Еуропалық Тілдік Портфель – бұл «Жалпыеуропалық бағалау шкаласы» (“Common European Framework of Reference” көрсетілген құжат. Бұл құжат 1996 жылы Страсбургте өткен Еуропа Кеңесінде қабылданды.
Еуропалық Тілдік Портфель – бұл «Жалпыеуропалық бағалау шкаласы» (“Common European Framework of Reference” көрсетілген құжат. Бұл құжат 1996 жылы Страсбургте өткен Еуропа Кеңесінде қабылданды.
Портфельдің мақсаты: халықаралық стандарттарға сәйкес басқа тілді меңгеру деңгейін сипаттау және біліктіліктің әр түрлі жүйесін салыстыруды жеңілдету. Құжат қарым-қатынасқа, білім мен білігіне қажетті құзыреттіліктерді, жағдаяттарды және қарым-қатынас кеңістігін суреттеп, сипаттайды.
Оқушылар А – С деңгейлеріне арналған дескрипторларды қолдана отырып, өз беттерінше өздерінің тілдік біліктіліктері мен дағдыларын бағалайды. Сонымен қатар, мұғалім оқушылардың нақты білімдерін бағалай алады. Оқушы сияқты, мұғалім де белгіленген деңгейді оқушының жетік меңгеруі үшін оның тілдік білігін әрі қарай дамыту жолдарын жоспарлай алады. Белгілі бір уақыт өткен соң (мысалы, тоқсан, жыл немесе оқытудың бір кезеңі) мұғалім не оқушы өсу динамикасын бақылау мақсатында оқушының білімі мен білігін қайта тексереді.
Жалпыеуропалық портфельдің бөлімдері
Тілдік төлқұжат – осы портфельді бастаған уақыттағы тілге қатысты жеке құзыреттілігіне щолу жасау. Тілдерді меңгеру деңгейлерінің Жалпыеуропалық шкаласы негізге ала отырылып, төлқұжатқа оқушының өзін - өзі бағалауы және мұғалімнің немесе тілдік институттардың берген бағасы енгізіледі. Бағаның қойылған мерзімі және кім қойғандығы көрсетіледі. Сонымен қатар оқушылардың мәдениет аралық қарым-қатынас бойынша іс-тәжірибелері сипатталады.
Тілдік өмірбаяны – тілді меңгеру үдерісінде жоспарлай білу, рефлексия жасау, өзін - өзі бағалай білу дағдысын дамытуға әсерін тигізеді. Көптілділіктің, бірқатар тілдерде құзыреттіліктерінің дамуына мүмкіндік береді. Басқа тілдерді қолдана отырып мен не істей аламын? Оқу үдерісінде және сыныптан тыс кезеңде менің тілдік және мәдени тәжірибем қандай дәрежеде?
Досье – тілдік төлқұжат пен өмірбаянында көрсетілген жетістіктерін бейнелейтін құжаттар, жазба жұмыстары, суреттер тәрізді материалдары. Портфельдің иесі тілді өз бетінше үйрену барысындағы жұмыстарын жинайды.
Менің тілдік
портфолиом
Харрасова Алина
Бағалау парағы
Оқушының аты – жөні___________________________________