Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Әңгімелеу үшін әдеби шығармаларды таңдау



бет32/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
41. Әңгімелеу үшін әдеби шығармаларды таңдау.
Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады.Әдебиеттің ең озық үлгілерінен адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерде де өздерін әділетті көрсетіп әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады.
Эстетикалық, әсіресе адамгершілік (этикалық) жайындағы түсінікті балалар тәрбиешілердің оқылған шығармалар бойынша айтқан ақыл-ой пікірлерінен емес, нақ осы көркем шығарманың өзінен алуға тиіс. «Педагог оқылған шығармалардан орынды-орынсыз моральдандыра беру үлкен, көбіне түзетуге келмейтін зиян келтіретінін есіне сақтауы тиіс. Көптеген сұрақтар қоюмен «бөлшектеніп» кеткен шығарма балалардың көз алдына барлық әсемдігін жояды, оған ынта кемиді. Көркем текстің тәрбиелік мәніне толық сеніммен қарау керек.
Сөздің пәрменділігі туралы К.Д.Ушинский былай деп жазған болатын: «Бала ана тілін үйрене отырып, шартты дыбыстарды ғана үйреніп қоймайды, сонымен қатар ана тілінің қайнар бұлағынан рухани тіршілік пен күш алады. Анна тілі оған табиғатты түсіндіреді, ал мұндай дәрежеде бірде-бір жаратылыс зерттеуші түсіндіре алмас еді; анна тілі Баланы төңірегіндегі адамдардың мінез-құлқымен, өзі өмір сүріп отырған қоғаммен, оның тарихымен және алға ұмтылыстарымен таныстырады, ал мұндай дәрежеде бірде-бір эстетик істей алмас еді: ақырында, ол бірде-бір философ балаға айтып жеткізе алмайтын логикалық түсініктер мен философиялық көзқарастарды бере алады». Ұлы педагогтың бұл айтқан сөзіне ана тілін үйренуден шығатын нәтиже ғана емес, оны оқып үйренудің әдістері де көрсетілген: бұл «көп нәрсеге үйретіп қана қоймай, сонымен бірге, сонны аса жеңіл әлдеқандай әдіс арқылы оп-оңай үйрететін» «тіл-ұстазға» деген сенім.
Сонымен, берілген көркем шығарманың тілін меңгеруге көмектесе отырып, тәрбиеші балаларға тәрбие беру міндетін де орындайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилер әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана сөз сырын санасына ұялатады.
Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркемсөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз әже-аталары мен әке шешелерінен естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алып өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет