СТАНДАРТ
Қақырықты атипиялық жасушаларға жинау.
Мақсаты: қақырық құрамындағы ісік жасушаларын анықтау.
Қолданылуы: тыныс алу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күмән болғанда (подозрение).
Әзірле:
таза құрғақ мойны жуан шыны ыдыс (банка) – 50-200мл;
жолдама толтырып, банканың сыртқы бетіне жабыстырыңыз;
(бөлімше, палата №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні, айы).
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа зерттеуге қақырық жинау ережесі жөнінде мағлұмат беріңіз және келісімін алыңыз.
-
Қақырық таңертең ерте аш қарынға жиналады.
-
Науқастан сұраңыз:
-қақырық жинаудан 2 сағат бұрын тісін тазалауын;
-
Бөлінген қақырықты 3-5мл мөлшерінде банкаға жинаңыз, қақпағын жабыңыз.
-
Жаңа бөлінген қақырықты 1 сағат ішінде зертханаға жіберу керек, себебі атипиялық жасушалар тез бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |