Тіл ғылымымен жапсарлас ғылымдар және олардың классификациясы



бет4/5
Дата05.10.2022
өлшемі0,73 Mb.
#151754
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тіл ғылымымен жапсарлас ғылымдар және олардың классификациясы

Тіл білімі мен әдебиетану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді. Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты. Ақын – жазушының шығармашылығын зерттеу, оның шығармасының тілі мен стилін зертеуді де қамтиды, өйткені «тіл — әдебиеттің бірінші элементі» /Горкий/. Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармй тұра алмайды, өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып табылады.Тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттану ғылымымен өте-мөте тығыз байланысты.

Бірінші тарауды әл-Фараби лингвистикалық ғылымға арнап: 1/ Әуелі кейбір ұлттардың өз тілдерінде кез келген сөзді немесе сөздің жанама мағынасын, яғни коннотациясының пайдалану әдістерін; 2/ Сол сөздерді ауыз екі тілде дұрыс қолдану жолдарын ұсынады. Лингвистикалық ғылым,- дейді Әбу Наср әл-Фараби,- жеті бөлімнен тұрады дей келе оны төмендегідей етіп жіктейді:

  • жай сөздер туралы заң;
  • -сөз тіркестері туралы заң;
  • -жай сөздер заңдары туралы ғылым;
  • -сөз тіркестері заңдары туралы ғылым;
  • -жазу емлесі;
  • -дұрыс оқу ережесі;
  • -өлең құрылысының ережесі. Бұл тізімдемеде ойшыл лингвистикалық ғылымдарға сипаттама жасап, оны тарауларға бөліп қарастырады. Әртүрлі халықтардың әдеби мұралары мен шешендік өнерін зерттеп, ұлттық ақындарға баға беруге ұмтылыс жасаған.
  • Кейінгі кезекте ойшыл логиканы қарастыра отырып, оны сегіз тармаққа жіктейді:

  • -силлогизм түрлері;
  • -пікір айту түрлері;
  • -өнер түрлері;
  • -ойлаудың бес түрі: дәлелдеуші, диалектикалық, софистік, шешендік және поэтикалық.

Тіл білімінің ғылым ретінде теориялық үлкен мәні болуымен бірге, оның практикалық маңызы да күшті. Тіл білімінің теориялық мәселелерін зерттеудің нәтижелері және олардың жасалған қортындылары мен топшылаулары лингвистиканың көптеген практикалық мәселерін шешуге және оған бағыт – бағдат сілтеп дұрыс жолға қоюға көмектеседі. Тіл білімі тілдің даму заңдылықтарын және ондағы тілдің категорияларын бір- бірімен байланысын, өзара қарым- қатнасын ашып айқындаумен бірге, тілді оқыту ісіне, оның заңдылықтарын білдіруге көмектеседі. Сондай –ақ тіл білімі тілдердің әрі қарай дамуының перспективасын көрсетіп, тілді өңдеудің, оны жетілдіре түсудің ғылыми негізімен қағидаларын жасап береді.Тіл білімінің практикалық мәні әсіресе біздің елімізде айрықша болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет