Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет26/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы карым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыста болу секілді мағыналарды білдіреді. Айтулы ұғым адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесінде болатын тілдесу ерекшеліктерін айғақтай отырып, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдык қызметін жан-жақты аңғартады

Тілдік коммуникация сөйлесу арқылы ұғынысу, түсінісу, карым-қатынас жасау дегенді білдіреді де адамның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейді. Қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік акпараттарды әрекетке қосу аркылы ол адамдардың бір-бірімен пікір алмасуына, бірін-бірі байытуына мүмкіндік тудырып, карым-қатынастың сөйлеу, ойлау, түсінісу кеңістігін қалыптастырады.

Қазақ тілінің коммуникативтік ерекшелігін зерттеуде адамның дүниетанымы мен қазақ тілінің коғамдық мәнін жете түсінудің маңызы зор. Бұл жалпы дүниеге деген коғамдық-ғылыми көзқарастың негізінде калыптасады. Сонымен қатар қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік кеністіктегі қатынас кұралы ретіндегі міндетін анықтайды. Тілдің коммуникативтік қасиеті — оның барлық ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысы әрі бастысы деп айтуға болады.

Коммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) — адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациянан басты ерекшелігі — оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында. Коммуникация коммуникативтік актілерден кұралады, пікір айтушылар, оны түсіндірушілер коммуниканттар деп аталады. Коммуникация үшін тілдік катысымнан басқа, бет-қол кимылы, семиотика жүйесіне жататын музыка ноталары, ойын ережелері, Морзе әліппесі, ЭЕМ бағдарламалары, математика, техника саласына қатысты кибернетика, компьютер жүйесі пайдаланылады. Сөйлеу аркылы адамдар өзара еркін түсінісе алады. Коммуникациялық кызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудін маңызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардың емес, қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметінін арқасында Коммуникация қоғамның калыптасуына айрықша ықпал етеді.





  1. Мәтін лингвистикасы – дискурс теориясы


Прагмалингвистика – адамның коммуникативтік қызметін екі түрде: ауызша (дискурс) және жазбаша (мәтін) түрде зерттейді.  Олардың айырмашылықтарын танымдық ғылым негізінде үрдіс пен үрдістің нәтижесін салыстыра зерттеуден көруге болады. Бұл айырмашылықтар төмендегі сызбада берілген:

Дискурс

Мәтін

1. Дыбыстық формада сөйлеу немесе сөзді айту үрдісі.
2. Нақты бір ситуация кезінде вербалды және вербалды емес құралдарды қолдана айтылған дайындықсыз сөйлеу.
3. Коммуниканттар арасындағы тікелей қатынас.
4. Сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі бір уақытта өтеді. 

5.Сөйлеудің рөлдері ауысып отыратын айтушысы мен тыңдаушысы бар. Оны екіжақты дискурс дейміз.



1. Графикалық формада берілген сөйлеу нәтижесі.
2. Өңделген сөйлеу.

3. Коммуниканттар арсында тікелей қатынастың болмауы.

4. Сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі әр түрлі уақытта, кезеңде өтеді.
5. Толық емес коммуникативтік жағдайдағы бір ғана автор.


Сызбадан төмендегідей қорытынды жасауға болады:

1) Дискурс – сөзді айту үрдісі және дайындықсыз сөйлеу;

2) Мәтін – өңделген сөйлеу;

3) Дискурстың кез келген түрінде (монолог немесе диалог) қатынасқа түсуші адамдар арасында тікелей қарым-қатынас болуы керек. Ал мәліметті мәтін арқылы бергенде бұл сиқты тікелей қатынас болмайды

4) Дискурс кезінде сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі бір уақытта өтеді. Ал мәтінді жазу мен оқу бір мезгілде жүзеге аспайды. Олардың арасы алшақ болады, мысалы біз бірнеше ғасыр бұрын жазылған мәтінді оқи аламыз; 

5) Екі жақты дискурс кезінде (әңгіме, пікірсайыс) екі автор кезек кезек сөйлеседі, ал мәтінде автор біреу ғана болады. 

Сөздің, сөйлеудің осы екі түрінде әртүрлі тәжірибе жатыр: ауызша сөйлеу (дискурс) тәжірибесі негізінен диалог түрінде іске асса, жазбаша сөйлеу тәжірибесі монолог ретінде жүзеге асады

  «Құзіреттілік» терминін  алғаш  рет  Фердинанд  Де Соссюр  өз еңбектерінде адамның тек  тілді үйрету мағынасында  ғылыми  тұжырымдама жасаған болатын . Құзіреттілік терминін ғылымға алғаш рет Н. Хомский енгізген. Оны адамның белгілі бір іс-əрекетті орындауға қабілеттілігін көрсету үшін қолданды. Тіл меңгеруде құзіреттіліктің негізгі үш түрі айқындалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет