Тілдер және менеджмент факультеті



бет2/4
Дата27.10.2022
өлшемі66,27 Kb.
#155267
1   2   3   4
Байланысты:
3 такырып

Күтілетін табыстылық – ықтималдық теориясында математикалық күту деп аталатын табыстылықтың ең мүмкін көлемі. Ықтималдықтарды бөлудің екі түрі бар: дискреттік және үздіксіз. Ең алдымен инфляцияның инвестициялық шешімдерге тигізетін әсерін қарастырайық. Капитал салымдарының тиімділігін бағалау барысында инфляцияның әсері келесі түзетулермен есептеледі:
1) болашақ түсімдер инфляциясының индексіне;
2) инфляция индексіне дисконттау коэффициентінің.
Тәуекелдің талдауы мен бағалауы осыған сәйкес іске асырылады. Қаржы менеджментінде тәуекел мен табыстылық екі өзара байланысты санаттар ретінде қарастырылады.
Инвестициялық тәуекел – болжаған нұсқамен салыстырғанда залалдардың пайда болу ықтималдығы немесе табыстарды толық алмау. Инвестициялық қоржын теориясына сәйкес жобалардың жинақталған инвестициялық тәуекелін оларды қоржынға біріктіру есебінде төмендетуге болады, сол себептен инвестор көбінесе жеке жобамен емес, инвестициялық қоржын деп аталатын жиынымен жұмыс істейді.
Корпоративтік тәуекел – ол әр түрлі инвестициялардың іске асыруымен байланысты барлық тәуекелдердің сомасы. Корпоративтік тәуекелге әртараптандырылған қоржынмен жойылған және әртараптандырылмаған тәуекелдер кіреді. Компанияның қаржылық жағдайына тигізетін әсермен байланысты болжам тәуекелді болуы мүмкін. Тәуекелді болжам компания табыстарының толық жоғалуын көрсетеді. Ең қауіптісі – пайда түспеу қаупі. Ол банкроттыққа және мүліктен айрылуға әкеледі.
Нарық тәуекелі – инвестициялық қоржынының бөлігі ретінде қарастырылады да ортақ қоржындағы тәуекел үлесін көрсететін қаржы активтеріне жатады. Ол күтпеген жерде пайда болып, инвестициялық үдерісінің барлық қатысушыларына әсерін тигізеді. Осының бәрін ескере отырып, қаржы менеджері тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құруы керек.
Тәуекелдерді басқарукелеңсіз қаржы салдарын болжап, оларды жою үдерісі. Келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін дер кезінде шешімдерді қабылдау тұрғысынан алғанда тәуекелдерді басқарудың келесі амалдарын айырады: белсенді, бейімді және енжарлы (керітартпа).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет