1) анайы жіктеу есімдігі, 2) сыпайы жіктеу есімдігі.
Анайы жіктеу есімдіктері: мен, сен.
Сыпайы жіктеу есімдіктері: біз, сіз.
2. Сілтеу есімдігі.
§23) Сілтеу есімдігі дегеніміз бір нәрсені көрсеткенде айтылатұн сөздер; мәселен, жақын нәрсені көрсеткенде «осы», «бұл», «мынау» дейміз. Алыс нәрсені көрсеткенде «сол», «анау» дейміз. «Осы», «бұл», «мынау», «сол», «анау» деген сөздер сілтеу есімдігі болады.
Сілтеу есімдігініңде жалғыз жалғаулары ғана өзгеріліб қоймайды, өздері де өзгеріңкірейді.
3. Сұрау есімдігі.
§24) Сұрау есімдігі дегеніміз біреуден бір нәрсе тұуралы сұрағанда айтылатұн сөздер. Адам тұуралы сұрасақ «кім?» дейміз; басқа заттар тұуралы сұрасақ «не?» дейміз; қай нәрсе екендігін сұрасақ, «қайсы?» дейміз; нәрсенің сыны тақырыбты сұрасақ «қандай?» дейміз; нәрсенің дәл санын сұрасақ, «нешеу?», «неше?» дейміз; нәрсенің дәл саны емес, шамасын сұрағанда «қанша?» дейміз; нәрсенің қатарда нешінші екенін сұрасақ «нешінші?» дейміз. Мезгіл тұуралы сұрасақ, «қашан?» дейміз. «Кім?», «не?», «қайсы?», «қандай?», «нешеу?», «неше?», «қанша?», «нешінші?», «қашан?» деген сөздер сұрау есімдігі болады.
4. Шектеу есімдігі.
§25) Шектеу есімдігі дегеніміз нәрсенің шегін айта сөйлегенде айтылатұн сөздер, мәселен, бәрі, барша, өз.
«Әр» деген сөз өзі шектеу жана басқа сөздерге де қосылыб шектеу есімдігінің орнына жүреді, мәселен, әр кім, әр бір, әр қайсысы жана басқа сондай сөздер.
5. Танықтау есімдігі.
§26) Танықтау есімдігі дегеніміз нәрсенің жоқтығын немесе анық белгілі еместігін, болмаса түгел еместігін көрсеткенде айтылатұн сөздер, мәселен, еш кім, еш деме, дәнеме, еш бір – бұлар жоқтықты көрсетеді; кей, қайсы бір – бұлар нәрсенің түгел еместігін көрсетеді. Біреу, әлде кім, әлде не анық белгілі еместігін көрсетеді.
Еш кім, еш деме, дәнеме, біреу, әлде кім, әлде не деген сөздердің есімдерше жалғаулары ғана өзгереді.
Жалғаулар.
§27) Жалғаулар есімдіктердің түрлісіне түрліше жалғанады. Мәселен, жіктеу есімдігін себтеуге де, жіктеуге де болады, бірақ тәуелдеуге келмейді. Жіктеу есімдігі тәуелдеуге жана тәуелді қалпында ғана себтеуге, жіктеуге келеді. Танықтау есімдігі тәуелді қалпында да тегіс келмейді. Мыйсал үшін түрлі есімдіктерді алыб жалғаулайық.
Достарыңызбен бөлісу: |