Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар



бет41/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Қанның буферлік жүйесі

Адам мен жоғары сатыда дамыған жануарлар қанының әрекетшіл ортасы әлсіз сілтілік болады (рН-7,35-7,45). Бұл көрсеткіш сутегі (Н+) жөне гидроксил иондары (ОН ) мөлшерінің ара қатынасымен анықталады. Артерия қанының рН-7,45, ал вена қанының рН-ы ұлпалардан көмір қышқыл газының сіңірілуімен байланысты 7,35 шамасында сақталады. Зат алмасу процесі барысында қанға көмір қышқыл газдың, сүт қышқылының т.б. қышқыл алмасу өнімдерінің бөлінуіне қарамастан қанның әрекетшіл ортасы тұрақты жағдайда сақталады. Бұл қан плазмасы мен эритроциттердің буферлік қасиеті мен денеден қышқылдар мен сілтілердің артық мөлшерін шығарып отыратын бөлу жүйесінің қызметімен байланысты.

Қан құрамында төрт түрлі буферлік жүйе болады.

1. Бикарбонатты буферлік жүйе; ол көмір қышқылы мен натрий

бикарбонаттарынан тұрады.

2. Фосфатты буферлік жүйе; бір және қос негізді фосфорқышқылды натрийдан тұрады.

3.Белокты буферлік жүйе; плазма белоктарынан құралады. Белоктар амфотерлік қасиетінің арқасында ортаның әрекетшіл ортасына

қарай не сутегі, не гидроксил иондарын бөледі де, қанның сутектік

көрсеткішін бір деңгейде ұстайды. 4. Гемоглобиндік жүйе; гемоглобиннің калийлі тұзына (КНвО2) байланысты. Бұл қосылыс көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан оған өзінің калий ионын береді де, сутегі ионын қосып алып, баяу диссоциацияланатын (ажырайтьш) қышкылға айналады. Канның буферлік қасиетінің 75 пайызы осы гемоглобинге байланысты.

Қан әрекетшіл ортаның қышқыл жаққа ығысуынан жақсы қорғалған. Оның себебі сілтілік қордың болуында. Қанның сілтілік қоры деп 100 мл. қандағы бикарбонаттар мөлшерін айтады. Қан құрамында қышқылдық және сілтілік эквиваленттер белгілі арақатынаста болады да, қышқыл-сілтілік тепе-теңдік қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет