§42. Қосарланған болжалдық сан есімдер дефиспен жазылады: bir-eki, alty-jeti, úsh-tórt, otyz-qyryq, altaý-jeteý, bireý-ekeý.
§43. Грамматикалық тұлғалармен келген қос сөздер дефис арқылы жазылады: týradan-týra, qoldy-qolyna, ózinen-ózi, qaraptan-qarap, bardy-joqty, azdy-kópti, tekten-tekke, teginnen-tegin, qolma-qol, betpe-bet, kózbe-kóz, jolma-jol, barar-barmas; bılep-tóstep, sharshap-shaldyǵyp, kórgen-túıgen, jýyp-shaıyp, qyryp-joıyp, jylap-eńirep, ósip-ónip.
§44. Араб цифрымен берілген санға қосымша дефис арқылы жалғанады, сондай-ақ түсірілген -ynshy (-inshi), -nshy (-nshi) қосымшасының орнына дефис қойылады, ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды: 6-ǵa, 100-ge deıin, 10-15-ten; 2018-jyly, 5-sanat, 3-kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-úı, 9-páter, ХХІ ǵasyr, III tom, IV taraý. Бірақ № шартты белгісімен тіркесетін араб цифрлы сан есімдер дефис арқылы ажыратылмайды: №82 mektep, dırektordyń №5 buıryǵy, №107 qaýly, №17 kiris.