Жалқы есімдер: Ахмет, Атымтай, Атығай, Қызылжар, Семей, Қырым, Қытай.
Жалпы есімдер: кісі, еркек, қала, дала, ел, жұрт, ұлт, өлке, падшалық.
2) Дағдыландырыу. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі жалқы һәм жалпы есімдерді айыртыу.
Сайым ұлы Қараман! Қазанға кетіб барамын. Қобыланды батыр дем алыб, алдыңғы жаққа қарады: көз ұшында бір адам шауыб өтіб барады. Боқанға келді «Ар ма?» деб, «Алдыңда кісі бар-ма?» деб. А, Жанақ! Тіймей отыр қышығыма! Найманның кім жетеді ұшығына? Жыйылыб тамам арғын тең келер-ме бір үйлі Тоқа байдай пұшығыма? Байлыққа кім тұрғанда Досан тұрған, қасында Байжан, Сыман қоса тұрған; қорадан он төрт мың қой бірден өрген, Аламан шенен шыққа Асан тұрған; шабса қылыш өтбейтүн Мұсам тұрған; маған неге сөйлейді осы ант ұрған? Еділ қатса, кім өтбес; Едіге өлсе, кім кетбес. Атаң жаман кісі еді: ат бергеннің құлы еді; анаң жаман кісі еді: Мәскеуден келген күң еді. Ыстамбұл падша болсаң-да Құддыс, Шамға, Бұхар мен хүкім етсең-де Хүндүстанға, Ағылшын, Қытай, Йапон, Рұмды алыб, дін түзеб, әмір етсең де бұл жыйһанға, тұтсаң-да жеті ықылымның бәрін тегіс, кірерсін ақыр бір күн көрстанға. Есебсіз бай болсаң-да Қарымбайдай, сахый боб мал шашсаң-да Атымтайдай, падшадай Әмір Темір дін түзетіб, болсаң-да әйдік батыр Арыстандай, болсаң-да Жійреншедей тілге шешен, Ақырда жатар орның тар лақат жай.
Сұраулар.
§3) Зат тұуралы екі түрлі сұрау бар: адам тұуралы «кім?» деб сұраймыз, басқа заттар тұуралы «не?» деб сұраймыз.
Атаулар.
§ 4) Зат есімде екі атау бар: 1) жекеше, 2) көбше.
Жекеше атау нәрсенің жеке күйіндегі есімінің аты, мәсалан: ата, дене, омырау, белбеу, ой, үй, сырнай, керней, ашыу, шыны, қаз, құнан, айақ, шелек.
Көбше атау нәрсенің көб күйіндегі аты, мәселен: аталар, денелер, омыраулар, белбеулер, ойлар, үйлер, сырнайлар, кернейлер, ашыулар, шынылар, қаздар, құнандар, айақтар, шелектер.
3) Дағдыландырыу. Төмендегі сөздерді жекеше атаудан көбше атауға көшіртіу.
Кісі, адам, жан, тас, шаш, маңдай, мый, желке, бет, жүз, көз, кірпік, қас, мұрын, танау, ауыз, ерін, тіл, тіс, мұрт, таңдай, тамақ, өңеш, жақ, құлақ, самай, ійек, сақал, кеуде, қабырға, арқа, тері, өкпе, бел, ійін, айақ, тізе, іні, шөб, арпа, бійдай, тары, сұлы, жүгері, жұуа, шійе, қайың, жөке, ожау, айақ, табақ, қар, жаңбыр, саз, балшық, бійе, құлын, айғыр, қошқар, бызау, үйрек, торғай, үкі, ійтелгі.
Достарыңызбен бөлісу: |