Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет80/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Орта ғасыр тіл білімі — Орта ғасырды Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда үш кезеңге беруге болады: а) 3—5 ғасырлар арасы. Бұл — құлдық дәуірдің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезең; ә) 6—10 ғасырлар аралығы.

Бұл — феодалдық қатынастың әбден орнығып, нығайған заманы; б) 11—16 ғасырлар аралығы. Бұл — феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта Қайта өркендеу дәуірі (ренессанс) деп аталатын кезең.

Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің будда, ислам, христиан сүннет парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, касиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят хадистердің мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, кұдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Осылайша тіл ғылымында канондық, тілдер пайда болды. Жазба тіл, әдеби тіл канондық тіл болып саналды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы — кұранның тілі болды. Еуропа халықтары үшін канондық тіл латын тілі болды. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым тілі ретінде пайдаланды. Жеке тілдер грамматикасы латын тілі грамматикасы негізінде сөз болып, соның үлгісіне түсірілді. Латын тілі грамматикасы барлық тілдерге бірдей дәрежеде қолдануға болатын ортақ құрал деп есептелінді. Солай бола тұрса да орта ғасырдағы грамматикалық ой-пікір кейінгі заманғы жалпы тіл ғылымының дамуына ықпал етті Элем халықтарының бүкіл рухани мәдениетіне ұлы өзгерістер енгізді. Сондықтан кейбір мәселеде кертартпалығына, діни қарсылықтарына қарамастан, орта ғасырдың прогресс үшін, ғылым үшін мәнділігін жоққа шығаруға болмайды. Зерттеудің өзіндік жаңа жүйесін жасай алмағандарымен, филологиялық, универсалдық және регионалдық грамматика¬лық ("Пор-Рояль грамматикасы", 1660 ж.) мәселелермен орта ғасырда шүғылданушылар да аз болған жоқ. Олардың баса назар аударған бір мәселесі — көне канондық жазбалар тілінің өзіндік нормасын өзгеріссіз сақтау, кейінгі заман жазба тілін көне ка¬нондық тілмен үйлестіру, олардың арасындағы аралықтарды бір ізге салу сияқты нормалаушылық жұмыстар болды. Бұл жұмыстарында олар антикалық қоғам қалдырған грамматикалық, поэтикалық, риторикалық, логикалық тұжырымдарға сүйенді, соларды басшылыққа алды. Канондық жазбалармен қатар біраз елдерде жазба жұмысы мен әдебиет едәуір дамыды. Жергілікті тілдерді зерттеу, нормалау, олардың грамматикаларын жазу талабы күн тәртібіне қойылды. Сөйтіп, 7— 15 ғасыр аралығында Иран, Исландия, француз, испан, итальян, ағылшын т. б. тілдердің грамматикалары жарық көрді. Грамматика мәселелерімен қатар ежелгі дәуірден келе жатқан зат атауларының табиғаты жөніндегі мәселе де ескерусіз қалмады. Оны сөз етушілер бұл дәуірде де екі топқа бөлінді. Оның бірі — реалистер, екіншісі — номиналистер деп аталады. Реалистер заттар жөніндегі жалпы ұғым — ақиқат, ол алғашқы, зат соңғы дегені деалистік бағытты ұсынды. Номиналистер, керісінше, зат болмаса, ол туралы ұғым да болмайды, сондықтан ақиқат нәрсе — зат, ол алғашқы, ал, зат туралы ұғым соңғы деген материалистік бағытты уағыздады

62 Араб тіл білімі туралы лингвистикалық көзқарастар

Араб тіл білімі халифат дәуірінде (VІІ-ХІІ ғасырлар) дамыды. Арабтарда тіл туралы ғылымның дамуына себеп болған нәрсе, ертедегі Индиядағы сияқты, діни тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің айтарлықтай алшақтай бастауынан болуы керек. Бұған қоса, мұсылман дінінің әсері де ерекше болды. Арабтар көрші елдерді қаратып, ислам дінін найзаның ұшымен, білектің күшімен таратып отырды. Ислам дінінің құралы – құран. Оны басқа ел адамдарына үйретіп, оқыту үшін де тіл ғылымын дамыту керек болды.

Мұның үстіне араб тілінде диалектілер де көп еді. Жаңадан бағындырылған елдердің тілдері әр түрлі болатын. Сондықтан классикалық араб тілінің диалектілерден де, басып алынған басқа елдер тілдерінен де қорғау, оны таза сақтау қажет болды.

Бұл жағдайлар араб филологиясының дамуына әсерін тигізді. Арабтар гректер мен үнділіктердің грамматикалық жүйелерін де пайдаланды. Сонымен бірге араб тілі туралы ғылымды жасауға арабтардың тек өздері ғана емес, оларға бағынышты басқа да халықтар өкілдері қатысты. Әсіресе, араб халифатына кірген парсылар, гректер, сириялықтар, еврейлер, берберлер, түркі тағы басқа халық өкілдері тіл туралы ілімді дамытуға ат салысты. 



Араб тілі туралы алғашқы еңбектер.

Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп – екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.

Баср мектебінің өкілі Сибавейхи «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан және ерьедегі поэзиядан алынған.

Арабтардың ертедегі ойшылдардан бір өзгешелігі – олар әріп пен дыбыстың айырмасын ажырата білді, сөдің жазылуы сен айтылуындағы, яғни орфография мен орфоэпияның сай келмейтініне назар аударды. Дыбыстарды физиологиялық тұрғыдан баяндап, олардың 4 түрлі ерекшелігін атады. Сибавейхи дыбыстардың жасалуының 16 түрлі орнын көрсете келіп, оларды соған сай топтастырады: сөз таптарын етістіктер, есімдер, сан есімдер деп үшке бөлді.

Арабтар үш дауыссыз дыбыстан құралатын түбірлердің сырын айқындады. Бұл жайт – семит тілдеріне ғана тән құбылыс. Олар түбірдегі флексия мен аффикстік тәсілдің маңызын байқай білді.

Араб  мамандары басқа да тілдерді, мәселен, түрік, монғол, парсы тілдерін де зерттеді. Бірақ оларда тіл фактілерін салыстыра қарастыру деген болған жоқ.

Лексикология мен лексикография саласында арабтар айтарлықтай табысқа жетті. Олар лексика материалдарын көптеп жинап, түрлі сөздіктерге топтастырды; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды. Арабистер араб тілі лексикасының байлығын ерекше мақтан етті. Мәселен, семсер сөзінің 500 синонимін, арыстан сөзінің 500 синонимін табады. Бұл шын мәнінде, тіл байлығының аса бір мәнді көрсеткіші.

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулер жүргізген. Ұлы ғалым өзінің «Ғылымды классификация жасау» деген 5 бөлімнен тұратын еңбегінің бірінші бөлімін адамдардың бір-бірімен қатынас жасап, өзара түсінісетін құралы – тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арнаған. Бұл бөлімі «Тіл туралы ғылым» деп аталады. Ол кісінің еңбегінде тіл білімінің барлық заңдылықтар мен мәселелері көрсетілді. Оның ішінде морфология саласы, яғни, сөз құрамы мен аффикстік морфемалар, орфография, пунктуация, орфоэпия мәселелері. Осылардың араб тіліндегі өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті.

Араб филологтары сөздік жасау ісіне де көп үлес қосты. Мәселен, Фирузабади деген кісі, бір мәліметтерге қарағанда, 60 том, енді бір деректерде 100 томдық сөздік жасапты. Сондай-ақ «Камус» (мұхит) атты сөздік те жасаған деседі. Бұл сөздіктер өкінішке орай сақталмаған.

ХІ ғасырда лексикографиялық теңдесі жоқ бір ірі еңбек пайда болды. Ол – «Диуани лұғат-ат-түрік» (Түркі сөздерінің жинағы) – орта ғасырдағы түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ он мыңнан астам төл сөз және жеке ру-тайпаларға тән көптеген жергілікті сөздерді қамтыған, өз дәуіріндегі түркі тілдерінің белгілі бір ғылыми жүйеге түсірілген түрікше-арабша сөздігі. Бұл сөздіктің авторы ұлы филолог, ғалым Махмұд Қашқари.

Махмұд Қашқари сөздігі түркі халықтарының сан ғасырлық тарихында  оның өз өкілі жазған тұңғыш ғылыми грамматика, ғажайып лексикография үлгісі болып табылады. Сонымен бірге, бұл сөздік сол ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің салыстырмалы диалектологиясының негізі қаланған алғашқы ғылыми зерттеу екені де мәлім.


    1. ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық концепциялар



64 Тіл философиясының бастамалары туралы лингвистикалық концепциялар
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.

1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.

а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).

б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазіргі тілге негіз болады.

в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.

1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.

а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.

б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.

Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.

Адам эволюциясының қазіргі деректері бойынша даму жолы төмендегідей. Қазіргі адамдар (гомо сапиенс сапиенс) бұдан 150-200 жыл бұрын қазіргі Шығыс Африка территориясында (Кения, Танзания) пайда болған. Олар Еуразия құрылығына алғаш рет бұдан 70-80 мың жыл бұрын аяқ басқан, бұл аймақта кең таралған адам тәріздес «ағайындары» (негізінен неандертальдықтар) олармен бәсекеге төтеп бере алмай жойыла бастайды. Ал 40-60 мың жыл бұрын олар Оңтүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып орналасқан. Одан кейін, бұдан 20-30 мың жыл бұрын адамдардың оңтүстікте Австралия мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен Америкаға қарай таралуы жалғасады. Яғни тілдің қазіргі түрдегідей қалыптасқан кезін бұдан 200 мың жыл бұрынғы кезден әрі деп, ал қазіргі тілдердің бәріне негіз болған ең көне тілді бұдан 50 мың жыл бұрын өмір сүрген деп жорамалдауға болады.

Бұл болжамда көне тілдің қазіргі тілден елеулі айырмасы болмаған: яғни дыбыстардан сөздер құрастырып, оларды байланыстырып сөйлемдер құрап сөйлеген. Алғашқы кезде адамдардың саны әлемде аз болғанымен тілдердің саны өте көп болған деп есептеледі. Кейін тілдердің азаюы тайпалық дәуірдің басталуына байланысты. Тайпа мемлекеттіліктің бастауы, ондағы адамдар негізінен бір тілде сөйлесуге бағытталады. Бұл тілдердің бір бірін ығыстырып шығаруы және тоғысуы түрінде жүрген. Ал қазіргі салыстырмалы-тарихи зерттеулер бойынша барлық тілдер бұдан 15 мың жыл бұрын өмір сүрген 5-6 ата тілден таратады. Олардың ішіндегі ең ірісі нострат тілдері. Оның ұрпақтары кейін Еуропаға түгелдей, Солтүстік Африкаға және Азияның көп бөлігіне (Оңтүстік Шығысынан басқа) таралады.

Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Біздің қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір басты қағидаларға өзек болуда.



Дүниені танып білуге қойылатын басты бір методологиялық талап-шындықтың кез келген құбылысын объективтік тұрғыдан түсіндіру, яғни оның шын мәнін, табиғатын шындыққа дәл сәйкестік тұрғысынан бейнелендіру. Мұнсыз адамның білімі ақиқат болмас еді. Бұл барлық ғылым атаулыға, жаратылыстану ғылымдарына да, қоғамдық-әлеуметтік ғылымдарға да, қойылатын бірінші талапты тілтану ғылымына қолдансақ, тілдің табиғаты, мәні, оның шығу себептері мен қоғамдық сипаты, атқаратын қызметі қандай деген сұрақтарды объективтік ақиқат тұрғысынан зерттеу қажеттігі келіп шығады.
65 Тілдер туыстығы және оны тарихи тұрғыда зерттеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет