Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын кеуде (көкірек) қуысындағы бұлшықеттердің қозғалысы:
1 – ауаның өкпеге енуі; 2 – төссүйек; 3 – тыныс алғанда көкеттің тегістелуі; 4 – көкет бұлшықетінің босаңсуы; 5 – тыныс шығарғанда көкеттің күмбезденуі; 6 – көкет бұлшықетінің жиырылуы.
Дем алып, дем шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып-кішіреюінің сызбанұсқасы (стрелка ауаның өту бағытын көрсетеді)
Жасанды тыныс алуда көрсетілетін жәрдем (бағдарша кеуде қуысын қолмен басу бағытын көрсетеді)
Сөйлесу бөлімі
№2 сабақ Өткен сабақты меңгерту, дамыту.
Сабақтың мақсаты: Тарау бойынша алған білімдерін өздігінен оқып,
Меңгеруге, дамытуға ықпал ету.
Шарты: Оқушылар өздігінен кітаппен жұмыс жүргізеді.
Әр оқушыға алдын-ала дайындалған жеке тапсырмалар беріледі.
Дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексереді.
Өзін-өзі бағалау парағына бағалайды.
№1 тапсырма
Тыныс алу жүйесінің маңызы?
Тыныс алу мүшелерін ата.
Мұрын қуысында ауа неге ұшырайды
Тыныс алу қозғалысын ата.
Тыныс алу этаптарын ата.
№ 3 тапсырма
Мұрын қуысының ішкі қабырғасын неге сілімейлі қабықша мен түтікті эпителий қаптайды.
№4 тапсырма. Дұрыс жауапты тап.
Тыныс алудың маңызы:
Қоректік заттар жеткізеді.
Ағзаны салқындатады.
Оттегін сіңіреді.
Су буы бөлініп шығады.
СО2-бөліп шығарады.
Энергия босап шығады.
№2 тапсырма
Өкпедегі өкпе көпіршіктерінің саны.
Дауыс қалай пайда болады?
Кімнің дауысы жіңішке, ер кісі әлде әйел?
Терең тыныс алу мен оның жиілігі неге байланысты?
Тыныс алуға зиянды факторларды ата.
№1 №
№5 тапсырма
Төмендегі терминдердің (1-10) дұрыс анықтамасын (І-ХІІ) тап.
Төмендегі терминдердің (1-10) дұрыс анықтамасын тап. (І-ХІІ)
1.Сілемейлі қабықша. І. Асты көмейге жібермейді.
2. Өкпе көпіршіктері ІІ. Кеңірдекті қабыстырмайды
3.Өкпе ІІІ. Ауаны залалсыздандырады
4. Ауатамыр ІҮ. Тыныс алу жолының алғашқы қабаты.
5.Кеңірдек Ү. Тыныс алу жолының басталуы.
6.Бөбешік ҮІ. Өкпенің сыртын қаптайды.
7.Көмей ҮІІ. Кеуде қуысын астарлап жатады.
8.Шеміршекті жартысақина ҮІІІ. Дыбыс сіңірлері орналасады.
9.Сіріқауыз ІХ. Тыныс алу жолының ең ұзын бөлігі.
10.Мұрын қуысы Х. Көмей мен өкпе капиллярларын қосады
ХІ.Өкпемен қандағы газ алмасу орны..
ХІІ. Газдардың диффузия жүретін орны.
№6 тапсырма
Тыныс алу орталығын ата.
Оттегі қайда сіңіріледі.
№7 тапсырма
Мұрынмен тыныс алудың маңызы.
№8 тапсырма
Тыныс алудағы қорғаныс рефлекстерін ата.
Тыныс алу ауруларын ата.
Тапсырма жауаптары
№1 тапсырма
О2-сіңіріп, СО2 шығару, органикалық заттарды тотықтыру.
Мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, ауа тамыры, өкпе.
тазарады, жылиды, ылғалданады.
Тыныс алу, тыныс шығару.
Тыныс алу, газ алмасу, қанмен газдың тасымалдануы, ұлпадағы газалмасу
№2 тапсырма
1.350 млн-ға жуық.
2. Тыныс шығарғанда ауа дыбыс сіңірлерін қозғалысқа келтіреді.
3.Әйелдерде
4. Жасына, жынысына, денсаулығына байланысты
5. Ауаның ластануы, темекі, жұқпалы аурулар.
№3 тапсырма
Себебі олар ауаны залалсыздандырады, тазартады, жылытады.
№4тапсырма
3,4,5,6
Тыныс алу ауруларын ата.
№5 тапсырма
І-6, ІІ-8, ІІІ-10, ІҮ-4, Ү-10, ҮІ-9, ҮІІ-9, ҮІІІ-7, ІХ-4, Х-5, 4. ХІ-2, ХІІ-2
№6тапсырма
Сопақша мида.
Жасуша митохондриясында.
№7 тапсырма
Ауа залалсызданады жылынады, ылғалданады.
№8 тапсырма
Жөтел түшкіру.
Тұмау, туберкулез, силикоз, суық тию.
Оқушыларды бағалау парағы
р/с
|
Аты-жөні
|
1
|
2
|
3
|
Қорытынды баға
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма. §41- 43 қайталау тірек – сызбаны жаттау.
№3 сабақ Материалды пысықтау және бекіту. Жұбымен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Тіршілік үшін тыныс алу қозғалыстарының маңызын өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен терең тыныс алудың маңызын білуде оқушыларды өзін-өзі жүйелеп, алған білімін дамыта білуге, бірін-бірі бағалай білуге үйрету. Тақырыпты бекіту.
Шарты: 1. Әр оқушы берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.
2. Жауап эталоны бойынша бірін-бірі тексеріп, бағалайды.
№ 1 тапсырма
Өкпедегі газ алмасу механизмін жаз.
Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауаның құрамы..
№ 2 тапсырма
Бір оқушы минутына 500м3 ауа жұтады, 16 рет тыныс алады. Егер сыныпта 25 оқушы болса, олар 45 минутта тыныс алу үшін қанша ауа (м3) жұмсайды.
Ұлпадағы газ алмасу механизмін жаз.
№ 3 тапсырма
Тыныс алуда оттегінің жолын көрсет.
Тыныс алу қозғалысына қандай бұлшық еттер қатысады.
№ 4 тапсырма
Өкпенің құрылысы.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегенімізі не?
№ 5 тапсырма
Тыныс алу мен тыныс шығару қалай іске асырылады.
Тыныс алу қозғалыстарына жүйке және гуморальдық әсер ету..
№ 6 тапсырма
Көмекейдің құрылысын жаз.
Тыныс алудың маңызы.
№ 7 тапсырма
Кеңірдектің құрылысын жаз.
Тыныс алу қозғалысы ненің әсерінен болады.
№ 8 тапсырма
Тыныс алу жүйесі эволюциялық дамуды қай жүйемен тығыз байланыста?
Тыныс алу жүйесіне кері әсерін тигізетін факторлар..
№3 сабақ
Тапсырма жауаптары
№1 тапсырма
Өкпедегі газ алмасу О2 мен СО2 қанықпасына негізделген. Өкпе көпіршіктерінде оттегінің қанықпасы қылтамырларға қарағанда жоғары болады. Сондықтан оттегі қылтамырларға өтеді де мүшелерге барады.
Оттегі -21%, СО2-0,03%, N2-79%.
Тыныс шығарғанда О2- 16%, СО2-4%, N2--79%.
|
№2 тапсырма
11,0 м3
Салатамыр қылтамырларындағы оттегінің қанықпасын ұлпадағы оттегінің қанықпасына қарағанда жоғары болады сондықтан оттегі ұлпаға өтеді.
|
№3 Тапсырма.
Мұрын қуысы көмей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе, көпіршіктері, қантамырлары, ұлпа, жасуша.
Көкет және қабырға аралық бұлшық еттер.
|
№4 Тапсырма.
Өкпе көпіршіктерден құралған борпылдақ дене. Әрбір өкпе бөлігінің сыртын дәнекер ұлпасынан тұратын жылтыр тегіс қабықша-өкпе сіріқауызы (плевра) қаттайды. Оң жақ өкпе 3, сол жақ 2 бөлікте тұрады. Кеуде қуысының ішкі қабырғасын да сіріқауыз атарлап жатады, олардың арасындағы ылғалды қуыста ауа болмайды аздаған сероз деп аталатын сұйықтық болады. Ол өкпенің үйкелісін жеңілдетеді.
Адам терең тыныс алғанда және шығарғанда шамамен 1500 см3 ауа жұтып, шығарады. Терең тыныс алғандағы жұтқан және шығарған ауаның ең үлкен көлемі өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп аталады. (ӨТС). Оны спирометрмен өлшейді.
|
№5Тапсырма.
1. Тыныс алғанда импульс ырғақты түрде тыныс алу орталығына беріледі де жүйке жасушалары арқылы қабырғааралық бұлшық еттерге және көкетке әсер етіп олар жиырылады. Қабырға көтеріледі бұлшық ет жиырылуынан көкет жазылып кеуде қуысының көлемі ұлғаяды. Өкпе кеуде қуысының қозғалысымен қозғалады. Тыныс алу жүреді. Сонан соң қабырғааралық бұлшық еттермен көкет босаңсып кеуде қуысының көлемі кішірейеді де өкпе сығылып, тыныс шығару пайда болады.
2.ныс алу жүйке және гуморальды жолмен реттеліп отырады.
3.Жүйкелік: Сопақша мида тыныс алу және тыныс шығару бөлімдері болады.
4. Гуморальді: Қандағы СО2 концентрациясына байланысты. Неғұрлым қан құрамында СО2 көп болса, соғұрлым адам жиі тыныс алады.
|
№6 Тапсырма.
Көмекей 4-6 мойын омыртқалар тұсында орналасқан және жоғары ұшымен тіл асты сүйегіне, ал төменгі ұшымен кеңірдекке бекінген. Көмекей қабырғалары жұп және тақ шеміршектерден түзілген қуыс мүше, бұл шеміршектер сіңірлермен, буындармен және бұлшық еттермен қозғалмалы болып байланысқан. Көмекейдің қалқан тәрізді, оймақ тәрізді шеміршектері және тілшік шеміршегі – сыңар шеміршектер. Ал көмекейдің ожау тәрізді және сына тәрізді шеміршектері – жұп шеміршектер- буындармен байланысқан және сіңірлермен өзара жалғасқан. Бұл көмекейдің қозғағыштығы мен оның дауыс дыбыстарының түзілуіне қатысуын қамтамасыз етеді.
О2- сіңіріп, СО2 органикалық заттарды толықтыру.
|
№7 Тапсырма.
Кеңірдек көмекейдің жалғасы болып табылады. Ол ұзындығы ересек адамдарда 9-13 см келетін түтікше. Кеңірдек оның қабысуына кедергі жасайтын 16-20 шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады.
Сана. СО2- нің қандағы концентрациясы
|
№8 Тапсырма.
Қан айналымы мен тірек қимыл жүйесі.
Ауаның ластануы, темекі , жұқпалы ауру.
|
Үйге тапсырма. §41- 43 қайталау тірек – сызбаны жаттау.
№ 4 сабақ
Қорытынды бөлімі:
Тест
Сынақ.
І вариант
1. Тыныс алу орталығы:
А) Өкпе ә) Сопақша ми б) Мишық в) Өкпе көпіршіктері
2. Тыныс алу қозғалысына не әсер етеді.
А) Сана. Ә) СО2 қандағы мөлшері. Б) Өсімді Ж.Ж. В) Орталық Ж.Ж
3. Тыныс алу алуға қатынсатын бұлшық еттер
А) Көкет Ә) Арқа бұлшықеті. Б) Қабырға аралық бұлшықет В) Құрсақ бұлшық еті
4. Сөйлемді аяқта.
Тыныс алу жүйесі эволюциялық дамуда қан айналым жүйесімен және __________________________________________________байланысты.
5. Оттегінің өкпе көпіршіктерінен қылтамырға өту себебі ______________байланысты.
6. Оттегін _______________________сіңіреді.
7. Дұрыс па: О2 мен СО2 газ күйінде болады.
А( иә Б) жоқ.
8. Тыныс алуда өсімдіктердің маңызы О2 бөлінуде
А) иә Б) жоқ.
9. (1-15) дұрыс анықтамасын тап.
1. Өкпе а) Тыныс алу жолының алғашқы қабаты
2. Көмей ә) Өкпедегі және қандағы газ аласу орны
3. Мұрын қуысы б) Өкпенің сыртын қаптайды
4.Сілемейлі қабықша в) Тыныс алу жолының басталуы
5.Плевра г) Дыбыс сіңірлері орналасады.
10. Тыныс алу жолын ретімен орналастыр.
1. Кеңсірік
2. Кеңірдек
3. Бронхылар
4. Өкпе
5.Мұрын қуысы
6. Көмей
7. Өкпе көпіршіктер
ІІ вариант
Тыныс алудың ағза үшін маңызы.
а/ суыту ә/ СО2 шығару б/ энергия бөлу, г/ АТФ түзу
Оксигемоглобин өкпеден жасушаларға қарай ---------------------жылжиды.
Ауатамырдың маңызы ауаны еркін өткіздіруінде а/ иә, б/ жоқ.
Өкпе көпіршіктері безді эпителийден тұрады. а/ иә, б/ жоқ
Оң өкпенің бөлігі : а/ 2, ә/ 3, б/ 4, в/ 1.
6.Тыныс алудағы салатамырдың маңызы ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- байланысты.
7. / 1-5/ дұрыс анықтамасын тап.
1/ Ауатамыр а/ Асты кеңірдекке жібермейді
2/ Көмей қақпашығы ә/ Тыныс алудың ең ұзақ жолы
3/ Өкпе көпіршіктері б/ Өкпе көпіршектеріне жалғасады
4/ Шеміршекті жарты сақиналар в/ Бронхиолаларды қабыстырмайды
5/ Бронхиолалар г/ Өкпедегі газ алмасу орны.
8. Тыныс алу этаптарын ретімен жаз:
1/ Газ алмау а/
2/ Тыныс алу б/
3/ Ұлпадағы газ алмасу в/
4/ Қан мен газдың тасымалдануы г/
Ересек адамның өкпесінің салмағы :
а/ 500 г ә/ 1 000 г б/ 90 г в/ 200 г
Сіріқауыз қай ұлпадан тұрады?
а/ бұлшықет ә/ жүйке б/ жалпақ эпителий в/ дәнекер
Тест жауаптары :
І вариант
1-ә, 2-а,ә, 3- а,б 4- тірек қимыл, 5- концентрация айырмашылығы,
6 - Митохондрия, 7- а, 8-а, 9 - 1-ә, 2-г, 3-в, 4-а, 5-б
10 - а-5, б-6, ә-1, в-2, г-3, д-4, е-7.
ІІ вариант
1- ә,б,б, 2- қанайналым шеңберлері мен жүрек арқылы 3-а, 4-б, 5-ә,
6 – оттегін сіңіреді, көктамыр қанын өкпе салатамырынан өкпеге тасиды.
7- а-2, ә-1, б- 5, в- 4, г-3, 8 – а-2, б-4, в-1, г-3, 9-ә, 10-в
СЫНАҚ
-
№ 1 билет
1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз не ?
2. Ұлпадағы газ алмасу механизмін түсіндір
|
-
№ 2 билет
1. Өкпедегі газ алмасу механизмін түсіндір
2. Жасанды тыныс алдыру дегеніміз не?
|
-
№ 3 билет
1. Тыныс алу мүшелерін ата
2. Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар
|
-
№ 4 билет
1. Тыныс алудың маңызы
2. Тыныс алудың жүйкелік, гуморальді реттелуі
|
-
№ 5 билет
1. Темекінің тыныс алу мүшелеріне зияны
2. Өкпе көпіршіктерінің маңызын түсіндір
|
-
№ 6 билет
1. Тыныс алу мүшелері мен жолы
2. Дыбыс сіңірлері қайда орналасқан, олардың маңызы.
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Әлімқұлова Р, Р.Сәтімбеков Биология Алматы «Атамұра» 2004 жыл
2.Жөкебайқызы. С.Сейсенбекқызы. Тәнтану. Алматы «Рауан» 1996 ж
3.О.А.Петришина. Е.Попова. Мектеп жасындағы балалар гигиенасы. Алматы «Мектеп»1984 ж
4.Қазақ совет энциклопедиясы ХІ-том 180-бет, ХІІ –том 108-бет.
5.Ә.Өмешұлы. Шаңырақ шаттығы мен ләззаты. Алматы. «Ғылым» 1994 ж.
Ағыбаева Бағила Ертайқызы
1959 жылы Жамбыл облысында дүниенге келген.
С.М Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін 1984 жылы биология-химия оқытушысы мамандығы бойынша үздік бітірген. 1986 жылдан №148 қазақ орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.
2004 жылы Республикалық білім беру жүйесі кадрлар біліктілігін арттыру институтында «Модульдік оқыту теххнологиясы» бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен. «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша іс-тәжірибесі аудандық семинарларда, облыстық «Жазғы тәжірибе алаңында» таратылған және республикалық ғылыми әдістемелік жинаққа енген.
Достарыңызбен бөлісу: |