Тілдің жалғамалылығы


IV тарау БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ §30



бет11/19
Дата24.02.2022
өлшемі94,34 Kb.
#133092
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
жана латын әлипбиі

    Бұл бет үшін навигация:
  • Бірақ
IV тарау
БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ
§30.  Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылады: kókónis, shekara, jertóle, baǵdarsham, beınebaıan, sýsabyn, kereńqulaq (өс.), ıtsandyq (өс.), kelteshash (өс.).
§31. Екінші сыңары -lyq (-lik, -dyq, -dik, -tyq, -tik) қосымшасымен келген қоғамдық, әлеуметтік лексика, -ar (-er) қосымшасымен келетін әдет-ғұрып, кәде атаулары, -lar (-ler, -dar, -der, -tar, -ter) қосымшасымен келетін ботаникалық, зоологиялық атаулар, -qysh (-kish, -ǵysh, -gish) қосымшасымен келетін құрал-сайман және техника атаулары, -ty (-ti, -dy, -di), -pa (-pe, -ba, -be, -ma, -me), -ys (-is, -s), -ǵy (-gi, -qy, -q) қосымшасымен келетін лексикаланған тұрақты тіркестер мен зат атаулары бірге жазылады: ortaazıalyq, jerjúzilik, arampıǵyldyq, búkilálemdik, jalpyhalyqtyq, birrettik; aýyzashar, atqaminer; ashatuıaqtylar, balyqqorektiler, jalańkózdiler, aǵashkemirgishter; kespekeskish, sabynsalǵysh, órtsóndirgish; sharýabasty, nemketti, súıkeısaldy; alypqashpa, baýkespe, janbaǵys, kireberis, kúnkóris; aýaqyzdyrǵy, aýasúzgi, bórioınaq.
§32. Ásire, bir, kóp, jalpy, бей және avan, avıa, avto, agro, antı, aero, gıdro, gıper, eýro, ızo, ınfra, kıno, mega, mını, radıo, tele, trans, últra, foto, elektr сияқты сөзалды сыңарларымен, сондай-ақ beı қосымшасымен келген атаулар бірге жазылады: ásiresolshyl; birqalypty, birmándi; kópmándi, kópmúshe; jalpyulttyq, jalpymemlekettik; beıkúná, beıhabar; avansahna; avıamektep; avtojol; agrokeshen; antıdene; aeroshana; gıdrobeket; gıperbelsendi; еýrosport; ızosyzyq; ınfraqurylym; kınoqondyrǵy; megajoba; mınıjoba; radıobaılanys; telearna; transshekara; últradybys; fotosýret; elektrsúzgi.
§33. Екінші сыңары aralyq, qumar, jandy, taný, tanym, jaı, hat, aqy, ishilik, symaq сияқты сөздермен келген атаулар бірге жазылады: halyqaralyq; ataqqumar; ultjandy; jaratylystaný; tiltanym; jylyjaı; ashyqhat (ashyqhat syılaý); zeınetaqy; mekemeishilik; ákimsymaq. Бірақ анықтауыштық қатынас сақталған күрделі сөздер бөлек жазылады: ashyq hat, qyzmettik hat.
§34. Esh, ár, keı, bir, qaı, qaısy, álde сөздерімен келген есімдік, сын есім, үстеулер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады: eshkim; árkim; ártúrli; keıbir; birdeńe; qaıbir; qaısybireýler; áldeqalaı.
Е с к е р т у. Ár, keı, bir, qaı, álde сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады: ár el; keı bala; bir jumys; qaı zaman; álde shyn, álde ótirik.
§35. Бірінші сыңары aq, qara, sary, kók, qyzyl, ala, boz тәрізді түс атауларымен келетін ботаникалық, зоологиялық терминдер бірге жазылады: aqıyq (құс), aqshabaq (балық); qaraqus, qaraaǵash (өс.); saryandyz (өс.), sarygúl; kókqutan (құс), kókbasshóp (өс.); qyzylqasqyr (аң), qyzylbıdaı; alabuǵa (балық), alabulbul (құс); bozbetege (өс.), boztorǵaı. Үш құрамнан тұратын ботаникалық, зоологиялық атаулардың алдыңғы екі сыңары бірігіп жазылады: aqbas sıyr, sarybas jylan.
§36. Лексикалық мағынасынан ажыраған qoı, sıyr, túıe, bota, qozy, at, qoıan, aıý, bóri, qasqyr, ıt немесе qum, sý, bal, ý, sor сөздерімен тіркескен ботаникалық, зоологиялық атаулар бірге жазылады: qoıjýsan (өс.), sıyrjońyshqa (өс.), botabúrgen (өс.), qozygúl (өс.), atqulaq (өс.), qoıansúıek (өс.), aıýbaldyrǵan (өс.), aıýbadam (өс.), bóriqaraqat (өс.), qasqyrjem (өс.), ıtbúldirgen (өс.), qumberish (өс.), sýbetege (өс.), balqaraǵaı (өс.), ýkekire, ýbıdaıyq (өс.), sorqańbaq (өс.).
Е с к е р т у. Aq, qara, qyzyl, qońyr, sur, shubar сөздері аң-құс, өсімдік түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: aq alabota, qara qarǵa, sur jylan, shubar baqa.
§37. Eкінші сыңары shóp, gúl, tiken, japyraq, tamyr, qus, balyq, qurt, jıdek, jemis, qat сөздерімен келетін ботаникалық атаулар бірге жазылады: emenshóp, qońyraýshóp; kúımesgúl, qaltagúl; sortiken, shaǵyrtiken; túımejapyraq, sútjapyraq; altyntamyr, beltamyr; totyqus, kókqus; taraqbalyq, qylyshbalyq; qaraqurt, bósirqurt; qyzyljıdek, ıtjıdek; tamyrjemis, torjemis; qaraqat, qyzylqat.
§38. Күрделі сөзге айналған фразеологизмдер бірге жазылады: aqsaqal, aqsúıek, aqnıet, aqnıettik, aqkóńil, aqkóńildilik; kóshbasshy, dúnıeqońyzdaný, erjúrek, erjúrektik, janpıda, janpıdalyq, ataqonys; basqosý, atsalysý, atústi, atústilik.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет