Тіл білімінің негіздері (8-сыныпта қазақ тілін бағдарлы оқыту) Орал -2022
№44 Шахина Л.Ғ. Куангалиева Г.М.
Қорытынды Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде балалардың коммуникативтік қабілетін дамытуға көп көңіл бөлінуде. Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзыреттілігін арттыруды қажет етеді. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге, жеке тұлғаның құзыреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады. Осылайша мұғалімнің оқудағы құзыреттілікке бағыт – бағдар беруі оқушылардың ой-қорытынды жасауына, өз ойын айта білуіне, оны күнделікті өмірде пайдалануына көмегін тигізеді.Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі іс-әрекеттердің енгізілуі үлкен жетістіктерге жетелейді. Бүгінгі мақсат әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.Оқушы шығармашылығын дамыту ісі де үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік. Қазақ тілін қосымша оыту– оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын-ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс. Оқу жоспарының артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, оқу бағдарламасын терең меңгеруіне ықпал жасайды. Қолданылған әдебиеттер «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жоспары 8-сынып 2020-2021 оқу жылы «Қазақ тілі» 8-сынып Нұрсұлтан, 2020ж. «Қазақ әдебиеті» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) Нұрсұлтан, 2020ж. Ғаламтор ресурстары жүктеу/скачать 0,57 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |