Тіл ғылымымен жапсарлас ғылымдар және олардың классификациясы



бет2/5
Дата05.10.2022
өлшемі0,73 Mb.
#151754
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тіл ғылымымен жапсарлас ғылымдар және олардың классификациясы

Ғылымдар классификациясында Әбу Наср фәлсафалық, лингвистикалық, теологиялық және құқықтық ғылымдар жүйесін зерттеген. Бұл еңбегінің кіріспесінде ойшыл түрлі ғылымдарды басы бүтін түгендеп, өсиетті сарын әдісімен тарауларға бөліп, олардың оқытылу әдісін қанағаттанарлықтай сипаттай алған. Әуелі ойшыл барлық ғылымдарды бес тармаққа бөледі:

Тіл және оның салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды. Тіл білімі /немесе лингвистика/ тілдің дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы мен гармматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланысты болатыны сияқты, тіл білімінің салаларында өз ара тығыз байланысты.

Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан құрастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны /тілді/ шығуы мен тарих бойында дмуы тұрғысына зерттейтін тіл білімі бар.

Алдындағы сипттама тарихи тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрниялық лингвистика деп аталады.

Жеке бір тілдің жүйесімен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі бар деп, ғылым ретінде тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі туралы немесе оның дамуының жалпы заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, жалпы тіл білімі мен жалқы /жеке, нақты/ тіл білімі бір емес. Алайда, бұл екуінің /жалпы т.б мен т.б/ арасында өзара байланыс пен қарым қатнас әрқашан сақталады.

Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және оның басқа ғылымдармен байланысы

  • Ғылым атауы әдетте екі топқа бөлінеді: оның бірі – жаратылыс тану,екіншісі – қоғамдық ғылымдар. Жаратылыстануға /физика, химия, биология, математика/, қоғамдық ғылымға /тарих, философия, саяси экономика/ жатады.
  • Тіл – қоғамдық құбылыс сондықтан оны зерттейтін ғылым – тіл білімі де қоғамдық қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады. Қазіргі заманда бір жағынан ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары жасалып ғылымды диференция процесі жүріп жатса, екінші жағынан, 2 немесе бірнеше жағынан өз ара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәрәне бірдей қатысты проблемаларды зерттейтін дербес ғылыми дисциплиналар жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет