Тілдің жалғамалылығы



бет7/19
Дата24.02.2022
өлшемі94,34 Kb.
#133092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
жана латын әлипбиі

Қосымшалардың жалғануы
§13. Қосымшалар түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: jumys-shy-lar-dyń, qart-tar-dyń, baqsha-myz-da; mekeme-de, bereke-si, teńiz-shi-ler; kitap-tyń, qudiret-ke, muǵalim-niń; kógal-ǵa, kógoraı-ǵa.
§14. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымшалар қатаңнан, ал дауысты, ұяң немесе үнді болса, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa, qyrat-tar, mektep-ke, kólik-pen; táj-ge, qaryz-ǵa, juldyz-dar; tań-ǵa, pán-der, tal-dyń, kól-ge, bala-ǵa, bala-lar, áje-ge, áje-niń.
§15. Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i әріптері тәуелдік қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: aýyl – aýly, daýys – daýsy, erin – erni, halyq – halqy, oryn – orny, ǵuryp – ǵurpy, qyryq – qyrqy (қырқын беру), kórik – kórki (бет-ажар), árip – árpi, naryq – narqy (бағасы), paryq – parqy, qulyq – qulqy, oıyn - oıyny.
Е с к е р т у. Мағынасына нұқсан келетін сөздерде y, i түсірілмей жазылады. Мысалы: qulyq – qulyǵy; kórik – kórigi (ұстаның құралы); qalyp – qalyby (нанның қалыбы); qyryq – qyryǵy (сандық мағына); naryq – naryǵy (термин), .
§16. Соңғы буынында á әрпі жазылатын түбір сөздерге ашық дауыстылармен келетін қосымшалар ғана жуан жалғанады: kúnásinа, kúnásinаn, kýásinа, kýásinаn, kúnáǵa, kúnádan, kinálaý, shúbálaný, kýáǵa, kýádan, kúmánǵa, kúmándaný.
§17. s, z, j дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір сақталып жазылады: basshy (bashshy емес), qussha (qushsha емес), tuzsyz (tussyz емес), sózsiz (sóssiz емес), aýyzsha (aýyshsha емес), tájsiz (táshsiz емес).
§18. n дыбысына аяқталатын сөздерге b, g, ǵ, m дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: burynǵy (buryńǵy емес), janǵa (jańǵa емес), qaýynǵa (qaýyńǵa емес), túngi (túńgi емес), tómengi (tómeńgi емес), júgenge (júgeńge емес), janbaıdy (jambaıdy емес), kónbedi (kómbedi емес), senbeıdi (sembeıdi емес), saımanmen (saımammen емес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет