«ТІл-мәдениет-қоғам» үштігіндегі әйел концептінің тілдік сипаты



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата05.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#180280
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
4. С. Қ. ИманбердиеваПЕ тур

Ұлы жібек жолындағы прецедентті топонимдер 
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ ISSN 1999-4214
№ 3/2022
43 
алайда ондай жағдайда прецедентті есімнің адресант қолданысында еш маңыздылығы 
қалмауы мүмкін, себебі адресат аялық білімінсіз, қосымша төлсипатсыз дұрыс 
түсінбеуі мүмкін екенін анықтадық. 
Дифференциалды белгілері аталмыш затты басқалардан ерекшелейтін нақты 
анықтағыштардың күрделі жүйесін құрайды. Бұл жүйе қандай да бір белгілер 
жиынтығы емес нақты көп деңгейлі құрылымға ие [10]. Жоғарыда айтылған ойға орай 
«қазіргі кезде прецедентті есімдердің дифференциалды белгілерін ашатын толық 
элементтер жиынтығын анықтау мүмкін емес, дегенмен прецедентті есім денотатын 
анықтайтын бірнеше белгілерін келтіруге болады» [11]. 
Прецедентті есіммен тығыз байланысқан қандай да бір элементтер төлсипат деп 
аталады, бірақ олар прецедентті есімнің сигнификациясы үшін маңызды емес. Төлсипат 
ретінде денотатқа тән және сол арқылы танылуға мүмкіндік беретін қарттық, биіктік, 
тереңдік, сақал, т.б. қолданылады. Мұндай бірегейлендіру төлсипаты бойынша телу деп 
аталады, сол арқылы коммуникацияда прецедентті есімге сілтеме жасалады.
В.В. Красныхтың сызбасы негізінде Ұлы Жібек жолындағы прецедентті 
топонимдерді талдағанымызда келесі нәтиже алынды: 
Алатау прецедентті құрылымы 
І Дифференциалды белгілері: 
1) заңғар; 
2) биік; 
3) таза. 
ІІ Төлсипаттар: 
1) долы өзені 
2) көктен төгілген нұр 
3) қызғалдақты белес 
ІІІ Қазақ лингвомәдени социумында заңғарлық, биіктік, тазалық белгісі ретінде 
қабылданады: 
Мақал: Биікпін, асқар Алатаумын деп, мақтанба – Ар жағында аспан бар <ауыс. 
өзіңді елден жоғары санап, шектен тыс мақтанба – ел ішінде сенен асқан, сенен де 
мықты, сенен де білгір, мәртебелі, талантты адамдар да бар дегенді аңғартады> [12]. 
Кез келген тіл иелерінің атауды қабылдауда жеке түсінігі болады: Әсіресе маған 
бір ұнайтыны – Алатаудан долы өзен құлайтыны, Құлын-тайдай тебіскен құрбылардың, 
Әзілменен бір-бірін сынайтыны [13]. Зеңгір көктен нұр төгілген сол бір көктем әлі есте, 
Гүл қуалап бірге шықтық қызғалдақты белеске. Қарт Алатау қуанғандай перзенттерім 
келді деп, Танакөз де жымияды қара көзі мөлдіреп [14]. Сүйінші бер дегендей бір 
толықсып, Сыбырлайтын «Жетімкөл» Алатауға. Тына қалып бұлбұл да жаға-талда, 
Қарайтұғын айдынға, ақ отауға [13]. 
Алматы прецедентті есім құрылымы: 
І Дифференциалды белгілері: 
1) оңтүстік астана; 
2) жасыл қала; 
3) махаббат қаласы. 
ІІ Төлсипаттар: 
1) әйгілі апорт алмасы 
2) студенттер 
3) жер сілкінісі 
ІІІ Қазақ социумында оңтүстік астана ретінде танылады, сонымен бірге 
студенттік өмір, махаббат қаласы, жасыл қала және әйгілі апортымен аты шыққан қала 
ретінде көптеген шығармалар мен әндерде айтылады. Соңғы кездерде жер сілкінісі жиі 
болатын қауіпті қала ретінде қабылданады. 


С. Қ. Иманбердиева
 
 
44 
№ 3/2022
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.
BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
Кез келген тіл иелерінің атауды қабылдауда жеке түсінігі болады: Түнгі Алматы 
тұманы ашылғанда, Алатауға ай келіп асылғанда Нұр жанады, аспанның жұлдыздары, 
Алматының үстіне шашылған ба?! [13]. Жақсы екен ғой Алматым, Алтын үйек астанам. 
Осы екен ғой жаннатың Атам қазақ аңсаған. Келдім сені сағынып, Алтын ұям – 
Алматым [15]. 
Отырар прецедентті есім құрылымы:
І Дифференциалды белгілері: 
1) көне қала; 
2) ерлік отаны. 
ІІ Төлсипаттар: 
1) әл-Фараби; 
2) Қайыр хан. 
ІІІ Қазақ лингвомәдени социумында ескі, көне қала, қайсарлық, ерлік отаны. 
Кез келген тіл иелерінің атауды қабылдауда жеке түсінігі болады: Yш күннен 
соң екi адамды Шыңғыс ханға ап келдi. Оның бipi – аты аңызға айналған, Алты ай бойы 
Отырарды Ап шығам деп арпалысқан қайраннан, Аман өткен сан алапат майданнан, 
Жүрек шамы iзгiлiксiз жанбайтын, Қанаттыны талаптыға жалғайтын, Фараби мен 
Иассауидiң жырларын Таңнан таңға жатқа айтудан талмайтын, Әpi өзгеше ел басқару 
мәнерi, Отырардың Қайыр атты ханы едi [14]. 
Баласағұн прецедентті есім құрылымы: 
І Дифференциалды белгілері:
1) көне қала; 
2) мұра. 
ІІ Төлсипаттар: 
«Құтты білік»; шайыр; ғылым-білім, мәдениет.
ІІІ Қазақ лингвомәдени социумында түркі халықтарына ортақ мұра қалдырған 
шайыр. 
Кез келген тіл иелерінің атауды қабылдауда жеке түсінігі болады: ХІ ғасырда 
Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет, ғылым-
білім саласында басқа қалалармен салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын [16]. 
Түркістан прецедентті есімінің құрылымы: 
І Дифференциалды белгілері: 
1) екінші Мекке; 
2) киелі жер. 
ІІ Төлсипаты: 
1) мазар; 
2) «Ақиқат сыйы»; 
3 А.Яссауи. 
ІІІ Қазақ лингвомәдени социумында Түркістан – екінші Мекке, «киелі жер» 
символдық мәнге ие. 
Мақал: Түркістанның түбін түйе ғана шалады <Түркістан ертеде, барша түркі 
халықтары жайласқан ұлан-ғайыр өңірдің, Тұран елінің атауы болған замандарда, ол 
елдің бір шетінен екінші шалғай шетіне дейін тек түйе малын мінген жолаушы ғана 
жеткен, түйе керуені ғана шалып жете алған. Түркістан – түйе ғана шалып шыға алатын 
таулы, өзенді өлке, құмды, шөлді кең дала, ұлан-байтақ өлке дегенді аңғартады> [12]. 
Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Самарканда – Шер Ахмет, 
Маңғыстауда – Пір Бекет 
Кез келген тіл иелерінің атауды қабылдауда жеке түсінігі болады: Зейіл берсін 
көңіліңе, Құран-кәрім – бас бұлақ. Азат туын көтерсін, Түркістаның – Тұраның. 
Дарынды мен тектілер Жамырап туған - Түркістан. Қожа Ахмет Иассауи Шаңырақ 


Ұлы жібек жолындағы прецедентті топонимдер 
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ ISSN 1999-4214
№ 3/2022
45 
құрған – Түркістан [17]. Мұсылманның болған жер – Ынтыққаны Түркістан. Абылай 
ханның тамған жер, Кіндік қаны Түркістан [18]. 
Арыс прецедентті есімінің құрылымы: 
І Дифференциалды белгілері: 
1) өзен; 
2) бойы; 
3) дауыл. 
ІІ Төлсипаты: 
1) ән мен жыр; 
2) Шәмші. 
ІІІ Қазақ лингвомәдени социумында Оңтүстік Қазақстанның сәні, ән мен 
жырдың туындауына себепші. 
Кез келген тіл иелерінің атауды қабылдауда жеке түсінігі болады: Өзіңмен 
Арыстың, Бойында таныстым. Жайнаған гүлдер құрбым сен, Жағада тұрдың сен [14].
Қаратау прецедентті есімнің құрылымы: 
І Дифференциалды белгілері: 
киелі тау; 
пана. 
ІІ Төлсипаты: 
Нұқ пайғамбар кемесі; 
көш. 
ІІІ Қазақ лингвомәдени социумында Қаратау киелі тау, жаугершілік заманында 
пана болған, бүкіл әлемді топан су алғанда Нұқ пайғамбар кемесі тоқтаған ең биік, ең 
көне тау символы.
Мақал: Беталды – Қаратау <ауыс. қазақ халқының басынан өткен 
шапқыншылық, ашаршылық т.б. қиын-қыстау тарихи жағдайлардың бірінде үдере 
көшкен, өз мекенінен басы ауған жағына қарай босып шыққан, Қаратаудан басқа барар 
жері, басар тауы жоқ жұрттың бағыт-бағдарын анықтайтын, бұрын-соңды белгілі 
болып қалған бір жолды мегзейтін сөз> [12]. 
Кез келген тіл иелерінің атауды қабылдауда жеке түсінігі болады: Тірі қалған 
үшеуден Өсіп-өніп мұнша халық Дүния сөйтіп толыпты. Нұқтың мінген кемесі 
Қаратаудың басында Бүгінге дейін тұрыпты [19]. 
Прецедентті есімдердің тілдегі қызметіндегі ерекшелік

символ ретінде 
қолданысы. Бұл жағдайда прецедентті есім құрылымының өзегі болып табылатын 
дифференциалды белгінің мәні артады, есімнің немесе прецедентті жағдайды ашатын 
қандай да бір түсініктеменің қажеті жоқ, прецедентті есімнің өзі жеткілікті [11].
Атақты жазушылардың әртүрлi жанрда жазылған шығармалары, ән, қанатты 
сөздер, т.б. прецедентті есімдердің қалыптасуы мен қолданысында маңызды рөл 
атқарады, яғни белгiлi шығармалар, көркем фильмдер, қанатты сөздер адамдардың 
сана-сезiмiне хабарламалық қызметiн iске асыру мақсатында қолданып жүр. 
Прецедентті есімдерді естігенде, әр адамның сана-сезiмiнде әлеуметтi-психологиялық, 
саяси-қоғамдық, тарихи құбылыстар оянады, әрине, бұл тек қана адамдардың аялық 
бiлiмiне байланысты, егер адам прецеденттi есім сілтеп тұрған оқиғадан немесе т.б. 
хабардар болмаса, онда ол адамға прецеденттi есім ешқандай ықпал жасамайды. Бұл 
жағдайда мұндай есімдер тек қана атау (номинациялық), жекелеу қызметiн атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет