Мақала болатбекова аянат



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі20,31 Kb.
#185356
  1   2
Байланысты:
МАҚАЛА


МАҚАЛА
БОЛАТБЕКОВА АЯНАТ
ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ.
МАҚСАТ-МІНДЕТІ:БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ.ПЕДАГОГИКА ТҰРҒЫСЫНДА ТАЛАПТАРДЫ ДҰРЫС ҰСТАНУ.
АҢДАТПА. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – БҰЛ МАМАНҒА ЖҮКТЕЛГЕН ІСТІҢ НӘТИЖЕЛІ ТҮРДЕ ОРЫНДАЛУЫН БАҒАЛАУ. БҰЛ – МҰҒАЛІМНІҢ БОЙЫНДА ЖАУАПКЕРШІЛІК, МӘСЕЛЕНІ ӨЗДІГІНЕН ШЕШЕ АЛАТЫН, АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТІ МОЛ, ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ, ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРЕ АЛАТЫН, ҰЖЫМДА ЖҰМЫС ЖҮРГІЗЕ БІЛЕТІН, БЕЛСЕНДІЛІК ҚАСИЕТ-ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ БОЛУЫ. МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ. НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА ЖАҢА КӨЗҚАРАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ, ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН ҮНЕМІ ДАМЫТЫП ОТЫРУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ. БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ҚОҒАМ ТАЛАБЫ – ОЙЫ ЖҮЙРІК, АҚЫЛЫ ТЕРЕҢ, БӘСЕКЕГЕ ІЗДЕНУШІ, ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ. 
ТҮЙІНДІ СӨЗДЕР. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕР, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАП,МҰҒАЛІМ,БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ,ТАЛАПТАР.
КІРІСПЕ. ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНДА «ҰСТАЗ ТАЛАНТТЫ БОЛСА ШӘКІРТІ ТАЛАПТЫ БОЛАДЫ» ДЕП БЕКЕР АЙТПАСА КЕРЕК. МҰҒАЛІМ ӨЗ ІСІНЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКТІ ОҚУШЫҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН ҰШТАСТЫРА АЛҒАНДА ҒАНА ШЫН МӘНІНДЕГІ МҰҒАЛІМ БОЛМАҚ. КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ МҰҒАЛІМНІҢ ӨЗІН ЖАН-ЖАҚТЫ КӨРСЕТУІ, ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУДЫҢ, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ КЕҢ АУҚЫМЫН БЕРЕДІ. СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРҚЫНДЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА. БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ – ОЛ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. МҰҒАЛІМ ҮНЕМІ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ҒАНА ЗАМАН ЖӘНЕ КӘСІП ТАЛАБЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕ АЛАДЫ. МҰҒАЛІМ АДАМНЫҢ РУХАНИ ЖАН ДҮНИЕСІНЕ ҮҢІЛЕ БІЛУІ ТИІС. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨНЕР, ОЛ ДАНАЛЫҚТЫ ЖҮРЕКТЕН ҰҒА БІЛУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Негізгі ой.МҰҒАЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТАЛАПТАРЫ – БАЛАЛАРҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІГІ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЙСІГІ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ, БАЛАЛАРҒА ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ САЛАСЫНДАҒЫ АРНАЙЫ БІЛІМНІҢ КЕҢ ТАРАУЫ, ЖАЛПЫ МӘДЕНИЕТ ПЕН МОРАЛЬДІҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІ, БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТҮРЛІ ӘДІСТЕРІН КӘСІБИ МЕҢГЕРУІ. БАРЛЫҚ ОСЫ ҚАСИЕТТЕР ТУА БІТТІ ҚАЛЫПТАСПАЙДЫ. БҰЛ ҚАСИЕТТЕР ЖҮЙЕЛІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ МҰҒАЛІМНІҢ ІЗДЕНІСІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСАДЫ.



ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ МҰҒАЛІМДЕР МЕН ОҚУШЫЛАР ҚАРСЫЛЫСТАР ЕМЕС, ҚАТЫСУШЫЛАР. ОЛАР ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТА БОЛАДЫ. БІРАҚ БҰЛ ЫНТЫМАҚ ТАРТЫССЫЗ БОЛА БЕРМЕЙДІ. ОҚУШЫЛАР ӨЗІНДІК ТІРШІЛІК, МҮДДЕЛЕРІМЕН ӨМІР СҮРЕДІ, ОЛАРДЫ БІЗДІҢ ОҚУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ТАЛАПТАРЫМЫЗҒА, АЛДАҒЫ АЛШАҚ ЖАТҚАН МАҚСАТҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕУІ МҮМКІН. ОҚУШЫЛАР ҮШІН ОҚУ МЕН ТӘРБИЕ КӨПТЕГЕН ТАЛАПТАРМЕН, ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАРМЕН, ШЕКТЕЛУЛЕРМЕН Т.С.С. БАЙЛАНЫСТЫ. ОЛАР ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТЕДІ, БҰЛ ҚАРСЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІНДЕЙ ӨТЕ КҮРДЕЛІ БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. ҚАРСЫЛЫҚ АШЫҚ ТА АСТЫРТЫН, САНАЛЫ ДА САНАСЫЗ, ЖАЛПЫ ДА НАҚТЫ, БЕЛСЕНДІ ДЕ САМАРҚАУ БОЛУЫ МҮМКІН. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ҚАЙШЫЛЫҚТЫ ЖАҒДАЙЛАРДА МЕЙЛІНШЕ ҚАЖЕТ, БІРАҚ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ – ОНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРСЫЛЫҒЫН БӘСЕҢДЕТУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП КЕЛІСІМПАЗДЫҚ, ОҚУШЫЛАРҒА ДЕГЕН ТАЛАП ҚАТАЛДЫҒЫН БОСАҢСЫТУ, ОЛАРМЕН ҚАҚТЫҒЫСУДАН ҚАШҚАЛАҚТАУҒА ИКЕМДЕНУ ЕМЕС. ОҚУШЫЛАРМЕН ТІЛ ТАБЫСУДЫ ЖОЛҒА ҚОЮҒА, ОЛАРҒА ӘСЕР ЕТУДІҢ ӘРТҮРЛІ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУҒА ЖАЛПЫ КЕҢЕС БЕРУГЕ ҒАНА БОЛАДЫ.
МҰҒАЛІМНІҢ ШЕБЕРЛІГІ ӘРТҮРЛІ ТЕОРИЯЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІММЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА АРАСЫНДАҒЫ, ЯҒНИ БІЛІМ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘКЕЛЕТІН ҚЫЗМЕТ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС РЕТІНДЕ ӘРЕКЕТ ЕТЕДІ. ШЕБЕРЛІКТІҢ БАСТЫ АСПЕКТІЛЕРІНІҢ БІРІ-БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАЙ ОТЫРЫП, АДАМ ТЕОРИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ӨМІРЛІК ТАЛАПТАРДЫҢ ҚОЛДА БАР ҚОРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАРДЫ ШЕШЕ АЛУЫМЕН СИПАТТАЛАДЫ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ КӨРСЕТКЕНДЕЙ, МҰҒАЛІМНІҢ ШЕБЕРЛІГІ НЕҒҰРЛЫМ ЖОҒАРЫ БОЛСА, ҚОСЫМША БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІК, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ОСЫ ДЕҢГЕЙІНЕН ӨТКЕН ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІНЕ ӨТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ.
МҰҒАЛІМ КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА ТӨЗІМДІЛІГІМЕН, ШЫДАМДЫЛЫҒЫМЕН, ОБЪЕКТИВТІЛІГІМЕН ЖӘНЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНУІ КЕРЕК. ОҚУШЫЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА ӨЗІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ МЕН ТӘРТІБІН ҮНЕМІ БАҚЫЛАЙ БІЛУІ ТИІС. МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БАЙҚАҒЫШТЫҚ ПЕН ТАПҚЫРЛЫҚ, ДАУЫСТЫ, ДИКЦИЯНЫ ҚОЛДАНА БІЛУ, ОҚУШЫҒА ТІКЕЛЕЙ ЭМОЦИОНАЛДЫ ӘСЕР ЕТУ, СОНЫМЕН ҚАТАР ӨЗ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ САЛДАРЫН АЛДЫН-АЛА КӨРЕ БІЛУ СИЯҚТЫ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. МҰҒАЛІМНІҢ ШЕБЕРЛІГІ, СОНДАЙ-АҚ ДАУСЫНАН, СӨЙЛЕУ ЫРҒАҒЫНАН, ҚИМЫЛЫНАН, СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНЕН КӨРІНЕДІ.
ҰСТАЗ ПСИХОЛОГИЯСЫ ОНЫН ПЕДАГОГТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ІСКЕ АСЫРУ ПРОСЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛАДЫ. ПЕДАГОГТЫҢ – КӘСІБИ МАҚСАТЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ БОЛЫП САНАЛАТЫН ҚОҒАМНЫН ЕРЕСЕК МҮШЕЛЕРІНІН ІС – ӘРЕКЕТІ .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет