Тілдер және менеджмент факультеті



бет3/4
Дата27.10.2022
өлшемі66,27 Kb.
#155267
1   2   3   4
Байланысты:
3 такырып

Белсенді басқару – тәуекелдерді азайту үшін бар ақпарат пен құралдардың пайдалануы. Бұл амалды қолдану барысында басқарушы әрекеттері тәуекелді оқиғалардың алдын алады. Әрине, ол үшін (тәуекелдерді болжауға, бағалауға және оларды үздіксіз бақылап талдауға) көптеген шығындарды ұйғарады.
Бейімді амал – пайда болған жағдайға бейімделу. Бұл амалда басқарушы әрекеттер ортаның өзгеруіне кері әсер ретіндегі шаруашылық операцияның барысында іске асырылады,. Бұл жағдайда шығындардың бір бөлігі ғана болдырылмайды.
Енжарлы (керітартпа) амал – бұл жағдайда басқарушы әрекеттер қалып қояды. Егер тәуекел оқиғасы орын алса, одан келген залал операция қатысушыларымен жұтылады. Фирма тәуекелдерді басқарудың 3 кезеңді амалын пайдаланады:
1. Фирмаға кездесетін тәуекелдің түрлерін анықтау;
2. Тәуекелдердің әлеуетті ықпалын өлшеу;
3. Тәуекелдің әр түрін қалай азайту жөніндегі сауалдың шешімі.
Әр қолжетімді балама бойынша тәуекелдерді басқару шешімдерінде шығындар – пайдалар сызбасының талдауы болуға тиісті.
Тәуекелдерді басқару бағдарламасындағы бірінші қадам – фирмаға кездесетін әлеуетті шығындардың теңестіруі, екінші қадам – осындай оқиғалардың болу ықтималдығы мен шығындарын өлшеу.
Тәуекел түрін анықтау – бұл үдерісте қаржы менеджері фирма үшін келеңсіз (жағымсыз) салдары болуы мүмкін ағымдағы және әлеуетті тәуекелдерді жүйелі түрде, үздіксіз анықтайды. Егер әлеуетті тәуекел анықталмаса, оларды азайту үшін фирма ешқандай әрекеттерді жасай алмайды. Тәуекелдердің түрлері, негізгі белгілері мен болуы мүмкін салдары бойынша теңестіру олардың бағалау, дұрыс таңдау мен азайту немесе жою шараларын әзірлеу үшін қажет.
Ірі компанияларда тәуекел түрін анықтау үшін алдын ала әзірленген тізімдерді пайдаланады, ал шағын фирмалар әдетте сақтандыру компаниялардың қызметіне жүгінеді немесе тәуекелдерді теңестіру және өлшеу үшін тәуекелдерді басқару жөніндегі сарапшыларды жалдайды. Тәуекелдер теңестірілгеннен кейін әр тәуекелдің фирмаға тигізген ықпал дәрежесін анықтау қажет.
Практикада нәтиженің оңтайлы ықтималдығымен нәтиженің оңтайлы ауытқуы үйлесіп қолданылады. Көрсеткіштердің ауытқуы оның дисперсиясынан, орта квадраттық ауытқуынан және вариация коэффициентінен көрінеді.
Капитал салымының мүмкіндік табыстылығы келесі формуламен есептелінеді:
(1)
мұнда ki – i капитал салымының мүмкіндігі;
Pi – i капитал салымының алу ықтималдығы.
Дисперсия келесі формуламен анықталады:
(2)
Орта квадраттық ауытқуы келесі формуламен анықталады:
(3)
Вариация коэффициенті келесі формуламен есептелінеді:
(4)
Ұтыс пен тәуекелдің оңтайлы үйлесімі ережесінің негізгі: менеджер ұтыс пен тәуекелдің мүмкін болатын көрсеткіштерін бағалайды да, капиталды ұтыс алатын, тәуекелі аз шараға салуға шешім қабылдайды.
Тәуекел капитал салым жасауға шешім қабылдау ережесі шешім варианттарын таңдау әдістерімен толықтырылады.
Қоржынға кіретін активтің тәуекелі аздау. Қоржын тәуекелін қарастыруы жалпы тәуекелге қатысты қорытындылардың түбегейлі өзгерісіне әкелуі мүмкін. Қоржынның күтілген табыстылығы осы қоржынға кіретін жеке бағалы қағаздардың күтілген табыстылығының көрсеткіштерінен орташасы болып келеді:
^ n ^
kp =  x i ki (5)
i=1
мұнда: kp – қоржынның күтілген табыстылығы;
xi – i активке инвестицияланған (салынған) қоржын үлесі;
ki – i активтің күтілген табыстылығы;
n – қоржындағы активтер саны.
Мысалы, А акцияның күтілген табыстылығы ka=10% дейік, ал B акцияның KB=15%. Егер барлық капиталды А акцияларына салсақ, қоржынның күтілетін табыстылығы kp=ka=10%. Егер капиталды тек қана B акцияларына инвестицияласақ, инвестициялардың күтілген табыстылығы KP=KB=15%. Капиталды акцияларға тең үлестермен инвестициялау барысында қоржынның табыстылығы акциялардың орташасына тең болады: kp= .
Бір жылдан кейін А және В акциялары табыстылығының нақты мағыналары, демек, тұтастай алғанда, қоржынның да, олардан күтілген мағыналарымен сәйкес келмейді. Корреляция (сәйкестік, ара қатыс) – бұл белгілер арасындағы байланыс, яғни екі ауыспалылардың бірлескен өзгеріске үрдістері. Бұл үрдістің қуаты r корреляция коэффициентінің көмегімен өлшенеді, ол +1,0 шегінде жатыр, бұл ауыспалылардың бір бағытта бірдей өзгерісін білдіреді, ал – 1,0 дейінгі шекте болса, екі ауыспалылар маңыздарының қарама-қарсы бағыттардағы өзгерісін білдіреді. Корреляция коэффициентінің 0 тең екендігі ауыспалылар араларындағы байланыстың жоғын көрсетеді, яғни біреуінің өзгерісі екіншісінің өзгерістерінен тәуелсіз. Қоржынды (портфельді) талдау үшін пайдаланатын негізгі түсініктер:
1) ковариация, 2) корреляция коэффициенті. Ковариация – акция табыстылығы жеке маңызы дисперсиясын және осы акцияның, басқа барлық акциялардың табыстылығының өзгеруі арасындағы байланыс күшін ескеретін өлшем. Тәуекел дәрежесін есептеудің статистикалық тәсілдері көптеген деректерді талап етеді, олар кәсіпорында әрдайым болмауы мүмкін.
Деректердің жинауы мен өңдеуі өте қымбатқа түседі. Сол себептен қаржы менеджері ақпараттың аз немесе жоқ болған жағдайында басқа әдістерді қолданады. Мысалы, сараптамалық әдіс, ол тәжірибелі кәсіпкерлер мен басқа мамандардың пікірлерін өңдеу жолымен іске асырылады. Сараптамашылар өз бағаларымен бірге шығындардың әр түрлі шамаларының (сомасы немесе %) пайда болу ықтималдығы жөнінде деректер бергені жөн.
Практикада тәуекелді анықтаудың статистикалық және сараптамалық тәсілдері ең қолайлы болып саналады. Қаржы менеджері келесіні білуге тиісті: тәуекелдерді бағалаудың және басқарудың ең жетілген жүйелеріне ие болсаң да, олардың салдарын толық болдырмауы қолдан келмейтін іс. Бірақ тәуекел – менеджменттің қазіргі заманғы құралдардың тиімді пайдалануы бизнесті материалдық және қаржы шығындардан қорғауға мүмкіндік береді.
Қоржын (портфель) – салымшының нақты инвестициялық мақсатына жету үшін бірге жиналған әр түрлі инвестициялық құралдар жиынтығы. Қоржынға бір типтегі қағаздар (акциялар), әр түрлі инвестициялық құндылықтар (акциялар, облигациялар, депозиттер, сақтандыру полистері т.б. кіреді).
Қоржынды қалыптастырудың басты мақсаты – инвестор үшін тәуекел мен табыс араларында оңтайлы үйлесуге (сай келуге) жету, яғни инвестициялық құралдардың тиісті жинағы оның шығындарын азайтып, табысын жоғарылату.
Инвестициялық қоржынды қалыптастырудың негізгі мақсаттары:

  • ағымдағы кезеңде инвестициялық табысты қалыптастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

  • қаржылық инвестициялаумен байланысты инвестициялық тәуекелдер деңгейін төмендету;

  • инвестициялық қоржынның қажетті өтімділігін қамтамасыз ету;

  • қаржылық инвестициялау үдерісінде «салық семсері» әсерін қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы қоржындық теорияның негізінде «тиімді қоржын» тұжырымдамасы жатыр, оның қалыптасуы тәуекелдің берілген деңгейінде табыстылығы деңгейінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге немесе табыстылықтың берілген деңгейінде тәуекелдің ең төмен деңгейін қамтамасыз етуге тиісті өзара байланыстардың өзгеру статистикалық әдістерін пайдаланудың ең маңыздысы – тиімді қоржындарды таңдау. Оңтайлы қоржын деп нақты инвестор үшін ең тәуір болып келетін тиімді қоржындардың бірі болып саналады.
Оңтайлы қоржынды таңдау барысында екі тәуелсіз міндеттер шешіледі:
1) қоржындардың тиімді көпшілігін таңдау;
2) осы тиімді қоржындар жиынынан инвестор үшін ең тәуір жалғызын таңдау.
Осы екі шарттарға сәйкес келетін қоржындар жиыны тиімді жиын деп аталады.

Сурет 1. Қоржындардың тиімді жиыны сызығы


1-ші суретте мүмкін болатын, болуы мүмкін емес және тиімді қоржындар, сонымен бірге тиімді жиын сызығы көрсетілген. Тиімді қоржын – тәуекелдің берілген деңгейінде ең жоғары табыстылықты немесе берілген табыстылық барысында ең аз тәуекелді қамтамасыз ететін қоржын. Өзара байланыстардың статистикалық өлшеу әдістерінің маңызды қолдануларының бірі – тиімді қоржындарды таңдау яғни тәуекелдің кез келген деңгейінде ең жоғары күтілген табыстылықты немесе кез келген күтілген табыстылық үшін тәуекелдің ең аз деңгейін қамтамасыз ететін қоржындарды.


Қаржы тәуекелдерді жою механизмдері олардың жайсыз салдарын азайтудың әдістер жүйесі болып келеді. Қазіргі заманғы жағдайларда жоюдың ішкі механизмдері кәсіпорынның қаржы тәуекелдер бөлігін қамтиды. Қаржы тәуекелдерді жоюдың ішкі механизмдер жүйесі келесі негізгі әдістердің пайдалануын қарастырады:
1. Тәуекелден қашу;
2. Тәуекелдің шоғырлануын кесімді шектеу.
3. Хеджирлеу (бағалар мен пайданы сақтандыру түрі);
4. Тәуекелді үлестіру;
5. Өзін-өзі сақтандыру;
6. Әртараптандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет