Бездік эпителий. Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер аткарады. Без эпителийі метаболизм процессінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секреті ретінде гормондарды айтуға болады.
Эпителий ағза бездерінің негізгі массасын құрайды.
Жасушалары сүт, тер, жас, сілекей, құлық бөледі. Жасушаларының пішіндері бағана және төрт бұрышты
Бездегі эпителиалдық жасушалардың қызметі - ағза тіршілігіне қажет заттарды жасушаларда тұзіп, олардан бөліп шығару. Бездер ағзада секрет бөлу қызетін атқарады. Олардың көпшілігі қалыптасқан жеке органдар. Басқалары органдардың бөлігі болып саналады.
Бездер дегеніміз- адам мен жануарлар организмінде арнаулы заттар — секреттер бөліп шығаратын органдар.
Достарыңызбен бөлісу: |