Сөзді түрлендір
Мақсаты: еркелеткіш-кішірейткіш мәнді зат есімдер құрастыруға жаттықтыру. Дикциясын жаттықтыру.
Ойын барысы
Балалар [тай] жұрнағы арқылы сөздерді түрлендіруі тиіс:
бармақ – бармақтай,
шынашақ – шынашақтай,
ат – аттай,
жат – жаттай.
Үшіншісі артық
Мақсаты: сөздегі белгілі дыбысты есту машығын дамыту.
Ойын барысы
Балалар үш суреттің ішінен атауында [ш] дыбысы жоқ сөзді алып тастауы тиіс:
Шанышқы, шана, тиін; шаңырақ, гармошка, ара; көгершін, тон, тышқан; шегіртке, банан, шоқ.
Ашулы қарға
Мақсаты: балаларға сөздегі алғашқы дыбысты анықтауды үйрету.
Ойын барысы
Балаларға түрлі аңдардың бетперделері таратылады. Жиналмалы үйшікке «көпірді» (тақтайды) тірейді.
Тәрбиеші. Бұл үйшікте аңдар: қоян, түлкі, аю, қасқыр және т. б. тұрады. Үйшікке көпір арқылы өтуге болады, бірақ ол қарапайым емес, сиқырлы көпір: онымен үйшіктен шығу оңай болса, ал кері қайту оңайға соқпайды. Көпірдің жанында қарға отыр (басына қарғаның бетпердесін киіп алады). Көпірге өтетін әр аңнан ол атауындағы алғашқы дыбыстың қандай екенін сұрайды. Кім дұрыс жауап берсе, сол өтеді. Ал жауабын білмейтіндерді ашулы қарға өткізбейді.
Самғау
Мақсаты: сөздердегі [с] дыбысын ажыратуды үйрету.
Ойын барысы
Тәрбиеші. Бүгін біз ұшақпен самғаймыз және өзімізбен қандай заттарды алуға болатынын ойластырайық (балаларға суреттерді таратады). Атауында [с] дыбысы бар заттарды ғана алуға болады.
Балалар ұшақ жасайды. «Тәрбиеші-жолсерік» тек [с] дыбысы бар зат бейнеленген сурет ұстаған балаларды өткізеді. Бала ұшаққа кірерде қолындағы суретті көрсетіп, былай дейді: «Мен өзіммен бірге сөмкемді аламын» (сағыз, бас киім, ас және т. б.) және өз орнына отырады.
Біз ұшуға дайындаламыз. Бізге көңілді болу үшін сөздерінде [с] дыбысы бар өлеңді жаттайық.
Самғауға, достар, асықпыз,
Сәт-сапар сендерге,
Осылайша самғаудамыз,
Сағынбасын асыл анамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |