§9. ю әрпі ıý әріп тіркесі түрінде жазылады: aıý, baıý, oıý, jaıý, súıý.
Е с к е р т у. ı әрпінен кейін тұрған ю әрпінің орнына ý жазылады: qıý, jıý.
§10. я әрпі ıa әріп тіркесімен жазылады: qoıan, ıaǵnı, saıa.
Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я әрпінің орнына а жазылады: qıar, sıa, jarıa.
ІІ тарау
ТҮБІР СӨЗДЕР ЕМЛЕСІ.
ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАНУЫ
Түбір сөздер емлесі
Қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша жазылады.
§11. Төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem. Ал кейбір кірме сөздерде тіл үндестігі сақталмай жазылады: quzіret, qudіret, muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret.
§12. Сөздердің және күрделі сөздер мен сөз тіркестері сыңарларының түбір тұлғасы сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók емес), júrek (júrók емес), oryndyq (orunduq емес), kók oramal (kóg oramal емес), aq ala (aǵ ala емес), aq aıý (aǵ aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsa ıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес), kúnkóris, kúnbaǵys, shekara, qyrkúıek, kókónis.
Достарыңызбен бөлісу: |