Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы сабақ кепілі
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады.
Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.
Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласына – баса назар аударарлық мәселе. Баланың қызығушылық қабілеттерін дамыту «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді. Қазіргі кезде бұрын тәжірибеде болмаған жаңаша оқытудың тиімді тәсілдерін қолданып, жетістікке қол жеткізіп,оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, келе жатқанына көз жеткіздім.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды одан әрі дамыту бағытында «100 нақты қадамды» белгілеп бергені мәлім. Соның ішінде елдегі білім беру саласына да ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, 76-қадамда «ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізін¬де адам капиталының сапасын кө¬теру, 12 жылдық білім беруді ке¬зең-кезеңмен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мек¬тептегі оқыту стандарттарын жа¬ңарту. Жоғары сыныптарда жан¬басылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» делінген.
12 жылдық білім беруге көшу – неше жылдан бері ел арасында айтылып келе жатқан күрмеу қиын мәселе еді. «Енді осынша жылдан кейін 12 жылдық оқуға көшеді екенбіз, оның осындай ерекшеліктері бар екен» деп жүргенде біздің №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі де Республика көлеміндегі 30 пилоттық мектептердің қатарына енді. Күнделікті тәжірибеде жүйелі түрде жүргізілетін оқулықтың талдауы, қосымша құралдардың сараптамасы сияқты толып жатқан жұмыс барысындағы іс-шаралар арқасында 12 жылдық эксперименттік байыбына бара бастадық. Оның пайдасы мен қажеттілігін біле бастадық.
Біз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының оқулықтары арқылы оқу бағдарламасын апробациядан өткізудеміз. Сыныптарда 20 оқушыдан білім алуда. Мектепке дейін оқушылар мектепалды даярлық топтарда, балабақшаларда білім алған. Сол себепті қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне басты назарды аударамын. Мысалы, «Өрмекшінің өрмегі», «Планшет», «Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал» әдіс-тәсілдерін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдануға тырысамын. Мәселен, «Сандық заңдылықтар» тақырыбымен таныстыруда жұмыртқа қорабы мен қызыл, көк кішкене шарларды қолдану арқылы оқу мақсаттарына жеттім. Осы ресурстарды «Ондықтар мен бірліктер» тақырыбында да қолдандым. Яғни, қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды пайдалану тиімді.
«Планшет» әдісін көбінде «Блиц-турнир» өткізгенде қолданамын. «Блиц-турнирді» сабақтың қорытынды бөлімінде жиі өткіземін. Сұрақтар қою арқылы оқушының тақырыпты қалайша меңгергендігін анықтаймын.
Әрине, тәжірибе барысында осы аталған әдіс-тәсілдермен шектеліп қалмаймын. Семинарларда, коучинг сабақтарда алған тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибемде қолданамын.
Сондай –ақ іс- тәжірибемде сабақ барысында кеңінен қолданатын тиімді әдіс- тәсілдердің бірі, ол «Сыртқы және ішкі шеңбер әдісі» уақыт үнемдеуге өте тиімді. Үй тапсырмасын тексеруде 4-5 минут уақыт жұмсауға болады.
«Ысқыру диктанты» тәсілін өз тәжірибиемде көп қолданамын. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін артырады.
«Құрылысшы ойыны» өте тиімді тәсіл . Мәтін бөліктерін тез жинау.
Оқу шапшандығын , және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытудағы үлесі зор екендігіне көз жеткіздім.
«SVOT» әдісі оқушының өзін және өзге топты бағалауына өте тиімді.
Әдебиет сабағында кейіпкерлерге мінездеме беру,олардың жақсы-жаман қылықтарын ажырата білу дағдыларын арттырады.
«Көршіңмен сырлас».
Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз.
« Температура өлшеу әдісі ».
Бұл әдіс топтық жұмыс барысында мұғалім топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін бағыт береді.
«Сұраққа жылдам жауап».
Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық жауап қайтару тапсырыңыз.
Мысалы, «Мадина, Болаттың жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?»
«Болат,Әсемнің жауабын қалай толықтыруға болады?»
«Марат, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?»
«Сюжеттік кесте»
Оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін бақылау үшін сұрақтарға сәйкес төрт сөзден тұратын сөйлем құруды тапсырыңыз.
«Бес сатылы эссе жазу»
1. Тақырып бойынша негізгі идеяларды анықтап алу;
2. Кірпарақпен жұмыс;
3. Жұптық жұмыс. Қателерді анықтау;
4. Жіберілген қателерді есепке ала отырып, қалыпқа келтіру жұмысын жүргізу;
5. Сынып алдында жұмысын жариялау.
«Алфавит тізбегі»
Оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін алфавиттегі әріптерден басталатын сөздерді кезекпен атап шығу керек.
Мысалы тақырыбыңыз «Қазақстан» болса,
А- Астана
Ә-әскер
Б-бидай
В-валюта
Г-газ
Ғ- ғимараттар
«Сұрақты тауып ал» бірнеше сөйлем бір сұрақтың жауабы болады.
«Мұғалімге хат жазу»
Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады.
« Эссе жазу»
3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс- тәсілдің бірі.
«Сұхбат алу»
Ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.
«Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі
Бұл әдіс топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады.
«Логикалық тізбекті ажырату»
Бұл әдісті сабақ қорытындысын шығару кезінде қолданған тиімді.Оқушыларға тақырыпқа сәйкес негізгі сөздер тізбегін жүйелілікке келтіру тапсырылады.
«Ақпаратпен бөлісу»
1-ші оқушыда ақпараттың 50% бар. 2-ші оқушыда ақпараттың 50% бар.
Жұптар бір-бірінің ақпараттарын толықтырады. Жұптар сыныппен жұмыс жасайды.
«Шырша немесе фишбон»
Бұл стратегия оқушыларды көлемі үлкен тақырыпты бірнеше себебі мен дәлелдемесі келтірілген шағын тақырыпшаларға бөлуді үйретеді.
Осындай әдіс-тәжірибиелерді сабақта қолдану үлкен жетістіктерге жеткізеді , бала дамуында үлкен нәтиже береді.
Сабағымның бірінші күнінен бастап парталарымды топтарға бөліп орналастырып қойдым. Оқушыларым сабаққа келген кезде парталардың өзгергенін көріп таңқалды. Сол күннен бастап сабақтарымды қызықты әрі оқушыларға жан- жақты жұмыс жасауға тиімді жақтарын қарастырдым. Әсіресе топпен жұмыс жасағанда жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отыра көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастырдым. Мысалы, топтық жұмыс, топ ішіндегі жұптық жұмыс, жеке дара жұмыс.
Менің пікірімше сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да осындай нәтиже күткен едік. Дәстүрлі өткізіп жүрген сабақтарды салыстыра отырып, жаңаша тәсілде өткен сабақтан мынадай айырмашылықтарды таптым.
Дәстүрлі сабақ үрдісінде — өзімнің әдістерім, яғни, мұғалім әрекеті.
1.Тақырыпты түсіндіремін.
2. Кейіпкерлер туралы мінездеме бере отырып меңгертемін.
3. Шығарманың идеясын анықтап беремін, талдаймын.
4. Шығарма жазуды тапсырамын
Оқушының әрекеті :
1.Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
3.Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.
Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ үрдісінде өзімнің іс-әрекетім.
1.Топқа бөліп, ой қозғадым.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.
3.Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым.
4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.
5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.
Оқушы белсенділігі:
1.Топтарда жұмыс жасады.
2. Мәтінмен өздері танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады.
4. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.
Мен осы бағытта жұмыс жасап келемін. Сол жұмыстарымның бірі мектепшілік ашық сабақтар, аудандық семинарларда өткіздім. Сонымен қатар Халықаралық, республикалық, облыстық интернет конференцияларға жиі қатысып қатысушы куәліктерінде алып жүрмін.
Осындай жаңа технологияларды тиімді қолданып құрылған жаңа форматтағы сабақтарым республикалық «Бастауыш сынып», «Бастауыш білім», «Педагогика мәселелері», «Бастауыш сыныпта барлық пәндер бойынша оқыту», «Бастауыш сыныпта оқыту» атты журналдарға сабақтарым мен баяндамаларымды жарияладым.
Осындай жаңа әдіс-тәсілдерді жаңа форматта жоспарлап, жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, сабақ беріп, ұстаздар арасында іс-тәжірибені бөлісіп жүрген, жаңашылға бет бұрған, ұстаздардың бірімін деп ойлаймын.
Көкшетау қаласы
№15 жалпы білім беретін негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Маемирова Тазагүл Бақытқызы
Достарыңызбен бөлісу: |