§78. ё әрпі о́ әрпімен таңбаланады. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады: manо́vr (-diń, -i, -ge, -ler), brýselо́z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (-diń, -i, -ge, -ler), amóba (-nyń, -ny, -ǵa, -lar), dırıjо́r (-diń, -i, -ge, -ler), rejısо́r (-diń, -i, -ge, -ler).
§79. ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sırk, sement; desımetr, proporsıonal, kvars, korporasıa, senarı, abses, plebısıt.
§80. щ әрпі sһ әрпімен жазылады: ýchılıshe, praporshık, borsh, shı (тағам).
§81. э әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator, poetıka, koefısent.
§82. ю әрпі ú әрпімен жазылады: parashút, absolút, glúkoza, debút, prodúser, lúks, valúta, búdjet, búro, sújet, búleten, fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымшалар соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.
§83. я әрпі а́ әрпімен жазылады: zarа́d, knáz, narád, razrád, grıláj. Қосымша §16 бойынша жалғанады.
Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: aksıa, alergıa, hımıa, gımnazıa.
§84. Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады: аlkogól (-diń, -i, -ge, -der), аnsámbl (-diń, -i, -ge, -der), asfált (-tiń, -i, -qa, -ta), álbatros (-tyń, -y, -qa, -tar), álbom (-nyń, -y, -ǵa, -dar), álfa (-nyń, -ǵa), álmanah (-tyń, -y, -qa, -tar), álpınıs (-tiń, -i, -ke, -ter), ált (-tiń, -i, -ke
Достарыңызбен бөлісу: |