Тірек қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға инклюзивті білім берудің аспектілері. Орындаған: Жайлымысқызы Г



Дата25.11.2023
өлшемі17,92 Kb.
#193482
Байланысты:
9 апта Осож


Тірек қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға инклюзивті білім берудің аспектілері.

Орындаған: Жайлымысқызы Г.

Жүру-тірек аппараттары функцияларының бұзылуы туа және жүре біткен себептерден болуы мүмкін. Мұндай патологиялардың бірнеше түрі бар:


Жүйке жүйесінің аурулары (сал ауруы, полиомиелит);
Жүру-тірек аппараттарының туа біткен патологиялары: жамбас сүйегінің шығып кетуі; қисық мойын; табанның түрлі аурулары; омыртқа дамуының аномалиялары (сколиоз); аяқ-қолдың дамымай қалуы және дефектілері; саусақтар дамуының аномалиялары; артрогрипоз (туа біткен ксмтарлық).
Жүру-тірек аппараттарының жүре келе пайда болған дерттері немесе зақымданулары: жұлынның, мидың және аяқ-қолдың жарақаттары; полиартрит; скелет аурулары (туберкулез, сүйек ісіктері, остеомиелит); скелеттің жүйелі аурулары (рахит, хондродистрофия).
Ең көп кездесетіндері - жүру дефектілері мен сал ауруы. «Паралич» - грек тілінде «босаңсу, әлсіреу» дегенді білдіреді. Сал ауруы - бұл иннервациялық ақауларға байланысты аяк-қолдың немесе бір бұлшық ет функциясының жансыздануы. Сал сырқаты, көбінесе, орталық немесе шеткі жүйке жүйелерінің органикалық сырқаттарға шалдығуы нәтижесінде пайда болады.
Сырқат функционалдық жэне органикалық болып екі түрге бөлінеді.
Функционалдық сал ауруы кезінде жүйке жүйесінде анатомиялық өзгерістер болмайды. Олар кенеттен пайда болып, солайша тез және із-түзсіз жазылып кетеді. Ал балалардын церебралды сал ауруы (БЦС) - бұл бас миының баланың жас кезінде зақымдануы немесе дамымай қалуы. Нәтижесінде мидың қимыл-қозғалысқа, сөйлеуге жауап беретін бөлімдері зақымданады.Сондыктан БЦС кезінде адамға ең қажетті функциялар — қимыл, психика және сөйлеу бұзылады.
Оның түрлі себептері бар. Мысалы: Болашақ ананың жүкті кезінде инфекциялық аурулармен ауыруы; токсикоздар; физикалық жарақаттар; ата-аналарының резус факторларының сәйкес келмеуі; кейбір дәрі-дәрмектер; жағымсыз эмоциялар;
БЦС жағдайында коррекциялык жұмыстың негізгі мақсаттары: балаларға медициналық, психологиялық, педагогикалық, логопедиялық және әлеуметтік көмек көрсету; мейлінше ертерек және толық әлеуметтенуге бейімдеу; жалпы және кәсіби білім беру.
Оқу процесін тиісті дәрежеде ұйымдастыру үшін мұғалім олардың психофизикалық даму ерекшеліктерін жете білуі тиіс. Мұғалім оқу-тәрбие жұмысын бастамас бұрын сырқат баланың әке-шешесімен кездесіп, баланың қызығушылықтары мен әуесқойлық-бейімділіктері, құштар ойын түрлері мен жақсы көретін қызмет салалары туралы нақтылап біліп алуы тиіс. Мұғалім баланың жұмыс барысында тірек боларлық жағымды мінез-құлық ерекшеліктерінде анықтап алғаны дұрыс.Сонымен бірге тәрбиеші педагогикалық коррекция мақсатында бала мінезінің жағымсыз жақтарынан да хабардар болғаны жөн. Аномалды баланы сыныпқа қабылдар алдында мүндағы сау балалармен алдын ала әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бүкіл сынып мүшелері сырқат балаларга көмек көрсететіндей жағдай қалыптастыру қажет.
БЦС-мен ауыратын оқушының білім деңгейін тексеру жэне бағалауда барлық пәндер бойынша төмендегі критерийлер басшылыққа алынуы тиіс:
• білімнің толықтығы мен тереңдігі;
• білімнің оперативтілігі мен өмірге бейімділігі;
• білімнің жүйелілігі мен жалпылама игерілу деңгейі.
Қорытындылай келе, жалпы сал ауруымен ауыратын балалар тек қана отбасында ғана емес, білім беру саласындада өздерін жайлы сезіну керек. Мектеп осындай ерекше бала келе жатқан кезде ерекше балаға қажетті жиһаздар, арбалар, пандустың болуы, кең есік жақтауларының, бір адамдық партаның және оқытуға арналған арнай приборлар болуы қажет. Ресейлік ғалымдар Л.Данилова және Е.Архипова және басқалары церебральды салдығы бар балаларды, оның өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі мақсаттарды көрсетіп, мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстарының мазмұны мен әдістерін ашып және оларды ерте бастаған жөн деп айтып кеткен. Түзету дамыту жұмыстары неғұрлым ерте басталса, бала да мектеп кезінде де соғұрлым дамуы жақсы болады.
Қолданған әдебиеттер: Абаева «Арнайы Педагогика», Лиходедова, Оспанбаева «Инклюзивті білім беру»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет