Тыныс алу қызметі бұзылғанда мейірбике көмегі



Дата03.04.2022
өлшемі5,29 Mb.
#137750
Байланысты:
Тыныс алу қызметі бұзылғанда мейірбике көмегі

Тыныс алу қызметі бұзылғанда мейірбике көмегі Оксигенотерапия

Тыныс алу жүйесі дегеніміз не?

  • Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет.
  • Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. 

Тыныс алу туралы қызықты мәлімет

  • Тыныс алу мүшелері ағзаны оттегімен қамтамасыз ету мен көмір қышқыл газын шығару қызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16-дан 40-қа дейін өзгеріп отырады, бұл адамның жасына, жынысына, дене құрылысына байланысты.
  • Дене қызуының көтерілуі, қобалжуы, дене енбегімен айналысу тыныс алу жиілігін арттырады.

Өкпе қатерлі ісігі ота

Тыныс алудың бұзылысындағы мейірбике жұмысы

  • Тыныс алу мүшелері ауруларының тамыр соғуын, қан қысымын, тыныс алуын қадағалап, оның жағдайы нашарлап, тіпті әлсірегеннің өзінде дереу дәрігер шақыруы тиіс. Осы процедуралардың барлығын пульмонология бөліміндегі мейірбикелер ұйымдастырады.
  • Тыныс алу жиілігін пациентке байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен пациент білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай (санағандай) болады, ал екінші қолын пациент көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды. Тыныс алу қалыпты, белгілі бір терендікте болуы тиіс.

Тыныс алу

  • Тыныс алу орталығының қызметі зардап шеккен кезде тыныс алу сирейді. Ауыр жағдайларда Чайн-Стокс, Биота және Куссмауль типтес патологиялық тыныс пайда болады:

Чайн-Стокс тынысы

  • дем алу қимылдарынын арасында біртіндеп өсетін және тыныс толық тоқтап қалғанша азаятын үзілістер болады.

Биота тынысы

  • қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутқа дейін созылатын ұзақ үзілістерімен сипатталады.

Куссмауль тынысы

  • қалыпты сирек тыныс алу циклдерімен, шулы дем алу және дем шығаруы күшеюімен сипатталады.

Тыныс алу жүйесінің ауруларында кездесетін негізгі симптомдар – мыналар:

  • 1.Кеуде торының ауруы.
  • 2.Ентігу.
  • 3.Демігу.
  • 4.Жөтелу.
  • 5.Қақырық бөлу.
  • 6.Қан түкіру.
  • 7.Цианоз.Әлсіздік, шаршау, тәбеттің болмауы, бас ауруы жиі-жиі кездеседі.

Кеуде торының ауруы

  • Бұл жағдай: құрғақ плеврит, крупты пневмония, өкпе инфарктында, өкпенің обырында, кеуде торының жарақаттануында, пневмоторакс, қабырға сынғанда кездеседі. Кеуде торындағы аурулар терең және беткейлік болып екіге бөлінеді.
  • Беткейлік аурулар көбінесе қабырғалар сынғанда, қабырғааралық невролгия кезінде де кездесуі мүмкін. Терең аурулар плевралық аурулар деп те аталады. Плевралық аурулар: терең дем алғанда, жөтелгенде, физикалық күш түскенде пайда болады.

Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда мейірбике көмегі

  • Дәрігерге айту
  • ·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу
  • ·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз
  • ·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді беру
  • ·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек
  • ·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек.

Ентігу және мейірбикелік күтім көмек

  • Ентігудің 3 түрі бар: 
  • - инспирациялық ентігу кезінде - дем алу, Бұл ауа жолында бөгде зат болғанда, дифтерия немесе көмей тұсында ісік болғанда кездеседі.
  • - экспирациялық ентігу кезінде - дем шығару, (демікпе, эмфизема, созылмалы бронхиттер).
  • - аралас ентігу кезінде - дем алу да, дем шығару да қиындайды. пневмония, пневмоторакс).
  • ·Көмек: Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз
  • ·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз
  • ·Палатада тыныштық орнатыңыз
  • ·Науқасты тыныштандырыңыз
  • ·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

Оксигенотерапия

  • (оттегімен емдеу)—емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40—50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді.
  • Оттегімен жүргізген емнен кейін сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Оттегі ылғалдануы тиіс. Оттегімен емдеу ұзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет