Тіл дамыту бойынша ойындар Дос сөздер Мақсаты



бет3/3
Дата11.10.2023
өлшемі17,65 Kb.
#184673
1   2   3
Байланысты:
Тіл дамыту бойынша ойындар
Адам денесінің жетілуі, Ертегілер QR код (1)
Әткеншек
Мақсаты: сөздегі [ш] дыбысын саралауды үйрету.
Ойын барысы
Балалар оң қолымен арқанды ұстап, шеңберге тұрады, осыдан кейін шеңбермен жүріп, мына сөздерді айтады:
Әрең-әрең-әрең-әрең
Әткеншегім айналады екен (шеңбермен баяу жүреміз),
Содан кейін шеңбермен (біртіндеп жылдамдықты арттырамыз),
Жүгіріп өтеді екен (тағы жылдамдықты арттырамыз).
«Жүгіреміз» сөзінен кейін балалар шеңбермен жүгіреді. Осыдан кейін тәрбиешінің «бұрыламыз» деген бұйрығы бойынша балалар сол қолына арқанды ұстап, мына сөзді айтып, басқа жаққа қарай жүреді:
Тыныш, асықпаңдар, тыныш, (баяулаймыз),
Ш-ш-ш!
Әткеншекті тоқтатыңдаршы,
Бір-екі, бір-екі –
Тыныш: ш-ш-ш,
Осымен ойын аяқталды.
Тәрбиеші. Балалар, сендер қай дыбысты айттыңдар?
Балалар. Ш-ш-ш.
Жұмбақ сөздер
Мақсаты: балаларға сөздердің ұзақтығын анықтауды үйрету.
Ойын барысы
Тәрбиеші жұмбақ жасырады. Балалар оны шешіп, мұның қысқа немесе ұзын сөз екенін анықтайды.
[З] дыбысы бар сөздерді ата
Мақсаты: балаларға берілген дыбыс бар сөздерді атауды үйрету.
Ойын барысы
Балалар шеңберде тұр. Олар допты бір-біріне лақтырып, [з] дыбысы бар сөзді атауы тиіс.
Кім көп айтады?
Мақсаты: фонематикалық түсінікті, есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы
Балалар берілген дыбыстан басталатын сөздерді атайды (Қайталауға болмайды).
Естісең – қол шапалақта
Мақсаты: есту қабілетін, фонематикалық қабылдауын дамыту.
Ойын барысы
Ересек дыбыстар қатарын (буындарды, сөздерді) айтады, бала көзін жұмған күйі белгілі дыбысты естігенде қол шапалақтайды.
Зейінді тыңдаушы
Мақсаты: фонематикалық түсінікті, зейінді дамыту.
Ойын барысы
Ересек сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстың әр сөздегі орнын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет