Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша теориялық сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»



бет2/5
Дата17.04.2017
өлшемі1 Mb.
#14028
түріСабақ
1   2   3   4   5

7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

  • пікірталас

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 10 мин (30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)

Төтенше жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша біртұтас мемлекеттік жүйе. ТЖ бойынша коммиссиялар және олардың міндеттері.

Біздің еліміз төтенше жағдайлардың масштабы мен саны бойынша басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалмайды. Қазақстанда жер сілкінісі, су тасқыны, су тасқыны, селдер, нысандардағы апаттар, аймақтардың радиоактивті заттармен ластануы,жол –көлік апаттары және т.б. оқиғалар жиі кездесетіні белгілі.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын – алу және олардың зардартарын шеттету мақсатында біртұтас мемлекеттік жүйе қызмет атқарады (азаматтық қорғаныс жүйесі). Осы қызмет табиғи, техногенді, әлеуметтік және т.б. төтенше жағдайларда халықты, экономикалық нысандарды және территорияны қорғауға бағытталған.

Еліміздегі азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың барлық іс – әрекеттері Қазақстан Республикасынының 07.05.1997ж. бекітілген «Азаматтық қорғаныс туралы» заңында реттелген. Премьер –министрге жүктелген (ол ҚР Азаматтық қорғанысының бастығы). АҚ – ты тікелей басқару үшін орталық атқарушы ұйым, яғни ҚР-ның Төтенше жағдай Министрлігі құрылған.



Төтенше жағдай Министрлігінің (ТЖМ) негізгі міндеттері:

  • Төтенше жағдайлар зардаптарын шеттету жұмыстарын жетекшілік атқару және материалды – техникалық қорды мобилизациялау;

  • Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімінің мобилизациялық дайындығын қамтамасыз ету;

  • Халықты, территорияны және материалдық құндылықтарды қорғауға бағытталған біртұтас мемлекеттік комиссияны құру;

  • Төтенше жағдайлар зардаптарын азайту бойынша орталық және жергілікті атқарушы ұйымдардың қызметін үйлестіру және құтқару жұмыстарының дайындығын қызметін үйлестіру және құтқару жұмыстарының дайындығын қамтамасыз ету;

  • Республикалық қордан бөлінген қаржыны бақылау;

  • Қажет жағдайда ҚР –ның Үкіметіне мемлекеттік және мобилизациялық қорда тіркелген қаражатты қолдану жөнінде ұсыныс жасау.

Министрліктің орталық аппараты департаменттер және құрылым бөлімшелерден құралған. Департаменттер құрамын ҚР – ның Үкіметі бекітеді, ал департаменттің директорын ТЖМ министрі тағайындады. ТЖМ министрі ҚР азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып саналады.

ТЖМ территориялық ұйымдарының жетекшілері (облыстық, аймақтық, қалалық, аудандық басқарылуы) және олардың көмекшілері (территория бойынша бас мемлекеттік инспекторлар) сәйкес аймақтық – әкімшілік бірліктердің әкімдерімен келісе отырып ТЖМ министрімен тағайындалады.

ТЖМ бойынша маңызды мәселелерді қарастыру және ұсыныстарды әзірлеу үшін оның жанында ғылыми – техникалық кеңес құрылады. Оның құрамына қызығушылық білдіретіндер Министрліктер, орталық және жергілікті атқарушы ұйымдар ғылыми және қоғамдық мекемелер және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

ТЖМ қызметі ҚР үкіметінің бірнеше заңдарымен негізделген: 05.07.1996ж., «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» заңы, 23.03.1997., «Авариялық – құтқару қызметімен құтқару статусы туралы»заңы, 15.10.1993ж., «ТЖ- дың құқықтық режимі туралы» заңы 22.11.96ж., «Тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтау туралы» заңы, 23.04.1995ж., «Тұрғындарды радиациялық қауіптен сақтау» заңы.



Азаматтық қорғаныс (АҚ) құрылымдары еңбекке жарамда жастағы әйелдер мен ерлерден құрылады. Бұл құрылымға бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, жүкті әйелдер, 8 жасқа дейін баласы бар әйелдер және соғыс уақытында әскери міндетті адамдар кірмейді.

Азаматтық қорғаныс (АҚ) құрылымдары атқаратын міндеті бойынша келесідей бөлінеді:

  • Негізгі құрылымдар – барлау, құтқару, медициналық, инженерлік, өртке қарсы, авария – техникалық, радиациялық және химиялық қорғаныстар;

  • Қамтамасыз ету құрылымы – байланысты, материалдық – техникалық қамтамасыздандыруды, транспорттық, қоғамдық тәртіпті сақтауды, жануарларды қорғауды және т.б.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын шеттету үшін азаматтық қорғаныстың қалыптасқан құрылымдары ішінен және арнайы штаттық құрлымдарының арасынан, әрқашан дайын болатын шұғыл түрде жауап беру отрядтары құрылады:

  • Олар облыста 150, қалада 100, ал ауданда 50 адамнан құрылған.

Барынша дайын болу уақыты бойынша: шұғыл түрде жауап беру отряды үшін 2 сағат, негізгі құтқару құрылымына 4 сағат, барлық басқа қалған құрылымдар үшін 6 сағат қажет.

Табиғи және техногенді сипаты бар төтенше жағдайларды жоюда тек авариялық – құтқару қызметі ғана емес, сонымен қатар тез арада апат орнына шұғыл медициналық көмек қызметі де жұмылдырылады. Бұл қызметке әрқашан дайын мобильді құрылымдар, арнайы құрылған эпидемияға қарсы отрядтар, санитария жасақтары және бірінші дәрігерлік көмек отрядтары кіреді.

Төтенше жағдай кезінде, әсіресе жаппай адамдар қырылуы мен ғимараттардың қирауы кезінде (жер сілкінісі, соғыс және т.б. зілзалалар) байланыс және хабар беру құрылымдарының тұрақты және қауіпсіз жұмыс істеуі аса маңызды. Сондықтан төтенше жағдайды болдырмау және оларды жою бойынша жүйеде ақпарат құралдары негізгі орынды алады. Әдетте сенімді болу үшін байланыстың барлық түрлері қолданылады: сымды, теле – радиокомпьютерлік, ғарыштық және т.б. Сонымен қатар азаматтық қорғаныс штабы, қалада ретрансляциялық радиобайланысқа тікелей шыға алады. Сондай – ақ резервтік амалдар және қала сыртына шығатын байланыс пунктері қаралған. Табиғи және техногенді төтенше жағдай аймағындағы хабар ашық жарияланып, жалпы ақпарат құралдарында басылуы керек. Табиғи және техногенді төтенше жағдай кезінде жауапты адамдардың жалған хабар беруіне, уақытында хабарламауына және оны жасыруына жол бермейді. Төтенше жағдай орналасу масштабына байланысты халықты хабарландыру тәртібі және радио арқылы беру құқығы Басқармаға, ҚР ТЖМ бойынша жергілікті жауапты адамдарға, ТЖ аймағындағы орындаушы мүшелерге жүктелген. ҚР мемлекеттік мүшелерді ақпараттық – техникалық қамтамасыз ету үшін, ТЖ бойынша республикалық автоматтандырылған ақпараттық басқармалық жүйе құрылады.

Қысқа мерзімде төтенше жағдайды енгізу жағдайды тұрақтандыруға, заңды қалыпқа келтіруге, құқықтық тәртіпті орнатуға және жәрдем көрсетуге, авариялық жұмыстарды қалыпқа келтіруге жағдай туғызады.



Төтенше жағдайлар орын алған кездердегі халықаралық ынтымақтастық.

Әртүрлі апаттар, әсіресе стихиялық апаттарда құтқарушылардың жұмысы зардап шегушілерді құтқаруымен ғана шектелмейді, себебі ТЖ кезінде зардап шегушілер су, тамақ, немесе дер кезінде өлген адамдарды жерлемегендіктен немесе арнайы медициналық көмекті уақытында көрсетпеуінен пайда болған эпидемия салдарынан қаза болуы мүмкін.

ТЖ шекаралас елдерге жайылуы мүмкін, осы арада Халықаралық ынтымақтастық мәселесі туындайды.

Халықаралық ынтымақтастықты жақсату жөніндегі сұрақтар бойынша арнайы II халықаралық конференция 1974 жылы ақпан айында Каракаста өткен (Венесуэла), оған 30 мемлекет қатысты.

Халықаралық қызметтесудің атқаратын қызметі тек апаттар және авариялар кезінде көмек көрсетумен ғана шектелмейді, сонымен қатар бағытталған ескертулер, кеткен шығындар, өндірістік және транспорттық авариялар және қоршаған ортаның ластануына да көңіл бөлінуі керек.

Технологиялық авариялар мен апаттар кезінде НАТО елдері апаттардың алдын – алу шараларына белсенді қатысады. БҰҰ деректері бойынша соңғы 20 жыл ішінде, жер шарында миллиардқа жуық адам өз басынан апаттарды кешті, үш миллионға жуық адам қаза болды.

42 – ші БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 1990 жылдар әртүрлі апаттардың алдын – алу және оларды шеттеу жөніндегі Халықаралық онжылдық деп жарияланды.

Азаматтық қорғаныс жөніндегі НАТО жоспары келесі мәселелер қарастырылады: білім беру сапасын жоғарылату мен қорғаныс шаралар туралы мәліметтер тарату, ортақ терминологияны әзерлеу. Жеке телефон нөмірлерін бекіту және радиожиіліктерді бөлу; қауіпті жағдайлар және апат кезінде ақпарат беру; қауіп төнетін табиғат аймақтарына серіктік дамыған жүйелерді қолдану; әртүрлі тәжірибелер симпозиумдар, көрмелерді және басқа да жалпы мемлекетаралық іс – шараларды ұйымдастыру; азаматтық қорғаныстың Еуропалық эмблемасын әзірлеу және марапаттауларды ұйымдастыру.

Қазіргі кезде ТЖ мәселелерімен айналысатын халықаралық көптеген ұйымдар қызмет атқарады. Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы (АҚХҰ 1931 жылы Париж қаласында кезекті конференциялардың бірінде құрылған) Штаб – пәтерлер Женевада орналасқан АҚХҰ – ның негізгі шарты мен басты мақсаты АҚ- ты қалыптастыру және дамыту. Соның ішінде техникалық құралдар мен әдістерді, бейбіт және әскери жағдайдағы қауіптің алдын – алу және болдырмауды қамтамасыз етуді айтады.

Апаттық жағжайда АҚХҰ – на БҰҰ көмек көрсетеді. Бұл 1971 жылы БҰҰ – ның Бас Ассамблеясымен құрылды. ЮНДРО БҰҰ – ның апат жағдайларындағы мемлекеттерге жәрдем көрсететін бөлімі. 1966 жылдан бастап Қазақстан АҚХҰ- ның мүшесі болып енді. 1957 жылы халықаралық атом энергия агенттігі БҰҰ – ның мамандандырылған мекемелерін құрды. Бұның басты тапсырмасы атом энергиясын бейбіт жағдайда қолдану. Бұған 120 мемлекет кіреді.

Қоршаған ортаны қорғау мақсатында БҰҰ – ның мекемесі қызмет атқарады. Оның міндеттері биосфера ресурстарын басқару, сонымен қатар ТЖ мәселесін шешуге арналған арнайы ұйымдар құрылды, мысалы, апат жағдайларына дайындайтын Еуропалық оқыту орталығы, жер сілкінісін болдырмау және оның алдын – алуға арналған Грециядағы Еуропалық орталық, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымын айтуға болады. 1986 жылы келесі бағдарлама ұсынылды: халқы көп аудандық жерлердегі көлік апаттарын ескерту, ТЖ – дың алдын – алу және шеттеуді ұйымдастыру. Бұл бағдарламаны ТМД құрамына кіретін Ресей Федерациялық Республикасы және Қазақстан да қолдады.

Экономикалық нысандарына келесілер жатады: өндіріс, ауылшаруашылық ұйымдары, оқу орындары және меншікті ұйымдар. Бұл нысандарға төтенше жағдайлар комиссиясы ұйымдастырылады. Оның жауапкершіліктері болып потенциалды қауіп – өндірістегі төтенше жағдайларды болжау, оны шеттеу және құтқару шараларын жүргізуге күш пен құралдарды дайындықта ұстау. Ол аудандық төтенше жағдайдың комиссиясына (ТЖК) бағынышты.

Нысандағы ТЖК- ның құрамы: басқарушы, 3 орынбасары (бас инженер, өндіріс бойынша орынбасар және штаб бастығы).

Төтенше жағдай кезіндегі халықты қорғауды ұйымдастыруда шетелдің тәжірибесі қызығушылық тудырады.

АҚШ – тың барлық территориясы 10 аймаққа бөлінген және онда штабтар құрылған. АҚШ – та халықты құтқару мәселесіне әртүрлі жеке меншік, өз еркімен жәрдем көрсетуге қатысатын қоғамдар арасында. АҚШ – та 2700- ге жуық ұйымдар азаматтық қорғаныс бюджетінен ақша алады, сонымен қатар ТЖ қарсы әрекет ету жоспарларын құрады.

Италияда азаматтық қорғаныс шараларына қорғаныс министрлігі және ішкі істер министрлігі жауапты. Азаматтық қорғаныстың ведомствоаралық комитеті, оның ішінде қорғаныс министрінің өкілдері, ішкі істер министрлігі, көлік және байланыс, ауылшаруашылық және сауда министрліктері, АҚ – ға қатысты мәселелерді бақылайды. Барлық жердің территориясы 12 азаматтық қорғаныс аймағына бөлінген. Апаттық құтқару жұмыстарын бейбіт уақытта, соғыс уақытында да әскерлер атқарады. Әр жылы белгілі бір жерде өртке қарсы қызметкерлер және әскери бөлімдерден басқа да өз еркімен қатысқысы келген жеке меншіктер оқуға қатыса алады.

Белгияда АҚ құрылымы 1954 жылғы ханшайым бұйрығымен белгіленген. АҚ- ң жалпы басшылығы ішкі істер министрлігіне жүктелген. Белгілі бір аймақтың масштабына қатысты шараларды басқаратын АҚ бас әкімшілігі ішкі істер министрлігіне бағынады. Елдің территориясы 9 аймаққа бөлінген.

Данияда АҚ заңы 4 негізгі қызметі атқарады: қауіп төнгенде халыққа хабар беру, қауіпті аймақтан халықты эвакуациялау, халықты қауіпсіз жерге тасымалдау, апаттан кейін іздеу, құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.


ТЖ туралы халыққа хабарлау тәсілдері

ТЖ туралы хабарлаудың негізгі мақсаты тұрғындарға дер кезінде ТЖ қауіпі және одан қорғану шараларын қолдану туралы хабарды жеткізу болып саналады.

Хабарлау кезінде АҚ-ң ескерту дабылы беріледі – «барлығыңыз назарыңызға!»

Байланыстың негізгі міндеттері:

-ақпаратты уақытында қабылдау және бағынушы ұйымдарға және АҚ күштеріне хабарландырудың жетуін, құтқару қызметкерлерінің және олардың әр түрлі дәрежедегі дайындық дабыл беруін қалыптастыру;

- бағынышты ұйымдарды және АҚ қызметтерін, төтенше жаңдайда үзбей басқаруды қамтамасыз ету, АҚ күтерімен және ТЖ құтқару қызметімен үзілмейтін қарым-қатынасты, олардың арасындағы ақпараттың уақытында алмасуын қамтамасыз ету;

- басқару жүйесінің халыққа ескертуі, АҚ күші мен төтенше-құтқару қызметінің құрылуы, қауіп төнуі жәнеитөтенше жағдайлардың тууын ескерту.



Басқарманың ең басты міндетінің бірі:

- азаматтық қорғаныстың ескерту жүйелерін ұйымдастыру, олар ұйымды техникалық бірлестігі құрамдары арқылы аз уақытта басқару органдарына, Азаматтық қорғаныс күштеріне және қауіп жайлы халыққа ескертуді үлгеру үшін;

- ескерту жүйесі орталықтанған және жергілікті ескертуді қамтамасыз ету керек. Ескерту жоспары ескерту ұйымын анықтаушы негізгі құжаты болып табылады.

Ескерту жоспары Азаматтық қорғаныс бастығымен бекітіледі. Азаматтық қорғаныстың негізгі ескерту жүйесін автоматизациялық жүйесінің орталықтандырылған ескерту болып табылады, байланыс жүйесі және теле-радиохабарландыру сонымен қатар арнайы ескерту құралдары жатады.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%) Сұрақтар:

1. Төтенше жағдай Министрлігінің (ТЖМ) негізгі міндеттері.

2. Азаматтық қорғаныс (АҚ) құрылымдары.

3 Азаматтық қорғаныс (АҚ) құрылымдары атқаратын міндеті бойынша бөлінуі.

4. Байланыстың негізгі міндеттері .

5.Басқарманың ең басты міндеттері.



13. Үйге тапсырма беру. Қазақстан Республикасында АҚ ұйымдасытрудың жалпы ұстанымдары.. Н 13-19-22беттер, Н14-13-14беттер 2 мин (2%)

Сабақтың тақырыбы:Қазақстан Республикасында АҚ ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары. АҚ міндеттері, ұйымдастырылу құрылымы, күші және құралдары. (сағат саны:2сағ -90мин)

3Сабақ: Қазақстан Республикасында АҚ ұйымдасытрудың жалпы ұстанымдары.



Сағат саны: 45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: теориялық

3. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: АҚ жүйесінің құрылымын және медициналық жұмыстың қалыптасу ерекшелігін оқып үйрену,білу;

  • тәрбиелік: тұрғындарға кез келген қауіптің қауіпті екендігін хабарлау машықтарын меңгеруге баулу;

  • дамыту: мақсатқа жету мен өмір жолын таңдау дағдысын және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе қағаздары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6. Әдебиеттер:

Негізгі: (Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша: (Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.7мин (15%)

  • пікірталас

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 10 мин (30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)

Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы принциптері.

Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының ұйымдастырушылық құрылуы жалпы мемлекеттік құрылыс, мемлекеттік өкімет және мемлекеттік басқару органдарының құрылымы жүйесімен анықталынады

Азаматтық қорғаныс адамдардың және материалдық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және адамдарды азаматтық қорғанысты күеделікті өндірістік іс-әрекеттерінен қол үзу мақсатында құрылады.Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы аумақтық өндірістік принципі бойынша құрылады. Бұл дегеніміз азаматтық қоғаныстың шараларын жоспарлауымен жүзеге асыруды орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары жергілікті өзін-өзі басқару органдары, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының күш және басқару органдары, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай қызметтері жүзеге асырады.Азаматтық қорғаныс жөніндегі дайындық қазіргі заманғы зақымдану құралдарының дамуы, оны қолдану мүмкіндігі және белгілі аумақтардағы, салалардағы немесе ұйымдардағы төтенше жағдайлардың болуы есебінен алдын ала жүргізіледі. Республикада азаматтық қорғанысты енгізу және даярлау жөніндегі шаралар тәртібін, көлемін және мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі, орындарда – азаматтық қорғаныстың жоғары тұрған бастықтарын көрсету есебінен азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары анықтайды. Азаматтық қорғаныс кұштерінің, басқару органдарының дайындау жүйелерін жетілдіру және дамыту, халықты төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласы бойынша қорғауға үйрету, халықтың өмір тіршілігін нығайту, салалар мен ұйымдардың тұрақтылығын және қауәпсіз жұмыс істеуін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының премьер министрі азаматтық қораныстың бастығы «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай күштерін, басқару органдарын дайындауға, төтенше жағдай және азаматтық қорғанымтың алдын алу мен іс-әрекет жасауға халықты оқытып үйрету бойынша ұйымдастырушылық нұсқамалардың бекітеді. Ұйымдастырушылық нұсқаулары 1-2 жыл мерзіміне басып шығарылады, азаматтық қораныстың барлық басқару огандарына хабарланады және барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарының, ұйымдарының орындауы міндетті болып саналады. Бекітілген ұйымдастырушылық нұсқаудың негізінде орталық жіне жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің күштерін, басқару органдарын дайындауға тиісті жоспарлар жасалынады және салалардың, ұйымдардың және аумақтардың ерекшелігі есебінен халықты оқытып үйретеді.Жоспарды азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары бекітеді. Азаматтық қорғаныстың шараларын кешенді және дифференциалды жүргізу мақсатында, оларды жүзеге асыруда жұмсалатын мемлекеттік шығынды халықтың өорғау деңгейін түсірмей қолайлы жұмсау, аумақ пен ұйымдардың маңыздылық дәрежесін есепке ала отырып, қалаларды топтпрға ал ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға бөлу жүзеге асырылады. Қалаларды топтарға, ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

Төмендегідей кретерийлер белгіленеді:



1.Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топқа бөлу: «ерекше топ»

- Қазақстан Республикасының астанасы, республикалық маңызы бар қалалар және 1 млн. астам халқы бар қалалар;

«Санатталған қалалар» - облыстардың, қалалардың әкімшілік орталықтары, олар азаматтық қорғаныс бойынша оннан астам санатталған ұйымдарды және радиациялық – химиялық қауіпті нысандары бар қалалар, авария кезінде 50%-тен аса халқы бар қалалар радиоактивті және қатты әсер ететін улы заттармен зақымданған аймақтарға жатады;



  1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
    2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
    2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
    2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
    2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
    2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
    2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет