Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет2/13
Дата25.08.2017
өлшемі2,74 Mb.
#27608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік бiлiм берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды.


      2. Техникалық және кәсіптік бiлiм негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында, училищелерде, колледждер мен жоғары техникалық мектептерде алынады.
      3. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының алдында мынадай мiндеттер тұр:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) білім алушылармен кәсіби бағдарлану жұмыстарын қамтамасыз ету;
      3) теориялық оқыту, өндірісте оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамыту;
      4) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытында бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;
      5) техникалық және кәсіптік бiлiм беру жөніндегі білім беру бағдарламалары мен өндірісті ықпалдастыру.
      4. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
      5. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.

2. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің тәртібі



      6. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары «Білім туралы» Заңда, осы Үлгілік қағидалар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруда дербес.
      6-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, кәсіптік және техникалық білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.19 № 1332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.19 № 1332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.
      8. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
      Оқу-тәрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымының басшысы бекітеді.
      Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарының есебі теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      Әскери мамандықтар бойынша даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие процесін тиісті мемлекеттік органның басшысы бекіткен нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес ұйымдастырады.
      9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары әзірлейді.
      Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес әзірленеді.
      10. Тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қол жеткізу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін жекелеген кәсіптер мен мамандықтардан басқа).
      Әскери мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
      11. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
      12. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының түрі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 108 қаулысында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      14. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және  қорытынды аттестаттау «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      15. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      16. Техникалық және кәсіптік бiлiм берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.
      Білім алушыларға толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді.
      Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің кестесіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
      Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға жол беріледі.
      Білім алушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін 2 қосарланған сабақтан кейін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс көзделеді.
      17. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      18. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында оқу сабақтары дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар (курстық және дипломдық жұмыстар) және практикалар түрінде өткізіледі.
      19. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу топтары құрылады.
      Техникалық және кәсіптік бiлiм беретін оқу орындарында оқу топтары оқытудың күндізгі нысанында мамандықтар бойынша - саны 25 адамнан артық емес (әскери мамандықтар бойынша 30 адамға дейін), сыртқы, кешкі оқыту нысанында кемінде 15 адамнан жинақталады.
      Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшеліктеріне қарай білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі.
      20. Тізбесі оқу жоспарларына сәйкес анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде, оның ішінде дене тәрбиесi мен жекелеген пәндер бойынша, шеберханаларда (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту кезінде оқу топтарының саны 13 адамнан артық емес кіші топтарға, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында клиникалық пәндер бойынша саны 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлiнедi.
      21. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының білім беру процесінің қатысушылары білім алушылар, педагог қызметкерлер мен ата-аналар және кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.
      22. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар жатады.
      23. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.
      24. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарының және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдардың тізбесі негізінде айқындалады.
      25. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      26. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне байланысты оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.
      Бөлімдер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.
      27. Бөлімге басшылықты техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.
      Бөлім меңгерушісі:
      1) бөлімдегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды;
      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;
      3) білім алушылар үлгерімінің есебін ұйымдастыруды;
      4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;
      5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;
      6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;
      7) бөлім бойынша жұмысты есепке алуды және есептілік беруді қамтамасыз етеді.
      28. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында (Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) бөлімдер:
      1) оқытудың күндізгі нысанында бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы;
      2) оқытудың сырттай, кешкі нысандарында кемінде 100 білім алушы болған кезде құрылады.
      29. Білім алушыларды өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылады.
      Өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау тауарлар (жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.
      Әскери мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың лауазымы бойынша міндетін атқарудағы практикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру мақсатында әскери тағылымдамадан өтуді ұйымдастырады.
      30. Кәсіптік практиканы өткізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары шарттық негізде практикалар базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен келісілген практиканы өткізудің бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.
      Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар «Білім туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 582 бұйрығымен бекітілген кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны негізінде жасалады.
      31. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне байланысты жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.
      Оқу-өндірістік шеберханалар:
      1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
      2) білім алушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
      3) өнім шығаруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құрылғыларды, зертханалар мен кабинеттер үшін көрнекі құралдар мен аспаптарды дайындау, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;
      4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.
      Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша(оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) әртүрлі зертханалық-практикалық сабақтар мен ауыл шаруашылық жұмыстарының түрлері өткізіледі.
      Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, әртүрлі өзі жүретін машиналарды жүргізу, әртүрлі жабдықтар мен тетіктерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
      32. Оқыту шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында оқу-өндірістік жұмыстарды орындау бойынша тізбені, мазмұны мен талаптарды кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары айқындайды.
      33. Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және ұйымдарда өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен ұйымдастырылады.
      34. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаларында жүзеге асырылады.
      35. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
      Білім беру ұйымының басшысы «Білім туралы» Заңда белгіленген тәртіппен:
      1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
      2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
      3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
      4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу және тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
      5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады.
      Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
      36. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы тәртіппен бес жылда бір рет өткізеді.
      Құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2014.12.19 № 1332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді.
      38. Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады.
      Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
      Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымының алқалық органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің      
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен   
бекітілген      

Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншiк нысандарына қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды.


      2. Орта білімнен кейінгі білімді жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында алады.
      Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны:
      1) кәсіптік оқу бағдарламаларымен қатар жоғары білімнің 1-2 курстарының кәсіптік оқу бағдарламаларымен кіріктірілген әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін оқытуды;
      2) оқыту аяқталғаннан кейін қызмет көрсету және басқару ісінің кіші маманы біліктілігін беруді көздейді.
      3. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарының алдында мынадай мiндеттер тұр:
      1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) білім алушылардың кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету;
      3) жалпы оқыту, жұмыс орнында оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әрбір адамға білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмек беретін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту.
      4. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырады.
      4-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.19 № 1332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2014.12.19 № 1332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары күндізгі нысан бойынша оқитын тиісті контингент болған жағдайда негізгі түрі колледж, жоғары техникалық мектеп болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады.

2. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары қызметінің тәртібі



      6. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидалар мен орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының жарғысында белгіленген шекте оқу және тәрбие процестерін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржылық-шаруашылық және басқа да қызметте дербес.
      7. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.
      8. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
      Оқу-тәрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
      Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмысының есебі теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
      9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары әзірлейді және олар жұмыс берушілермен келісіледі.
      Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары тиісті білім деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
      10. Тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қол жеткізу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі, сырттай оқу (Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарынан басқа).
      11. Орта білімнен кейінгі ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 174 қаулысымен бекітілген Орта білімнен кейінгі бiлiм берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес белгіленеді.
      12. Білім алушыларды:
      1) бір орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымынан екіншісіне;
      2) бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқыту нысанынан екіншісіне;
      3) бір орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымында ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
      Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Білім беру ұйымдарының түрі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      14. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      15. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы 1 қыркүйекте басталады және оқу процесінің кестесіне сәйкес аяқталады.
      Білім алушыларға толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде кемінде 2 апта демалыс белгіленеді.
      Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің кестесіне және оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
      Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі.
      16. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа да нысандары түрінде өткізіледі.
      17. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу топтары құрылады.
      Орта білімнен кейінгі ұйымдарда оқу топтары мамандықтар бойынша күндізгі оқыту нысанында 25 адамнан аспайды, сырттай, кешкі оқыту нысандарында кемінде 15 адамнан жинақталады.
      Орта білімнен кейінгі ұйымдарда кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшеліктеріне қарай білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі.
      18. Тізбесі оқу жоспарларына сәйкес айқындалатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесi мен жекелеген пәндер бойынша сабақтарды өткізу, шеберханаларда (оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту кезінде оқу топтары саны 12-13 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлiнедi.
      19. Орта білімнен кейінгі ұйымдардың білім беру процесіне қатысушылар білім алушылар мен ата-аналар, педагог қызметкерлер мен кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.
      20. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда бiлiм алушыларға студенттер, курсанттар жатады.
      21.Орта білімнен кейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлерге орта білімнен кейінгі ұйымдарда, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқытумен тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.
      22. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі негізінде айқындалады.
      23. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      24. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында, қажет болған жағдайда одан басқа тыс жерде мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне байланысты оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.
      Бөлімдер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.
      25. Бөлімге басшылықты орта білімнен кейінгі ұйым басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.
      Бөлім меңгерушісі:
      1) бөлімдегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды;
      2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;
      3) білім алушылар үлгерімінің есебін ұйымдастыруды;
      4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;
      5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;
      6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;
      7) бөлім бойынша жұмысты есепке алуды және есептілік беруді қамтамасыз етеді.
      26. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда (Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарынан басқа) бөлімдер:
      1) оқытудың күндізгі нысанында бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы болған;
      2) оқытудың кешкі, сырттай нысандарында кемінде 100 білім алушы болған кезде құрылады.
      27. Білім алушыларды өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылады.
      Өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау тауарлар (жұмыстар және қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.
      28. Кәсіптік практиканы өткізу үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары шарттық негізде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) практиканың базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен келісілген практиканы өткізудің оқу бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.
      29. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беретін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері.
      Оқу-өндірістік шеберханалар:
      1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
      2) білім алушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
      3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құрылғыларды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптарды дайындауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;
      4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.
      Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы (оқу шаруашылығының егістіктері мен фермаларында) технологиялары бойынша зертханалық-практикалық сабақтар мен ауыл шаруашылық жұмыстарының түрлері өткізіледі.
      Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, әртүрлі өзі жүретін машиналарды жүргізу; әртүрлі құралдармен және тетіктермен қызмет көрсету және оларды пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
      30. Оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында оқу-өндірістік жұмыстарды орындау бойынша тізбені, мазмұны мен талаптарды кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары айқындайды.
      31. Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және ұйымдарда өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен ұйымдастырылады.
      32. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
      33. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
      Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
      1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
      2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
      3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
      4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
      5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
      6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады.
      Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      Орта білімнен кейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді.
      Орта білімнен кейінгі ұйымдарда жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді.
      34. Білім алушыларды оқытумен тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады.

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің      
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен   
бекітілген      


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет