Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы байланыстырып сөйлеудің маңызы



бет25/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
30.Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы байланыстырып сөйлеудің маңызы

Байланыстырып сөйлеу  Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады.мектеп жасындағы балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және мұғалімнің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп – оның компоненттерін – сөйлемдерді, сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни, бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу. Балалар, ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдердің сөз тіркестерін, сөздерді, морфермаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан әңгіме ағынынан бөліп ұғынады.

Байланыстыра айтылған сөздерді игертіп үйрету үшін алдымен жекелеген сөздерді дұрыс түсінуге үйреткен жөн,содан соң сол сөздерден сөйлемдер құратқызу керек. Байланыстырып сөйлеу адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып табылады немесе ойды жинақы түрде грамматикалық жағынан дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту жұмысының ең негізгі бөлігі болып табылады. Жалпы байланыстырып сөйлеу ойлаумен біртұтас болып саналады. Байланыстырып сөйлеу баланың ойлауын, көрген- білгенін қорытып айта білу шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала өз ойын қаншалықты жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамығандығын содан байқауға болады.


Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің лингвистикалық негіздерін анықтауда оқушының мәтін құрастыра алуы үшін, оларда мынадай білім, білік пен дағды қалыптастыру көзделді: мәтіннің түрлері және олардың құрылымдық ерекшелігі бойынша (сипаттау, хабарлау, пайымдау) мәлімет бере отырып, мәтін құрастыруға үйрету; мәтіннің мағыналық құрылым ерекшеліктері (тақырып, негізгі ой, тақырыпша, жоспар) бойынша мәтін құрастыруға дағдыландыру; мәтін құрастыру үшін оны құрайтын элементтердің, тілдік тұлғалардың (мәтін бөліктері, абзац, сөйлемдер байланысы, есімдіктер, синоним сөздер) ерекшелігін таныту; мәтін құрастыру білігі мен дағдысын өз ойын байланыстырып жазу шеберлігімен ұштастыру (жұмбақ құрастыру, өлең құрастыру, ертегі ойлап жазу, өз ойынан эссе, шығарма жазу). Оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде теориялық білім беру ұстанымын басшылыққа ала отырып,  тұтас бір ойды білдіретін сөйлемдерді байланыстыру жолдарын теориялық мәліметтерге сүйеніп орындау көзделеді. Мәтіннің сөйлемнен айырмашылығы, оның бөліктерге жіктелуі, негізгі ой мен тақырып байланысы, мәтіндегі сөйлемдер байланысы т.б. теориялық білім беру мәтін құрастыру үрдісіндегі ерекше кезең болып табылады. Мәтінді мағыналық, құрылымдық жағынан теориялық талдау тілдік ерекшеліктерді танып білуге септеседі, мәтіннің ақпараттық бағытын түсінуге, мәтіндегі тұтастықты қамтамасыз ететін элементтердің арасындағы байланысты саналы түрде ұғынуға мүмкіндік ашады.
К.Д.Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен және байланыстыра сөйлеуге үйрету үшін жаттығу жұмыстарының жүйесін құрды.Ол жаттығулардың сатылары мынадай:
1. бақыланған заттарды атау;
2. заттарды салыстыру;
3. сипаттау;
4. болған оқиға жөнінде әңгіме құру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет