Тыңдаушының өз бетінше жұмысы 1-тапсырма «Электрондық үкімет порталының функциялары. Қазақстандағы цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау» тақырыбы бойынша ICILS бағалау деңгейлеріне сәйкес тапсырма әзірлеу.
ICILS (International Computer and Information Literacy Study) - Компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы халықаралық зерттеуі(Тыңдаушыға арналған нұсқаулықты қараңыз, 14-бет)
Тапсырма. Дамир egov.kz порталынан «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет түрін пайдалып, анықтама алғысы келді. Порталға кіру үшін ЭЦҚ көмегіне жүгінді. Алайда, egov.kz порталына енгізген құпия сөзі қате болып шығып, жүйеге ену мүмкіндігі болмады. Дамир сыныптасы Сержаннан ЭЦҚ қайта жаңарту үшін порталға өтініш беру жолдарын сұрады. Сержан ЭЦҚ қайта алу үшін өтініш берудің қадамдарын айтып берді. Сержанның ұсынған ақпараттарынан кейін Дамир ЭЦҚ қайта жаңартып, ноутбугіне жүктеп алды.