Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты. Күні: 25. 11. 2016ж. Тақырыбы



Дата31.12.2019
өлшемі45,5 Kb.
#55096
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты.

Күні: 25.11.2016ж.

Тақырыбы: «Менің тұңғыш президентім»

Мақсаты: 1.Қазақстан Республикасының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі.

2.Ойларын еркін айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау.

3. Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу..                                    
Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған постер, слайд шоу, суреттер.

Өту барысы:

Әнұран орындалады.

Айсара: - Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Менің тұңғыш президентім» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер. 

Елжан: -Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! 

Айсара: -Сен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

Елжан: -Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.

Айсара: -Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе? 

 Елжан: - 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал  1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.


 Айсара:- Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.

/ оқушылары шығады./

1-оқушы: Айсара

 Қазақстан дейтін менің бар елім,


 Жатыр алып жарты дүние әлемін!
 Бұл даланы анам жаспен суарған,
 Бұл далада атам қолға ту алған.
 Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
 Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
 Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2-оқушы: Айбиби

Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,


Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.

Анасындай туған ел қамқор болып,


Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.

3-оқушы: Нұрболат

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар

4-оқушы:А.Аружан

Туған жердің жайқалған алқабы егін, 


Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.

5-оқушы: Саян.

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,


Астанамен айшықталған ортасы.
 Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
 Бұның бәрі Елбасының арқасы.

6-оқушы: Фатима

Әсем сазы басталған таза ағыстан,


Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН. 

7-оқушы: Қайсар

Гүлдене бер, Отаным,


Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

8-оқушы: Ұлболсын

Шықты тарап ой-данадан,


 Бері қарап жұлдыз беті.
 Өзі қалап сайлап алған,
 Елімнің бар Президенті

9-оқушы: Елжан.

Қиялы ұшқыр , ойлы адам.

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші ,Атамыз.

Қазақ биі: «Ұлытау-Терісқақпай»


Әділет.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаяны.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Мұғалім:

- Елбасымыз туралы слайдқа назар аударыңыздар.

Елжан : Оқушы монологы «Менің Президентім»

Ерболқызы Сезім.

- Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.



Кәрім Асылдың орындауында «Бипыл» әні

Мұғалім :

-Балалар, Елбасымыздың үлгі алар жақсы қасиеттерін атап өтейік.

-Ұлтжанды

-Елін, жерін сүйетін патриот

-Жан-жақты

-Спортшы


-Мықты саясаткер

-Парасатты

-Сыпайы

-Қабілетті



-Мәдениетті

-Болашаққа жол бастаушы



Хор: Жаса Қазақстан

10-оқушы:Еркеназ

Отан деген ата- мекен,

Отан деген туған туған жер.

Отан-ана, Отан-пана,

Қазақстан туған ел.

Мұғалім: Бағанадан бері Отан,туған жер жайлы айтып жатырмыз.Ал балалар сендер осы туған жер,Отан жайлы мақал-мәтел білесіңдер ме? Қане кім біледі екен?

Ой толғаныс «Егер мен елбасы болсам...»

Бейнероликтен елбасы жайлы не білдік?

Мұғалім: Тәуелсіз елміз бірлігіміз жарасқан.Бейбітшілікте өмір сүрейік.

Тақырыбы:«Менің тұңғыш президентім»

(тәрбие сағаты)

Өткізген: Тілепбай Е.Н



2016-2017 оқу жылы



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет