басында алқап қысқы сор шаю жұмыстарына дайындалды, бөгеттер мен уақытша суару арықтары қазылды және ақпан айының басында тәжірибе алқабында топырақтың зиянды тұздарын шаю мақсатында сор шаю жұмыстары жүргізілді (3-сурет). Сор шаюдан кейін тәжірибе алқабы ертекөктемгі топырақ өңдеу жұмыстарына дайындалды, бөгеттер мен уақытша суару арықтары қазылды.
3-сурет - Топырақтың зиянды тұздарын шаю
Алғы дақылы мақта қозасы болған нұсқасында 16-18 см тереңдікте екі ізбен чизельдеумен бір уақытта тырмалау мен сүйреткілеу (шлейфование) нәтижесінде арамшөптердің өніп шығып жатқан тұқымдары қолайсыз жағдайлар әсерінен жойылды. Тырмалаумен бір уақытта сүйреткілеудің маңызы зор, өйткені алқап тегістеледі және егіс жүргізуге, суаруды сапалы орындауға жағдай жаратылады (4-сурет).
Осы мәселелерді шешуде топырақтың сүдігер жырту нәтижесінде қалыптасқан барлық пайдалы қасиеттерін барынша сақтап қалуға тырыстық. Оған көктемде топырақты өңдеу әдістері мен құралдарын дұрыс таңдау арқылы қол жеткізілді, бұл өз кезегінде алқаптың көктем кезіндегі жағдайына қарай айқындалды.
4-сурет – Чизельдеумен бір уақытта тырмалау
Алқапты егіске дайындау бойынша жүргізілетін көптеген механикаландырылған операциялар және егіс жұмыстары топырақтың үстіңгі қабатын едәуір нығыздайды, бұл ылғалсыздануға, қоректік тәртіптің бұзылуына, арамшөптердің өсіп-дамуына алып келеді, нәтижеде бұл қозаның қалыпты өсуіне кері әсерін тигізеді.
Сондықтан екінші нұсқада көктемде ылғалдың буланып кетпеуі үшін және топырақтың нығыздалуының алдын алу мақсатында тек тырмалау жұмыстары жүргізілді.
Тәжірибелік алқапта 2012 жылдары жүргізілген негізгі агротехнологиялық іс-шаралар тізімі мен мерзімі 1-кестеде келтірілген. Барлық агротехнологиялық іс-шаралар уақтылы және сапалы жүргізілді.
Кесте 1 – Тәжірибелік алқаптағы агротехникалық іс-шаралар
№
|
Агротехникалық іс-шаралар
|
Жұмыстарды жүргізу мерзімі
|
20011-12 ж.
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Жерді 55-60 см тереңдікке терең жырту
|
27.11.11
|
2
|
ПН-3-35 соқасымен 35 см тереңдікке сүдігер жырту
|
28.11.11
|
3
|
Бөгеттер мен суару арықтарын қазу
|
05.01.12
|
4
|
Сор шаю, 2000 м3
|
18.02.12
|
5
|
Арықтар мен бөгеттерді жығу
|
29.03.12
|
6
|
Екі ізбен ертекөктемгі тырмалау, 10-12 см тереңдікте «Зиг-заг» құрылғысымен
|
04.04.12
|
7
|
18-21 см тереңдікте 1-ші чизельдеумен бір уақытта тырмалау
|
25.04.12
|
8
|
18-21 см тереңдікте 2-ші чизельдеумен бір уақытта тырмалау
|
26.04.12
|
9
|
Румындық дәл тұқымсепкішпен М-4005 мақта сортының егісі, егіс мөлшері 25 кг/га
|
25.04.12
|
10
|
1-ші қатараралық өңдеу
|
22.05.12
|
11
|
2-ші қатараралық
|
07.06.12
|
12
|
Өрмекші кенеге және мақта көбелегіне қарсы химиялық өңдеу (Ниссоран 150 г/га, Каратэ 0,5 л/га, Нурелл-Д 1,5 л/га)
|
08.06.12
|
13
|
NH4NO3 минералды тыңайтқышын енгізумен бірге және жүйек-арықшалар алумен бір уақытта 3-ші қатараралық өңдеу
|
22.06.12
|
14
|
Қозаны вегетациялық суару (гүлдеу-пісіп жетілу)
|
22.07.12
|
15
|
Механикалық шырпу
|
18.08.12
|
16
|
Авгурон-Экстра препаратымен дефолиациялау, 300 мл/га
|
30.08.12
|
17
|
Тәжірибелік алқапты жиын-терімге дайындау
|
14.09.12
|
18
|
Шитті мақтаның жиын-терімі
|
25.09.12
|
Ертекөктемгі топырақты өңдеу жерді өңдеу жүйесінің екінші бөлімі болып табылады.
Аталған жұмыстар жүргізілгеннен кейін отандық, бәсекеге қабілетті М-4005 сортының шиті 25 кг/га мөлшермен себілді.
Қатараралығындағы топырақты қопсыту оның су өткізгіштігін арттырады, қоректік заттар қорын қалыптастырады, топырақтағы ауаның аэрациясын және оттегіні қажет ететін өсімдіктер тамырларының тыныс алуын жақсартады.
Тәжірибе алқабында жалпы 3 қатараралық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Қоза азот тыңайтқышының қажетті мөлшерімен тыңайтылды.
Қатараралық өңдеу жұмыстары ең алдымен қоза үшін оңтайлы жағдай жаратуға және арамшөптерге қарсы күресуге қаратылған, осы күрестің нәтижесі оны орындау сапасына және өңдеу тереңдігіне байланысты болады.
Өнімділікті арттыруда маңызды агротехникалық іс-шаралардың бірі – қозаның ұшын шырпу. Шырпудың оң тиімділігіне қол жеткізу үшін оны уақтылы және техникалық дұрыс жүргізу керек. Шырпуды жүргізу мерзімін анықтауда ауа-райы жағдайлары, өсімдіктің өсу қарқыны, мақта сорты, құнарлылық және сумен қамтамасыз ету жағдайлары есепке алынды (5-сурет).
5-сурет – Қозаны механикалық шырпу
Қозаның ұшын шырпу нәтижесінде жоғары өнімге қол жеткізу үшін қоза ұшын шырпу жұмыстарын жаппай өнім пайда болу кезеңінде жүргізу керек. Одан ерте мерзімдерде шырпу бұтақтарының жедел өсуіне, нәтижеде өнім түзілуінің кешеуілдеуіне алып келеді. Сондықтан да осы жағдайларды болдырмау үшін тәжірибелік алқаптарда жаппай өнім пайда болу кезеңінде (18.18.11 ж.) қоза ұшын шырпу жұмыстары орындалды.
Өсімдіктің басым бөлігінде 16-18 буын пайда болған және 4-5 көсек ашылған уақытта «Авгурон-экстра» дефолиантымен 300 мл/га мөлшерімен қозаны дефолиациялау жұмыстары жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |