11
Типтендіру (грек. typus – үлгі) – әдеби туындыда кейіпкердің мінез ерекшелігін белгілі бір қоғамдық топқа тән белгі, нышандар арқылы көрсету. Көркем шығармадағы типтік бейнелер белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі, тарихи дәуірдегі қоғамдық дамудың негізгі, шешуші сипаттарын көркем жинақтау тәсілі негізінде танылады. Дүниежүзілік әдебиетте Моцарт пен Сальери, Атымтай жомарт, т.б. типтік бейнелер бар. Типол. байланыс ретінде бірнеше халықтың сөз өнеріндегі әдеби ағым мен бағыт, стиль, сюжет, образдар ұқсастығы танылады. Мұндай ұқсастық мәдени байланыс пен тәжірибе алмасу, сондай-ақ тарихи тамырластық пен тіл, дәстүр сабақтастығы нәтижесінде болуы мүмкін. Мысалы, орыс әдебиетіндегі сюжеттік үлгілердің, образдардың қазақ арасында таралуы мәдени ауыс-түйіс түріне жатса, қазақ әдебиетінде шығыстық сюжеттердің кездесуі тарихи тамырластықтан туындаған ұқсастықты танытады.
Прототип (грек. prototypon – түп, төркін бейне) – әдебиет шығарасындағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын, өмірде болған адам, яғни өмірде бар бастапқы, түпкі тұлға.
Шығармадағы кейіпкер мен уақиға нағыз өмірден алынғанда да, олар қаламгердің өмірлік тәжірбиесімен, бұрынғы көрген – көргендерімен ұштасып, оның қиялында тұған сізім – әсерлерімегн сабақтасады.
Өйткені өмірден көрген сол кейіпкер мен оқиға жазушы жанына жақын болмаса, ой – қиялымен, арман – мақсатымен жанаспаса, ол тіпті соларға елеңдемеген, мән бермеген де болар еді. Сөйтіп әдеби кейіпкердің тұлға – бейнесі, образы нақтылы бір прототипке негізделіп жасалғанымен, әдебиетке, көркем өнерге тән типтендіру, жинақтау принциптеріне сәйкес және жазушының нақтылы шығармасындағы идеялық нысанасына орай сомдалып, өзгеше сипат алады. Шығарманың кейіпкері әдебиетте бұрыннан белгілі көркем тұлғаға негізделіп жасалса, оны да прототипі бар образ деуге болады. Мысалы, пьесадағы немесе кинофильдегі белгілі эпостық жырыны негізделіп суреттелген, прототипті бар образ
Жинақтау жайлы әр түрлі пікірлер бар. Жинақтау деген - әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш.
Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады. Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы қисын емес, тірі мүсін - прототип. Әр жазушының твочестволық лабороториясына үңілген адам оның өмір шындығын көркем жинақтау; яғни әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототипп табудан басталғанын байқауға болады. М. Әуезовтың әр типінің өмірде прототипі болған. С. Мұқановтың Амантайының төркіні Амангелді және т.б.
Жинақтау үшін суреткерге, бәрінен бұрын, көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалды сұрыптап, саралап пайдалану үшін талғампаздық керек.
М. Әуезов талғампаздық туралы былай дейді: «Төрт том «Абай жолы» үшін жинақтап, жинап және сұрыптап пайдаланған материалымнан әлі де дәл осындай төрт кітапқа жететін материал пайдаланылмай, артық қалды». Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітім, тұлғасын қалыптастырумен бірге оның ішкі мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мысалы, Ғ. Мұстафин «Дауылдан кейін» романын жазу үстінде бар күшін кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамау жағын қадағалауға жұмсағанын айтады.
11. Орта көлемді эпикалық шығармалар деген не? Оларға не жатады? Нақты мысалдармен талдаңыз
Орта көлемді эпикалық шығармаларға поэма, повесть, дастан жатады.
Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр. Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде “Илиада”, “Одиссея” эпикалық поэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтық дастандар (былина) мен “Игорь жасағы туралы жыр”, т.б. поэмалар кеңінен мәлім. А.С. Пушкиннің “Мыс салт атты”, М.Ю. Лермонтовтың “Мцыри”, Н.А. Некрасовтың “Русьте кім жақсы тұрады?” атты шығармалары поэма жанрының классикалық үлгісі саналады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт”, Ш.Құдайбердіұлының “Қалқаман — Мамыр”, М.Абайұлының “Медғат — Қасым”, М.Сералиннің “Гүлқашима”, С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір”, т.б. шығармалары қазақ әдебиетіндегі поэманың үздік туындылары.
Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды.Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. Ахмет Байтұрсынұлы эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов осы негізде М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамалын” романға емес, ұзақ әңгімеге, сондай-ақ М.Әуезовтің “Оқыған азамат” әңгімесін Повесть үлгісіне жақын келеді деп қорытады. Ж.Аймауытовтың “Күнекейдің жазығы”, Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы”, “Қилы заман”, Ғ.Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне”, “Ұлпан”, Ш.Айтматовтың “Жәмилә”, “Құс жолы”, т.б. Повестьтері үздік көркем туындылар
Дастан – әдебиет жанры. Фольклордың саласына жатады. Таяу Шығыс, Орта Азия, қазақ халықтары арасында кең тараған. Тақырыбына қарай қазақ дастандары батырлар жыры («Алпамыс»), тарихи жырлар («Бекболат»), ғашықтық жырлар («Қыз Жібек»), қиссалар («Тотының тоқсан тарауы») болып бөлінеді. Кеңес заманында еңбек ерлеріне, Отан соғысы батырларына, партия қайраткерлеріне арналған авторы белгілі дастандар шықты. Мысалы, Жамбылдың «Замана ағымы», Н.Байғаниннің «Қанды жорық», Қ.Жапсарбаевтың «Капитан Гастелло» дастандары т. б. дастанның тілі шұрайлы, онда бейнелі сөздер көп кездеседі. М.Әуезов «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)» монографиясының «Абайдың поэмалары» тарауында дастанның негізгі оқиғасы шығыс аңыздарына құрылатындығын, оны Абайдың жаңғыртып, «анық қазақтың өз үлгісіндегі дастандар түрінде» жазғанын мысалға келтірген, «Абай шығыс әдебиетіндегі ұлы классиктер мол баяндаған күйге түгел тоқтап, бағынып қалмайды. Ол аңызды өзінше, көп жағынан өмір шындығына жақындатып, реалистік стильге бұрады»
Достарыңызбен бөлісу: |