Тіл білімімен байланысы


Екіншіден, әр автор синтаксистің кез келген саласын жеке-дара қарастырды, сондықтан оқыту әдістемесіне сай жүйелілік болмады. Үшіншіден



бет8/16
Дата11.01.2022
өлшемі64,79 Kb.
#129211
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
урок №4 Движение растений. 7 кл, Байғожаева Қырмызы хим био Цитоология СРС 5 .
Екіншіден, әр автор синтаксистің кез келген саласын жеке-дара қарастырды, сондықтан оқыту әдістемесіне сай жүйелілік болмады.

Үшіншіден, қарастырып отырған жай сөйлемді оқытудың мәселелері әдістемелік тұрғыдан емес, лингвистикалық тұрғыдан сөз болды.

Төртіншіден, сөз болып отырған мәселелер шашыраңқы болғандықтан, оқытуға қажетті негізгі әдіс-тәсілдер айқын аңғарылмады.

Осы уақытқа дейінгі оқыту мәселесіне байланысты жарияланған үлкенді-кішілі еңбектер мен ірі монографиялар бастауыш кластар мен орта мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиетінің әдістемесін сөз етіп келді. Ал жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілін оқыту, әсіресе мемлекеттік тіл тәрбиесіне сай деңгейде жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы меңгерту, үйретуге қатысты жазылған арнайы зерттеулер аз болды.

Дегенмен, қалай болғанда да, бұл еңбектер жай сөйлем синтаксисін оқыту барысында мұғалімдерге көмекші құрал болып, осы салада жаңа көзқарастардың қалыптасуына себін тигізді; зерттеуді неден, қалай бастау керектігіне бағыт сілтеді; жол ашты, жалпы осы мәселенің өзекті жақтарын табуға көмектесті.

Сол сияқты құрмалас сөйлемді оқыту мәселесі де 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басынан бастап қолға алына бастады. Құрмалас сөйлемдерді оқытуға қатысты біршама еңбектер жарық көрді: Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту тәжірибелерінен. – Алматы. 1957. Мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері. – Алматы. 1959, 1961. Ә. Хасанов. Синтаксис пен пунктуацияны оқыту жолдары. – Алматы. 1957. М. Мырзатаева. Құрмалас сөйлемді оқыту тәжірибемізден. – Алматы. 1957. Х. Арғынов. Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы. – Алматы, Мектеп, 1964. Х. Арғынов. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. – Алматы. 1969. С. Қазыбаев. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері. – Алматы, 1969. Б.Құлмағамбетова. Құрмалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері. – Алматы. 1963. Қазақ тілі сабақтас құрмалас сөйлемдерін оқытудың тиімді әдістері. – Алматы. 1971. О. Байқуатова. Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту. – Алматы. 1977. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері. Методикалық жинақ. – Алматы, Мектеп, 1982.

Бұларда негізінен, құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырату, оларды оқытудың тиімді жолдары, пунктуация, тыныс белгілерін оқыту, схема, таблицаны қолдану, құрмаластың жай сөйлемнен айырмашылығын түсіндірудің әдістері, өз бетімен жұмыс істеу тәсілдері т.б. мәселелер қарастырылды.

Жалпы құрмалас сөйлем синтаксисін оқытуға байланысты пікір қосқан тілшілер, мұғалімдер, ғалымдар қатарына Х.Басымов, С.Жиенбаев, Х.Арғынов, Б.Құлмағамбетова, Қ.Әубәкіров т.б. жатады.

Бұл мәселе төңірегінде қаншама еңбектер шығып жатқанымен, олар құрмалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелерін ғана қамтыды. Сондықтан синтаксисті оқытуды жан-жақты зерттеу – алдағы тұрған басты міндеттердің бірі. Өйткені синтаксис – ең бастысы адам ойын толық жеткізуге мүмкіндік беретін сөйлем туралы ғылым. Сөйлем – синтаксистің ең күрделі единицасы бола келіп, адамдардың бір-бірін түсінуге, тілдік қатынастың толық жүзеге асуына мүмкіндік береді. Ол – коммуникативтік процестің ең басты құралы және алғышарты. Тілдік қатынастың қамтамасыз ететін қатысымдық тұлғалардың ең маңыздысы – мәтін-сөйлемнің негізінде құрастырылатын тұтас бірлік.

Қазақ тілі синтаксисі методикасының зерттелуіне елеулі үлес қосқан методист ғалым – Х. Арғынов. Ол құрмалас сөйлемді оқыту мәселесіне арнап докторлық диссертация қорғады және «Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері» атты еңбегін жазды. Әдіскер-ғалым бұл кітапта өзіне дейінгі шыққан мақалалар мен әдістемелік оқулықтардың баршасына тоқтала келіп, соларда жіберілген басты-басты кемшіліктерді толықтыруға тырысқан.

Автор алдымен әдістемелік зерттеуге қатысты сол сабақтан (пәннен) берілетін білім көлемі мен оқытудың жүйесін, мазмұнын анықтап алып, содан соң оқыту әдістерін, сабақтың жүргізілу ерекшеліктерін, синтаксистен берілетін теориялық білім мен практикалық дағдыны игерудің методикасын саралап көрсетеді. Х. Арғыновтың аталмыш еңбегі, оның тараулары, тақырыптық атаулары мен өзінен кейінгі баспа бетінен шыққан бірқатар еңбектерге арқау болып, зерттеу объектілерін анықтау мен нақтылауда үлгі ретінде танылды.

Қазақ тіл білімінде «коммуникатив» терминін қолданбағанымен, кейбір тілшілер, оны бірде негізгі, бірде қосалқы мәселе түрінде сөз етіп отырды. Мысалы, Х. Арғынов оқушыларға жай сөйлем синтаксисінен теориялық және практикалық дағды берудің методикасын қарастыру барысында ең алдымен кіріспе сабаққа ерекше мән береді де, бірінші сабақтың жүйелі, ынталы, түсінікті болуын қалайды: «Оқушыларға қазақ тілінің белгілі бір саласынан жүйелі терең білім беру үшін, алдымен тілдің сол саласы жайында бас-аяғы жинақталған қысқаша түсінік берудің мәні зор. Себебі, ...біріншіден, оқушылар оқытылайын деп отырған курстың мақсаты мен мәнін саналы ұғады; екіншіден, ...өтілетін оқу материалдарын білуге олардың ықыласы мен ынтасы артады» (Арғынов, 1969: 8),- дей келіп, автор оқушы мен оқытушы арасында материалға қатысты ең бастысы тығыз қарым-қатынас орнауын, өзара түсіністік болуын тілейді. Тілдік коммуникацияның басты шартының өзі осы.

Сонымен қатар автор «қазақ тілінде өз ойын дұрыс айтып, я жазып бергісі келген адамға қазақ тілі синтаксисін білу – ең негізгі, ең басты шарт» (Арғынов, 1969: 10),- деп атап көрсете келіп, өзара түсінудің басы ойды дұрыс жеткізе білуден басталатындығын атап өтеді.

Х. Арғыновтың 1964 ж. «Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы», 1967ж. «Жай сөйлем синтаксисінің методикасы», 1960ж. «Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері» атты еңбектері жарық көрді.

Фонетиканы оқыту мәселесіне байланысты Ш. Х. Сарыбаевтың 1956 ж. Алматы қаласында Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасынан шыққан «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» кітабын, сол сияқты орфография мен сөз таптарына қатысты 1959 ж. шыққан «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты еңбегін айтуға тиіспіз.

Ш.Х. Сарыбаевтың екі бөлімнен тұратын бұл еңбегі дыбыстау мүшелерін, дыбыстарды, дауысты және дауыссыздарды, дыбыстардың классификациясын (жіктелуін) оқыту жолдарына, сондай-ақ орфографиялық принциптерге, осы принциппен жазылған сөздердің емлесін үйретуге, емле түрлеріне, кейбір емлелік тақырыптарды үйретудің әдістемесіне, буын мен тасымалдың жазылуына; сондай-ақ бақылау диктантының мәтініне қатысты пікір айтып, талдау жасайды.

Ш.Х. Сарыбаев «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты еңбектерінде (I бөлім және II бөлім) фонетикаға, морфологияға (соның ішінде етістік), орфографияға қатысты оқыту мәселелерін сөз ете отырып, сөйлеу тіліне ерекше мән береді. Жалпы пәнді және тақырыпты терең үйретудің, тез меңгерудің бірден-бір жолы ұстаздың сөйлеу тіліне, ауызша айта білу, түсіндіре білу ерекшелігіне ден қою деп ойлайды. Мысалы: «...кітаптардың сөздерін мұғалім алдымен сөйлеу тілімен түсіндіру керек. ...сөйлеу тіліміз кітаптағы пікірге ұғуға қарсы болу үшін айтылмай, қайта сол жазудағы пікірді ұғуға жеңілдік келтіру үшін керек болып шығады. Басқаша айтқанда, осындай әдістің өзі жеңілден ауырға қарай оқу керек деген ережеміздің бір түрі болып табылады (Сарыбаев, 1956б: 5).

Демек, қатысымдық мәселелер қай кезде де оқыту саласымен қатар сөз болып келеді. Оның сөйлеу тілі сияқты басты жақтары ертеден қалыптасқан, ол – уақыт өткен сайын жүйеге түсе беретін тілдік қарым-қатынастағы қажетті салалардың бірі.

Морфологияға қатысты, оның ішінде сөз таптарын оқыту әдістемесін сөз еткен – Ш.Х. Сарыбаев. Қадап айтқанда тілші-ғалым етістіктерді, оның басты категорияларын оқыту мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, зат есімді, сын есімді, сан есімді, үстеуді, шылауды оқытуды 50-жылдардың ішінде зерттеп, нақты пікір білдірді.

Дыбыстар мен олардың ерекшеліктерін оқыту тіл ғылымында маңызды мәселелердің қатарынан орын алатыны анық. Әсіресе, бұл ғылымның ішінде бастауыш мектепте фонетиканы оқыту мәселесіне байланысты қазақ тіл білімінде көптеген еңбектер жарық көрді: Ғ. Бегалиев. Бастауыш мектептегі қазақ тілі методикасы. – Алматы, 1940. Ә. Садуақасов. Қазақ тілінен методикалық құрал. 2-кл. – Алматы, 1941. Р. Әміров. 1-класта қазақ тілін оқыту. – Алматы, 1962. Д. Әлімжанов, Ы. Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. –Алматы, 1965. И. Ұйықбаев, Д. Әлімжанов, Б. Кәтембаева, А. Ошқаров. Қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы, 1969.

Біз тек солардың арасынан тілдік қарым-қатынас пен қатысымдық құбылысқа не тікелей, не жанамалай әсер еткен еңбектерге ғана азды-көпті тоқталдық. (Оразбаева және т.б., 2020)

Қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты орфографияны оқытудың дидактикалық принциптері мен әдістері туралы тіл дамыту жұмыстары жөнінде, дағдыны қалыптастырудың лингвистикалық, әдістемелік жолдары туралы филолог-тілші, ғалым Қ. Жолымбетов жазды (1974).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет