Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет24/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

1.Парадигматикалық сипатта, оған тіл жүйесінде топтасқан оппозициялық сөздер тобы: синонимдер, антонимдер, гипонимдер, паронимдер, сөздік ұя сияқты лексика-семантикалық топтар және сөздердің өpic деп аталатын жалпы тобы жатады.

2.Синтагматикалық сипатта, оған сөйлеу кезіндегі сөздердің бір-біріне қатынасына қарай орналасуын білдіретін тобы (тіркесімділік) жатады. Бұл қатынастардың негізінде дистрибуция (дистрибутивтік талдау) жатыр.

Прагматика (грек,pragma,ілік септіктеpragmatosіс, әрекет) — семантика мен тіл біліміндегі тілдік таңбалардың кызметін зерттейтін саласы. "Прагматика"терминін 20 ғ. 30 жылдарында семиотиканың бір бөлімі түрінде Ч. У. Моррис енгізген. Ол семиотиканы танбалардын объектіге катынасын зерттейтін семантика, танбалардын өзара қарым-қатынасын зерттейтін синтактика және сөйлеушілердін танбаларға катынасын зерттейтін прагматика деп бөлген. Прагматиканын лингвистикалык зерттеу саласына айналуы Ч. С. Пирстін идеясымен байланысты сөйлеу актілері жайындағы логика-филологиялык (Дж. Р. Сёрл3. Вендлер т.б.) және прагматикалык теориялардын (П. ГрайсЛ. ЛинскийСёрл,П. Ф. Стросон т.б.) ыкпалымен 60—70 жж. басталды. Лингвистикалык прагматиканын кызметі накты емес, оған сөйлеуші субъект пен адресаттын (тындаушының) өзара карым-катынасынан туатын мәселелердін бәрі кіреді. Сөйлесушілердін карым-катынасы үстінде тілдін колданылуы мен прагматикалық қызметін біріктіре отырып, прагматикариторикастилистика, сөйлеу теориясы мен типологиясы, стильдердін карым-катынастык және функционалдык теориялары, социолингвистика, психолингвистика т.б. көптеген салаларға катысты проблемаларды камтиды.

Қазіргі тілшілердің басым бөлігі табиғи тілді таңбалық жүйелердің ерекше түріне жатқызады. Әлі күнге дейін тілшілер арасында табиғи тілді табиғи жүйе деп тануға қарсылық білдірушілер бар. Бұл кездейсоқ емес. Семиотика тұрғысынан тілдік таңба таңбалардың жалпы теориясы тұрғысынан да ажыратылады. Бір түсінік аясында биологиялық таңба – жануарлар арасындағы сигналдар, конвенционалды (яғни, алдын ала келісілген, шартты) таңба түрлері және жеке тек тілге тән таңбалар – қаралуы қарсылық туғызады. Жалпы теория тұрғысынан алғанда таңба – қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы сигнал. Сигнал ретінде кез келген зат не құбылыс танылады. Таңба әруақытта өзінен ерекшеленетін, өзі таңбалайтын затты, әрекетті, қатынасты көрсетеді. Бұл зат (әрекет, қатынас) таңбаның бастапқы мағынасы ретінде ұғынылады. Қазіргі семиотикада таңба мен таңбалық жүйені зерттейтін төмендегідей бағыттар бар әрі олар адамзат қоғамында қолданылатын таңбалық жүйені зерттеп қоймайды, жануарлар әлеміндегі сигнализация жүйесін де зерттейді:биосемиотика, этносемиотика, өнер семиотикасы, лингвосемиотика, абстрактілі семиотика.





  1. Функционалды лингвистика теориясы мен зерттелуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет