Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша теориялық сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»


Меншік түріне қарамастан, Азаматтық қорғаныс боиынша санатталауға жататын ұйымдар



бет3/5
Дата17.04.2017
өлшемі1 Mb.
#14028
түріСабақ
1   2   3   4   5

Меншік түріне қарамастан, Азаматтық қорғаныс боиынша санатталауға жататын ұйымдар.

Санатталған нысан –маңызды, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан, қайта салынып жатқан және жобаланып жатқан, көлік,энергетика және байланыс өнеркәсібінің кәсіпорындары;ғылыми-зерттеу институттары,маңызды мемлекеттік және қорғаныс мәні бар,конструкторлық бюролары;мұнай,газ кәсіпшілігінің басқармасы; тамаша құнды мемлекеттік мәні бар нысандар;ірі өнеркәсіптік су құбырларының шауашылығы және еліміздің әкімшілік орталықтары, шикізат,мұнай,материалдық және азық-түлік базалары және мемлекеттік маңызы бар нысандар; «Санатталмаған нысандар»-қалған барлық ұйымдар.

Өндірістік бірлестіктер,фирмалар және комбинаттар санатталған нысандарға мынадай жағдайда,егер олардың кәсіпорындары,цехтары және басқару органдары бір өндірістік аумаққа орналасса жатады.

Азаматтық қорғаныс жөніндегі санаттарға:шахтылар,құрылыс ұйымдары,рудниктер,әкімшілік мекемелері,қоғамдық және ерікті ұйымдар,демалыс үйлері, мәдени тұрмыстық кәсіпорындар, қорықтар жатпайды. Жобаланатын нысандарға азаматтық қорғаныс жөніндегі сағаттар «П» индексімен белгіленеді. Нысан құрылысының басталғандығын растайтын, ұйымнан алынған, нысанды санатқа жатқызу үшін «П» индексі есеп мәліметінен алынып тасталады.Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға қатысты Қазақстан Республикасы қалаларының тізімін азаматтық қорғаныс бойынша санатталған тізімдерге жатқызатын критерийлерге сәйкес, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы құрастырады және оны Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының бастығы – Қазақстан Республикасының Премьер министрі бекітеді.

Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдардың тізімін облыстардың, республикалық маңыздылығы бар қалалардың берген мәліметтерінің негізінде Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы құрастырады. Топтарға жататын қалалар мен азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдар үшін Азаматтық қорғаныс жоспарларында оларды жүзеге асыруда тиісті қосымша шаралар қаралуда. Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысандарындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.



Жоғарғы оқу орындарының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру

ЖОО Азаматтық қорғаныстың бастығы – ректор. Ол азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жәй күйіне, оның күштері мен құралдарының құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай –ақ профессор-оқытушы құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайларындағы іс-әркетке иекмділігі үшін жеке жауап береді.

ЖОО Азаматтық қорғанысы бастығының бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин (10%)

Сұрақтар:


  1. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы принциптері.

  2. Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топқа бөлу.

  3. Меншік түріне қарамастан, Азаматтық қорғаныс боиынша санатталауға жататын ұйымдар.

  4. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының бастығы.

Жоғарғы оқу орындарының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру.

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. АҚ міндеттері, ұйымдастыру құрылымы, күші және құрамалары Н13-22-24беттер, Н-17 18-23 беттер 2 мин (2%)

Сабақтың тақырыбы:Қазақстан Республикасында АҚ ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары. АҚ міндеттері, ұйымдастырылу құрылымы, күші және құралдары

4 Сабақ: АҚ міндеттері, ұйымдастыру құрылымы, күші және құрамалары.



Сағат саны: 45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: теориялық

3. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: ТЖ болған кезде зардап шегу себептерін анықтауды,туындаған жағдайдың салдарын талдап және бағалай білуді үйрену;

  • тәрбиелік: тұрғындардың денсаулығын сақтау нысанында АҚ құрылымы мен қызметін білуге тәрбиелеу;

  • дамыту: мақсатқа жету мен өмір жолын таңдау дағдысын қалыптастыру және өз ара қарым-қатынастарын дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы, ДК.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер,суреттер, еспе қағаздары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.
6. Әдебиеттер:

Негізгі: (Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша: (Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.7мин (15%)

  • пікірталас

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 10 мин (30%)

10. Ақпараттық материялмен жұмысы: 15 мин (35%)

Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырушылық құрылымы.

Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының

ұйымдастырушылық құрамына:

Азаматтық қорғаныстың басқару органдары;

Азаматтық қорғаныс күштері;

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері;

Азаматтық қорғаныстың материалдық-техникалық құралдары;

Азаматтық қорғаныстың жұмылдыру резервтері жатады.

Азаматтық қорғанысқа – Қазақстан Республикасының Примьер-Министрі – Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс Бастығы жалпы басшылық жасайды.

Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органы жүзеге асырады, оның басшысы (лауазымы бойынша) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс Бастығының орынбасары болып саналады.

Орталық, жергілікті атқарушы органдарының, ұйымдарының Азаматтық қорғанысына басшылықты (лауазымы бойынша) тиісті Азаматтық Қорғаныс бастығы болып саналатын, олардың бірінші басшылары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс шараларын тікелей орындауды қамтамасыз ету үшін төмендегідей басқару органдары құрылады:

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органын және оның құрылымдық аумақтық органдары;

Азаматтық қорғаныс жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдарының бөлімдер (қызметкерлері);

Азаматтық қорғаныс штабы немесе тікелей қорғаныс бастығына бағынышты, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша босатылған мамандар;

Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (бөлім) басшылары (лауазымы бойынша) Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарының орынбасарлары болып саналады.

Азаматтық қорғаныс жөніндегі басқару органдарын құру: орталық атқарушы органдарында – бірінші басшылардың қаулыларымен (бұйрықтарымен);

Жергілікті атқарушы органдарында – әкімдердің қаулыларымен (шешімдерімен);

Ұйымдарда – бірінші басшылардың бұйрықтарымен;

Азаматтық қорғаныстың басқару органдары тікелей азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бағынады.

Азаматтық қорғаныстың барлық басқару органдары бағыныштылығы жөнінде бекітілген Ережесі болуы керек (босатылған қызметкерлер үшін лауазымды нұсқаулар)

Барлық деңгейдегі азаматтық қорғаныс басқару органдарының өкілеттілігі «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақсатан Республикасының заңымен анықталынады және олар туралы Ереже қамтылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс бастығының және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органының шешімін барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымадр және Республиканың халқы орындауға міндетті болып саналады.

Бейбіт уақытта Азаматтық қорғаныстың басқару органдары төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою бойынша өзінің іс –қимылын төтенше жағдайлар жөніндегі ведомстволық және аумақтық комиссиялармен әрекеттесе отырып жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныстың барлық деңгейдегі басқару органдары Азаматық қорғаныстың міндеттерін орындау үшін Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметінің күштерін құрады және оларды әрдайым дайындықта ұстайды, белгіленген норма мен ережелерге сәйкес материалдық-техникалық құралдарды және Азаматтық қорғаныстың жұмылдыру резервін жаңартуды, жинақтауды және уақытында ауыстыруды ұйымдастырады.

Азаматтық қорғаныстың күші мен құралдарын құру оның аумақтық-өндірістік принципіне сәйкес жүзеге асырылады және төмендегідей деңгейде:

Республикалық, ведомствалық аумақтық, нысандық болып құрылады.

Азаматтық қорғаныс жағдайындағы жауапкершілік.

Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, оның салдарындағы жағдайына, ведомстваға бағынышты аумақтарына, ұйымдарына орталық және жергілікті атқарушы органдарының, ұйымдарының бірінші басшылары жауаптылықта болады.

Басқару пунктерінің дайындығына, азаматтық қорғаныс, АҚ және ТЖ қызметтерінің күштерін азаматтық қорғаныстың материалдық-техникалық құралдарын және азаматтық қорғаныстың жұмылдыру резервін дайындауға жауапкершілік, олардың құрылған базасында орталық, жергілікті атқарушы органдарының және ұйымдарының басшыларына жіктеледі.

Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары және азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар “Азаматтық қорғаныс туралы” Қазақстан Республикасының Заңын және азаматтық қорғаныс саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді орындамауға байланысты заңсыз іс әрекет жасаса Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді. Азаматтық қорғаныс күштері, олардың құрамы, ұйғарылымы және қолданылу тәртібі.



АҚ күштері халықты, ұйымдар мен аумақты қорғау, бейбіт және соғыс уақытында химиялық, биологиялық, радиациялық, бактериологиялық зақымдану ошақтарында құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша АҚ міндеттерін орындауға арналған.

АҚ күші мынадан тұрады:

-ҚР АҚ әскери бөлімдері;

-АҚ аумақтық және нысандық құрамалары;

-АҚ және ТЖ қызметтерінің құрылымы;

-Жедел – құтқару, АМО отрядтары және өрт бөлімшелерінен тұрады.

АҚ күшін пайдалану тиісті деңгейтегі АҚ бастығының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Пайдалану сипаты бойынша АҚ күштері жоғарғы дайындықтағы және тұрақты дайындықтағы құрамаларға бөлінеді.

АҚ күштерін дайындыққа келтіру мерзімі нормативтік актілермен, қаулылармен, АҚ-ның тиісті бастықтарының бұйрықтарымен анықталады.

АҚ әскери бөлімдері мен жедел-құтқару отряды кіретін жоғарғы дайындықтағы күштер халықаралық нормалар бойынша, 14 тәулік ішінде автономды режимдегі жұмыстар үшін ДАЙЫН болуы керек.

Бұл-оқумен, дайындықпен, жоспарланған оқу-жаттығулармен жеткізіледі. Дайындық деңгейі тиісті бағалау критерийлеріне сәйкес, белгіленген тәртіппен арнайы тексеру барысында анықталады.

АҚ туралы заңға сәйкес, ірі көлемді ТЖ болған ауданда Үкіметтің арнайы шешімі бойынша құтқару жұмыстарын жүргізу уақытында ҚР Қорғаныс министрлігі бөлімдері, ҚР ІІМ, бөлімшелер мен әскериленген мамандар, авариялық-құтқару және ұйымдардың мамандандырылған құрылымдарының, орталық және орындаушы органдарының мамандары бөлінуі мүмкін.

Олар күш пен құралдарды жаппай топтастыру құрамына кіреді және бірыңғай құтқару операцияларының бастықтарының жедел басшылығымен жұмыс істейді.

Өкілеттілікке сәйкес, АҚ күштерінің құрамдас бөлігінің өздерінің нақты міндеттері мен тіршілік ету жағдайы, ұйымдарды оқыту мен мамандарды аттестациялау дайындық жүйелері бар. Бірақ, сонымен бірге, құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша барлық біріңғай басшылық және бағыттаушы құжаттар болып: АҚ туралы заң, АҚ жөніндегі қолданыстағы Нұсқаулық және АҚ құрылымы туралы Нұсқаулық саналады.

АҚ күштері ішінде маңызды рөлді ҚР АҚ әскери бөлімі иеленді.

Қазақстанда АҚ үш әскери бөлімдері бар, олар барлық қажетті авариялық-құтқару техникаларымен, құрал-жабдықтармен және кәсіпқой мамандармен жинақталған.

АҚ әскери бөлімдері халықты, аумақты және шаруашылықпен айналысатын объектілерді бейбіт және соғыс уақытында туындаған және туындау қаупі бар ТЖ-дан қорғау үшін тағайындалған.

Бейбіт уақытта бұл әскери бөлімдер өзінің кәсіптік дайындықтарын үздіксіз дамытумен тікелей айналысады, қажет болған кезде елдің жекелеген аймақтарының тіршілігін қамтамасыз ету процестеріне, ТЖ алдын алуға ұйғарылған жерлерге гуманитарлық көмек жүктерін жеткізуге, туындаған көлемді ТЖ жою жұмыстарына тікелей қатысады.

Соғыс уақытында олар қазіргі заманғы соққы беру қаруларын, химиялық, биологиялық, бактериологиялық және радияциялық жұқпалы зақымдау құралдарын қолдану аймақтарында, көшіру жұмыстарын жүргізу, аумақтың және шаруашылықпен айналысатын объектілердің тіршілік-тынысын қалпына келтіру мәселелерімен айналысады.

Жұмылдыруды хабарлаған кезде АҚ әскери бөлімі ҚР Қарулы Күштерінің құрамына енеді.

АҚ құрылымдары өзінің сандық жағынан көптігіне және әртүрлі оқиғалар мен төтенше жағдайдың ошағына тікелей жақындап баруына байланысты, ҚР АҚ күштерінің басты негізін құрайды.

Олар ТЖ туындауы және туындау қаупі бар кезде, бейбіт және соғыс уақытында қазіргі заманғы соққы беру құралдарын қолдану кезінде құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге бағытталған.

АҚ туралы заңына сәйкес, АҚ құрылымда аумақтық – өндірістік белгісі бойынша құрылады да аумақтық және объектілік болып бөлінеді.

АҚ құрылымының барлық құрылуы базалық объекті болып табылады.

Аумақтық құрылым көптеген аса маңызды объектілердегі, аймақтық аумақтардағы ерекше тапсырмаларды дербес немесе объектілік құрылымдармен бірлесіп шешуге және берілген күштермен өзара әрекеттесе отырып жұмыс істеуге тағайындалған.

Аумақтық құрылым тиісті деңгейдегі әкімнің шешімімен құралады.

Құраламның құрамы мен саны қажеттілікке орай, бейбіт және соғыс уақытында халықты, ұйымдар мен аумақты сенімді қорғауды қамтамасыз ететін келесі қағидалар бойынша анықталады:

-жер сілкінісіне ұшырау қаупі бар аймақтар үшін АҚ құрылымдары 10 адамға 1 құтқарушыдан;

-су тасқынына, өртке және басқа да қауіпті қатерлерге ұшырау қаупі бар өнеркәсіпті аймақтар мен аумақтар үшін АҚ құраламдары 15-20 адамға бір құтқарушыдан дайындалады.

Объектілік құралым – объектілердегі жұмыстарды тікелей жүргізуге арналған, бірақ аумақтың мүдделеріне байланысты тапсырмаларды орындау үшін объектіден тыс жерлерде де құтқару жұмыстарына пайдаланылады.

Бұл туралы шешімдерді жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен қабылдауы мүмкін.

Объектілік құралымдар кәсіпорындарда, ұйымдарда және объектінің АҚ бастығының бұйрығымен азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құралады.

Аумақтық және объектілік құрылымдардың тізімі, оларды құру және қалыптастыру тәртібі, дайындық жүргізу мерзімі «ҚР АҚ құрылымдары туралы Нұсқаулықпен және жабдықтаудың мөлшері нормаларымен» анықталады.

Қажет болған жағдайда бекітілген тізімге кірмейтін, басқа штаттан тыс Азаматтық Қорғаныс құрылымдары құрылуы мүмкін.

Ол туралы АҚ тиісті бастықтары шешімдер қабылдайды.

Ірі кәсіпорындарда, орталық атқарушы органдарда арнайы тапсырмаларды орындауға арналған, штаттық мамандандырылған құрылым құрылуы мүмкін.

Олар АҚ құрылымына жатпайды, бірақ бекітілген өзара қарым-қатынас жоспарларына сәйкес ТЖ зардабын жоюға тартылуы мүмкін.

Өте ауыр ТЖ-ны жою кезінде қажет болған жағдайда, орын алған жағдайға орай, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен, АҚ және т.б. жұмыс істеп жатқан аумақтық, объектілік және мамандандырылған құрылымдары арасынан АҚ-ның құрама құтқарушы құрылымдары құрылуы мүмкін.

Оларға жалпы басшылыққа құтқару жұмыстарының бастығы жүзеге асырады.

Құрама құрылымдарды тарату-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін, АҚ-ның құрама құрылымына енгізілген барлық құрылымдарға өздерінің бұрынғы міндетті жұмысына кірісуге мүмкіндік берілген кезде жүзеге асырылады.

АҚ құрылымдары штаты мен жабдықтау нормаларын ТЖМ аумақтық органдарының келісімі бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар әзірлейді.

АҚ құрылымдарының ұйымдастырушылық құрылымы қажеттілігіне қарай, нақты жағдайды ескере отырып анықталуы және жетілдіруі мүмкін.

Нұсқаулыққа сәйкес құруға, жабдықтауға және АҚ құрылымдарының дайындығына қолдау көрсетуге жауапкершілік тиісті деңгейдегі әкімдер мен ұйымдардың бірінші бастықтарына жүктеледі.

ТЖМ аумақтық және объектілік құрылымдары АҚ тиісті бастықтарының шешімі бойынша АҚ және ТЖ қызметінің республикалық, облыстық, қалалық құрылымдары құрамына кіре алады.



АҚ және ТЖ қызметтері АҚ арнайы шараларының орындалуын және бұл мақсатта күш пен құралдарының дайындығын қамтамасыз ету үшін құрылады. Олар АҚ бастығына тікелей бағынады. Тиісті профилдегі және ұйғарымдағы кәсіпорындар, ұйымдар бұлар үшін базалық қызметтер атқарады.

Осылардың негізінде келесі:

- инженерлік, медициналық, өртке қарсы және ҚТҚ;

- ақпараттық, хабарландыру және байланыс;

- радиациялық және химиялық қорғау, энергетика және көлік;

- жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету, сауда және азық-түлік қызметі;

- құрылыс, жол және көпірлерді жөндеу мен дәнекерлеу;

- жануарлар мен ауыл шаруашылық өсімдіктерін қорғау және т.б. қызметтер құрылады.

АҚ және ТЖ қызметтері ҚР Үкіметінің қаулысымен, тиісті деңгейдегі әкімдердің, ұйымның бастықтарының шешімімен құрылады.

АҚ және ТЖ қызметтерінің республикалық тізімін ҚР Үкіметі анықтайды. Олар туралы ережені ТЖ жөніндегі ҚР Орталық атқарушы органдары бекітеді.

АҚ және ТЖ қызметтерінің күш пен құралдарының, басқару пунктерінің дайындығына жауапкершілік, өздері соның негізінде құрылған, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарды басшыларына жүктеледі.

АҚ құрылымдары тағайындалуы бойынша:

*Негізгі құрылымдар:

- барлау;

- құтқару;

- медициналық;

- инженерлік;

- өртке қарсы;

- авариялық-техникалық;

- радиациялық-химиялық қорғаныс болып бөлінеді.

*Қамтамасыз ететін құрылымдар:

- байланыстар;

- материалдық-техникалық;

- көліктік;

- қоғамдық тәртіпті қорғау;

- жануарлар мен өсімдіктерді қорғау;

- тағы басқаларға бөлінеді.

Бейбіт уақыттағы ТЖ-ны жою үшін, АҚ-ның жұмыс істеп жатқан құрылымдары мен штаттық мамандандырылған құрылымдары арасында тұрақты дайын тұратын шұғыл құтқару отрядтары құрылады.

Бір шұғыл-құтқару отрядының саны:

Облыста – 150 адамнан кем емес

Қалада – 100 адамнан кем емес

Ауданда – 50 адамнан кем емес.

АҚ құрылымын максималды дайындыққа келтіру уақыты:

- шұғыл-құтқару жұмыстары үшін – 2 сағаттан кем емес;

- негізгі құтқару жұмыстары үшін – 4сағаттан кем емес;

- қалған барлық құрылымдары үшін – 6 сағаттан кем емес болып белгіленеді.

АҚ құрылымына:

- 1, 2, 3 топтағы мүгедектерді;

- жүкті әйелдерді;

- 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерді;

- соғыс уақытында – қолында мобилизациялық ресми қағазы бар әскери міндеттегілерді қоспағанда, еңбекке жарамды ер адамдар мен әйелдер іріктеліп алынады.

АҚ құрылымдарының бейбіт және соғыс уақытындағы жалпы алғанда облыс, қала, аудан, ұйымдар үшін АҚ міндеттерін орындауға дайындықтарының негізгі критерийлері:

АҚ құрылымдары міндеттерін орындау мына түрде бағаланады:

- дайын;


- шектеулі дайын;

- дайын емес.

Құрылымдардың дайындығын келесі көрсеткіштермен бағаланады:

1. Құрылымдардың жеке құраммен және негізгі мамандармен толықтырылуы.

2. Қажетті мүлікпен, техникамен, жабдықтармен, байланыс құралдарымен, материалдармен және т.б. жабдықталуы.

3. Дайындыққа келтіру жоспарының болуы.

4. Жеке құрамының бекітілген нормативтерді орындауы.

Жедел-құтқару отрядтары, жоғарғы дайындықтағы күш ретінде, республикалық, аумақтық және жергілікті көлемде құрылады. Олардың өкілеттіктері болып Республикалық жедел құтқару отрядтары, Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс, Орталық аумақтық аэромобильді жедел-құтқару отрядтары саналады.

Кейбір қалалық және облыстық орталықтарда жергілікті жедел-құтқару отрядтары, жекелеген салаларда – мамандандырылған және әскериленген авариялық-құтқару қызметтері мен отрядтары құрылады.

Бұл қызметтер мен отрядтардың сипаты бойынша ерекшелігі республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру болып табылады.

Өрт бөлімдері, тұрақты дайындық күштері ретінде құрылады және ТЖМ-нің өртке қарсы қызметтерінің құрамына кіреді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет