Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Әр түрлі сұрақтарды қолдану және оларға қойылатын талаптар



бет29/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
36. Әр түрлі сұрақтарды қолдану және оларға қойылатын талаптар
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
Тілдесу мен қарым-қатынас құруда сұрақ ерекше маңызды рөл атқарады. Себебі сұрақ қоя отырып өзара ақпарат алмасамыз, өзімізге қажетті қосымша мәлімет аламыз, алған ақпарат туралы пікір қалыптастырып, оған баға беруге тырысамыз, бақылаймыз, растаймыз немесе жоққа шығарамыз, белгілі бір затқа қызығушылық танытамыз.
Жақсы сұрақ идеялардың , қызықты жауаптардың кепілі. Сондықтан әр мұғалім өзінің сұрақ қою шеберлігі туралы жиі ойланып, сұрақ қояр алдында келесі мәселелерді ескергені дұрыс: сұрақты қандай мақсатпен қоясыз?Қойған сұрағыңыздың сапасы қандай?Бір сабақтың көлемінде сұрақтарды түр-түрімен мақсатына қарай орынды пайдалануды жоспарлай отырып, ашық сұрақтарды көбірек қолдану керек.
Сұрақтарды түр-түріне қарай орынды пайдалана білген дұрыс. Мысалы сабақ барысында белсенділігі немесе қызығушылығы төмендей бастаған кезде бағалаушы сұрақтарды қолданған тиімді. Сонымен қатар оқушының айтылған ақпаратқа, сабақ үстінде болған жағдайларға, қарастырған оқиғалар мен құбылыстарға қатысты эмоциясын байқаған кезде де осы сұрақтың түрін қолданған пайдалы. Себебі бұл сұрақтың түрі оқушының жеке көзқарасы мен пікірін, бағасын білдіруге бағытталғандықтан оны ынталандырып, білім алу үдерісіне үңілуге жағдай жасайды.
Ғалымдардың айтуынша, сұхбат кезінде адамдар бет қимылы, ымдар мен ишараттарға тоқсан пайыз сенім білдіреді. Сондықтан оқушылар мұғалімнің сұрақ қою кезіндегі қимылдарына көп мән береді: қойған сұрағыңыз бен бет қимылыңыздың арасында сәйкестік болмаса, бұл әректіңіздің шынайылығына күмән туады. Кез келген сұрақты қойған кезде, бет қимылыңыз оқушы айтқан ақпаратқа ешқандай қызығушылық танытпағаныңызды, ол жауап мұғалімге ұнамағанын білдіріп тұрса, сұрағыңыз сәтсіздікке ұшырайтыны айқын.
Білім алу үдерісінде сұрақтарды оқушылардың өздері қойғаны да өте маңызды. Сабақ барысында оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы диологке түсіп, коммуникативті дағдыларын дамыта алады. Мәтінмен жұмыс жасату немесе оқушыларды өздерінің құрдастарымен диалог жүргіздіру барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпындырып, басқа мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлатып, зерттеу жүргізу қабілеттерінің бола бастауына ықпал етуге болады.Оқушылар тарапынан сұрақ туындаған жағдайда, мұғалімде сұрақтың жауабы болуы міндетті емес, оқушылармен бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға табылған ақпараттың қажетін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы сын тұрғысынан ойлауға көмектесу қажет.
Бұл сұрақтар моделін оқу мақсатына қарай түрлендіріп үнемі қолдану-білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырып, ойлау қабілеттерін арттырады.
Сонымен қатар оқушы үшін пайдалы болып, мұғалім үшін тиімді болу мақсатында белгілі бір талаптарға сүйенген дұрыс:

  • Сұрақты қояр алдында, мақсатыңызды нақтылап алыңыз.

  • Сұрақ аудиторияға сай келетін түсінікті түрде қойылуы керек.

  • Сирек қолданылатын терминдер мен түсініксіз (диалект, сленг) сөздерді пайдаланбаған дұрыс.

  • Сұрақ абстракты емес нақты болуы керек.

  • Қойылатын сұрақ шұбырмай, қысқа түрде болғаны дұрыс.

  • Сұрақ ойға қонымды болу керек.

  • Қажет болған жағдайда сұраққа түсініктеме беруге болады, бірақ сұрақтың өзі ықшам болу керек.

  • Сұрақ бір сарынды, дағдылы жауаптарды болдырмау керек

  • Мұғалім өз дегеніне келтіретін сұрақ қоймау керек

  • Сұрақ жауап берушіні қажетті жауапқа мәжбүрлемеу керек

  • Оқушылардың білімдерін анықтау сұрақтары мен оқушылардың ойлау қабілеттерін айқындайтын сұрақтар қою керек

  • Сұрағыңызды қойған соң, оқушылардың түсінгеніне көз жеткізіңіз

Осы аталған талаптарды сақтау мұғалімге оқушылардың білім алуына деген қызығушылығын жоғарылатып, олардың берген жауаптарының сапасын арттыруға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет