Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет22/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
27. Жазуды оқыту
Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп жазуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.
Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыруы, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптерде жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпта – 5 минут, 2 сыныпта – 8 минут, 3 сыныпта – 12 мин, 4 сыныпта – 15 минут. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған дұрыс.
Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әртүрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау, баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын дамытады. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек т.б. ұғымдарды меңгереді.
Бұл ережелерге оқушылар бірден емес, біртіндеп 2-3 жылда барып қалыптасады. Жазу барысыында оқушы көптеген талаптарды орындауы қажет. Көп жағдайда оқушы жазуды үйрене бастағанда дәптердің дұрыс орналасуы, дұрыс отыру, қаламсапты дұрыс ұстау ситяқты ережелерді ұмытып кетеді: қаламсапты бар күшімен ұстайды, жазуы түзу болу үшін өзіне қарай тік сызуға тырысады, бірақ көлбеу жазу керек екендігін ұмытып кетеді. Мұндай қателіктерден қашу мүмкін емес. Қатені түзеу яғни, әр оқушыға ескерту ұзақ уақытқа созылады. Тек берілген жаттығуларды орындау оқушыға жеңіл болға кезде ғана түзетеді. Оқушылардан орфаграфиялық жазуды талап ете бастағанда оқушылар тақтадан немесе мұғалім айтуы бойынша жазады да, жазудың графикалық сауаттылығын бақылау баяулайды. Тіпті мұғалім айтқан дыбыс таңбаларының формасын ұмытып кетеді.
Жазу сабағында ми ғана емес, сондай-ақ көптеген бұлшықеттер де жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай бірқатар гигиеналық талаптар қойылады: партада дұрыс отыру (бұл бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді),жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама-қарсы түсті сияны пайдалану, жазу құралдарының баланың жасына сәйкестігі, жетілдірілген жазу техникасы ( әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні) қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет