Бақылау сұрақтары:
1. Ауыспалы мағына дегеніміз не? 2. Ауыспалы мағынаның жасалу жолдарын атаңыз. 3. Омоним және оиограф дегеніміз не? 4. Синоним, синонимдік қатар дегеніміз не? 5. Антонимдер қалай жасалады? 6. Табу және эвфемизмдер дегеніміз не? Сабақтың тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:Сөз мағыналарына компоненттік анализ беру (ғылыми талдау).
Қажетті әдебиеттер 1. В.В.Виноградов. Основные типы лексических значений слова. ''Вопросы языкознания'', М., 1953, N5.
2. Н.М.Шанский. Очерки по русскому словообразованию и лексикологии. М., 1959, N5, стр. 154-157.
3. Ә.Болғанбаев. Қазақ тiлiнiң лексикологиясы. А.,1978 .
4. Қалиев Б., Жылқыбаева А. Сөз мағынасының негiздерi. А., 2002.
5. Оразов М. Қазақ тiлiнiң семантикасы. А., 1991.
Тәжірибелік сабақ 15. Сабақтың тақырыбы: Тілдік қатынастың құрамы
. Құзреттіліктер -Белгілі бір тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алатын дәрежеге жеткізу;
Сабақтың мақсаты:Лексикологияның негізгі сөздік қорының қалыптасуы жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың жоспары: 1. Негізгі сөздік қор, оның басты белгілері.
2. Сөздік құрамның тарихи арналары: 1. Қазақтың байырғы тума лексикасы: а) жалпы түркілік сөздер; ә) қыпшақ тілдеріне ортақ сөздер; б) қазақтың тума төл сөздері.
3. Кірме сөздер: а) монғол тілінен ауысқан сөздер; ә) араб, парсы тілдерінен енген сөздер; б) орыс тілінен және сол тіл арқылы Европа тілдерінен енген сөздер.
4. Тілдің сөздік құрамының толығып даму жолдары
5. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері: бейтарап лексика, сөйлеу тілінің лексикасы, кітаби лексика, экспрессивті –эмоционалды лексика.
Бақылау сұрақтары:
1. Негізгі сөздік қордың басты белгілерін атаңыз.
2. Сөздік құрамның тарихи арналарына нелерді жатқызамыз?
3. Кірме сөздер дегеніміз не?
4. Тілдің сөздік құрамының даму жолы жайлы түсінік беріңіз.