Қабысу - сөз тіркесі кұрамындағы бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысу. Мысалы: ағаш үй, ақ орамал, он дәптер, білген кісі, барлық адам(Бағыныңқы-басыңқы сыңарлардың қай сөз таптарынан екеңдіктеріне көңіл аударыңыздар).
Сөз тіркестерінің жалғаусыз байланысуының тағы бір түрі бар. Оны жанасу деп атайды. Егер қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім болса (мысалы: үй, орамал, дәптер, кісі, адам), жанаса байланыскан сөз тіркесінің басыңқы сыңары — етістік болады. Мысалы: кеше келу, жапалақтап жауу, қатты сүйсіну, екі жеу, сылқ-сылқ күлу.