Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Балалардың сөйлеуін дамытуда шағын фальклордық жанрдағы шығармаларды пайдалану



бет21/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
26. Балалардың сөйлеуін дамытуда шағын фальклордық жанрдағы шығармаларды пайдалану
Оқушыларды байланыстыра сөйлеуге үйрету мақсатында шығарламаларды оқу, тыңдау, әңгімелеу, әңгімелеп айтқызу (сабақта және сабақтан тыс) жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмысы әңгімелесу, әңгімелету, жаттығу жұмыстарына негізделеді.
Естияр балалар тобында (5-6 жас) тіл дамыту сабақтарының тақырыптары төмендегідей:
1 көркем әдеби шығармалар оқу.
2 оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету.
3 шығармашылық әңгіме құрату.
А.Байтұрсынов өз еңбектерінде«өтірік өлең», «жұмбақ», «жаңылтпаш»,«тақпақ», «бесік жыры» тəрізді жанрларының мəнін түсіндіріп, эстетикалық тəрбие саласына да ерекше тоқталды.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл – халық педагогикасының үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың мақалмәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің түсініктемелеріне арқау бола алады. Ш.Ахметов «балалар фольклоры» терминін өз еңбегінде алғаш қолданып, түсініктеме береді. Қазақ балалар фольклорын саралап жіктейтін болсақ, олардың ішінде кейбір жанрлардың үлкендерге де, балаларға да ортақ екендігін көреміз. Олар: ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, төрт түлік жырлары т.б. Олардың ішінде балалар айтатын, өздеріне ғана лайықты өлең-жырлар бар. Мысалы: Қой баласы – қоңырым, Қойдан жуас момыным, Шопан ата түлігі – Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт! Төлді қалай шақыру, малдың баласын сүюі, бөбектің төрт түлікке айтқан тілегі, қой мен ешкінің айтысы, сондай-ақ шешілуі оңай, құрылысы қарапайым жұмбақтар, ұғымға жеңіл өтірік өлеңдер, бұлардың қай-қайсысы да балалар репертуарында молынан сақталған.
Мысалы: «Ұшқыш кілем», «Ер төстік», «Алтын сақа».
Қиял – ғажайып ертегілерінің оқиғасы фантазияға құрылады.
Мұндай ертегілердің көбі ғылым болжамдарына сәйкестендіріліп шығарылған. Оларды ғылыми – фантастикалық ертегі дейді.
Ертегілер ішіндегі балалар арасына кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңдайтыны хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Хайуанаттар жайында айтылатын ертегі кейіпкерлерінің өзі қызық. Сол күлкілі қызық кейіпкерлердің өмір сүруі, өмірге икемді болу жағындағы қақтығыстары, олардың айла – тәсілдері жасөспірімдерге өмір жолын танытады. Бұл ертегілер балалардың ой – санасын оятып, оларды өздерінің күш жігеріне сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат – мұратына жетуге үйретеді.
Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар: бірінші, олардың мінез ерекшеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды.
 Екінші,хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Хайуанаттар жайындағы шағын ертегілер көбіне мектеп жасына дейінгі балаларға лайықты « Жеті лақ», «Сәулетті үйшік», «Үш торай».
Тұрмыс-салт ертегілері өзінің өткір тілі, айқын мазмұнымен еңбекші халықтың өмірін, қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігін сипаттауға және олардың күресін көрсетуге бағытталған.
Тұрмыс-салт ертегілерінің қаһармандары-қиялдан туған бейнелер емес, күнделікті өмірдегі еңбек адамдары мұндағы жауыздың иелері – хан, бай т.б.
Ертегіауыз әдебиетінің мұрасы. Қазақ халқымыз ертеден өз балаларына тәрбиені әңгіме, жыр, ертегілер арқылы берген.
Ертегілер-сол кездегі өмір шындығын баяндайтын көркем шығарма. Мұнда ерте кездегі халықтың өмір тәжірибесі, әдеп-ғұрпы баяндалған.
Балаларды ауыз әдебиеті үлгісімен таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің әр жақты сырын қызықты әрі тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.
II- сәбилер тобында оқығанда тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат-ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
Әртүрлі ертегілер баланың жас ерекшеліктеріне сай өз уақытында және дұрыс қолдану «мектепке дейінгі мекемелердегі берілген оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын» өз деңгейінде шешуді қамтамсыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет