Тіл білімімен байланысы



бет9/16
Дата11.01.2022
өлшемі64,79 Kb.
#129211
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
урок №4 Движение растений. 7 кл, Байғожаева Қырмызы хим био Цитоология СРС 5 .
ҚорытындыСонымен, қазақ тілін оқыту әдістемесінің жеке сала ретінде қалыптасу тарихы он тоғызыншы- жиырмасыншы ғасырларды қамти келіп, тіл білімінің негізгі салаларын сапалы меңгертудің басты-басты мәселелерін анықтауға ықпал етті. Ол тілдің ғылыми-теориялық қағидаларына негізделген әдіс-тәсілдердің қалыптасуына, дамуына, қазіргі технологиялардың іске қосылуына игі әсер етті.

Айтылған ой-пікірлер мен тұжырымдардан оқулық сапасына қатысты мынадай түйінге келуге болады.

Оқулық бойынша қазақ тілін үйретудің ерекшелігі – берілген материалдарды басты бір қағидаға бағындыру және жұмысты ортақ тақырып төңірегіне топтастыру. Содан соң белгілі бір тақырып бойынша ойды түсінікті жеткізе білуге, үйретуге қатысты әдіс-тәсілдерді, амалдарды жеңілден күрделіге қарай жинақтап беру білім сапасын арттырады. Айталық қазақ тіл білімінің жекелеген салаларын оқыту әдістемесі қарқынды зерттеле түсті (Бақбергенова Р., 2020), (Рауандина, Бабажанова, 2020).

Сонымен қатар грамматикалық материал мен лексикалық тақырыптың қатар ұсынылып, орындалатын жұмыстардың осы тақырыпты меңгеруге қызмет етуі жақсы нәтиже береді. Оқыту барысында әр сабақтың мақсат-міндеті анықталып, назар аударуға тиісті заңдылықтар бөлініп берілсе, ол оқушының жадында тез сақталады (Оразбаева, 2020).

Оқулықта жаттығу жұмыстары мол және түрліше мақсаттарды көздегені дұрыс. Грамматикалық материал мен лексикалық тақырыпты бекіту үшін орындалатын жаттығу мен тапсырмалардың арасында байланыс болып, соған қатысты грамматикалық жаттығулар беріліп, сабақ тақырыбының түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы бекітілуі оң нәтижеге жеткізеді.
4. Методика дегеніміз не?

Методика (әдістеме) — метод, гректің тetodos деген сөзінен шыққан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді.
5. Қазақ тілі методикасы нені зерттейтін ғылым?

Қазақ тілі әдістемесі — ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.

Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды.

Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал; 2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет