Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша теориялық сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»



бет5/5
Дата17.04.2017
өлшемі1 Mb.
#14028
түріСабақ
1   2   3   4   5

Алғашқы кезектегі шаралар

1-топАКШ-і

1.Басшы құрамды жинау, жағдайды түсіндіру, тапсырмалар беру.

2.Басшы құрамға үзіліссіз орналастыру пунктерінде тәулік бойы кезекшілік жүргізуді енгізу.

3 Хабарландыру мен байланыстың дайындығын тексеру.

4.Соғыс уақытындағы АҚжоспарын анықтау.

5.Соғыс уақытында да жұмысын тоқтатпаған шаруашылықпен айналысатын объектілерде ҚИ-ді дайындыққа келтіру.

6.Ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес, салынып жатқан ҚИ-ді жеделдетіп пайдалануға беру.

7.Техноголиялық процесті қамтамасыз етіп, санатталған қаладағы шаруашылықпен айналысатын объектілерде ҚӘУЗ-дің қорын ең төменгімөлшерге дейін түсіру.

8.Шаруашылықпен айналысатын объектілерде (СҚ) ЖЗ және өрткеқауіпті заттардың қорын азайтуға дайындық.

9-ЖҚЗ-ны (газқағарларды, респираторларды, АИ-2, ЖХҚП, ТМП), РХБ құралдарын (НЗ қоймасынан алып шығу) беруге дайындық.

10.Мал шаруашылық үй-жайларын дайындау, жем және су қорының бетін жабу.

11 .Өртке қарсы қорғану және жарық маскировкасы режимін енгізу бойынша дайындық шараларын өткізу.

12.АЭС-тің, жол-көпір құрылыстарының, байланыс

кәсіпорындарының, гидротехникалық құрылыстар мен басқа да маңызды нысандардың күзетін күшейту.

13.ХДЛ-ды, АҚ штабтары мен БҚБ мекемелерін дайындыққа келтіруді іске асырады.

2-топ АШ-2

1.Объектінің басқарушы құрамын тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстыру (кезекпен).

2.Басқару жүйесін, байланыс және ҚА-ға шұғыл топты жіберуді дайындыққа келтіру

3.РҚБ-ға келтіріп қоймай тұрып, жертөлелер мен басқа да жер астында жасалған үй-жайларды дайындап, панаханаларда қызмет көрсететін топтардың тәулік бойы күзет жүргізуін ұйымдастыру.

4.Тұрақты орналасу орындарында ПТГ-ның барлық құрылымдарын (өнеркәсіптіңжұмысын тоқтатпастан) дайындыққа келтіру.

5.Панаханаларға азық-түлік пен медициналық дәрі дәрмектерді алдын ала жеткізу.

6.Санатталған калаларда ЖҚҚ мен РХБ құралдарын тарату. 7.Халықтың арасында иммунизациялар жүргізу. 8.Шаруашылықпен айналысатын объектілерде қалыпты қызмет ету мен авариясыз тоқтату жөнінде "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы бойынша шұғыл шараларды жүргізу.

9.Санатталған қалалар мен шаруашылықпен айналысатын объектілерде ЖЗ мен өртке қауіпті заттардың қорын төмендету.

10.Шаруашылықпен айналысатын объектілерде өртке қарсы шараларды жүргізу.

11.Қауіпті аймақта орналасқан халыққа және АЭС, радиациялық химиялық объектілердің персоналдарына медициналық қорғаныс құралдары мен ДК-ны таратып беру.

12.РХБ күзет орындарын, БҚБ мекемелерін тәулік бойы жұмыс істеу режіміне ауыстыру.

13.Радиациялық әуе барлау ұшақтарын (тікұшақ) дайындыққа келтіру.

14.Соғыс уақытында жұмысын жалғастыра беретін шаруашылықпен айналысатын объектілерде медициналық пункттерді орналастыру.

15.ҚА-ға медициналық базаларды орналастыруды дайындау. 16.Резервтен медициналық мүлікті ҚА-дағы емдеу мекемелерінетарату.

17.Өнеркәсіптен қабылданатын медициналық мүлік пенмедтехниканы ҚА-ға жеткізу.

18.Санатталған қалалардан ҚА-ға медициналық мүлік, азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын, ЖММ, ғажайып құндылықтарды дайындап, алыпшығу.

19.ҚА - көшіру шаралары мен топтарды құру үшін қорғаныс ісі бойынша ҚА - да көлік пенкоммуникацияны қолдану тәртібін анықтау.

20. Маңызды обьектілер мен қоғамдык тәртіпті қорғауды күшейту.

21. АҚ-ның арнайы бағдарламасы бойынша халықты жедел дайындау.

22. Кәсіпорындар мен құрылыс индустриясында және зауыттарда құрылымдарды және нанаханаларға арналған жабдықтарды шығару жөнінде дайындық шараларын жүргізуді жүзеге асыру.



АҚ - ның "Жалпы" дайындығы енгізілгеннен кейін және соғыс уақытына арналған АҚ жоспарын енгізу туралы өкім алғаннан кейін мынандай шаралар қолданылады.

1.Тұрақты орналастыру орынданырда АҚ құрылымдарын дайындыққа келтіру.

2.Жеткіліксіз (НРС толық жабылғанға дейін) ҚИ (СҚ аумағында күшті қираулар болуы мүмкін), сонымен қатар жедел тұрғызылатын РҚБ-ны басқа аймақта салу.

3.Барлық тұрғындарға ЖҚҚ тарату.

4.Барлық жерде қарапайым панаханаларды салу.

5.Шаруашылықпен айналысатын объектілерді, елді мекендерді. қалаларды жарық маскировкасымен қамтамасыз ету шараларын жүргізу.

6. Шаруашылықпен айналысатын объектілерде қалыпты жұмыс жүргізу, қордағы материалдық заттарды, сумен жабдықтау көздерін, ауыл шаруашылық жануарлары мен өсімдіктерді қорғау бойынша толық көлемде шаралар жүргізу.

7. Техниканы және мүлікті, сонымен қатар қордағы материалдық заттарды ҚА-ға жеткізуді іске асыру.

8. ЖКП, ӨП, ТП-ны орналастырып, көшіру көлігін дайындау, көшіру шараларын жүргізу үшін есепті анықтау.

9. Халықты көшіруді, малды айдауды және шекара маңындағы аумақтан барлық материалдық құндылықтарды көшіруді жүзеге асыру.

10. Қолданып жүрген және мұрағаттағы құжаттарды алып шығу.

11. Ірі су қоймаларынан суды төгу жұмыстарын жүргізу (ҚР Үкметінің өкімі бойынша).

12. Ауылдық жерде медициналық мекемені және ҚА-да төсек-орын желісін орналастыру.

13. Ақ жөнінде топтарға жаатын қалалардан медициналық мекемелерді көшіруге дайындау.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин (10%)

Сұрақтар:

  1. ҚР ТЖ жөніндегі орталық атқарушы органы (ҚР ТЖМ).

  2. ҚР орталық атқарушы органы.

  3. Соғыс жағдайына түсінік.

  4. АҚ-ның жоғарғы дайындығы.

  5. Алғашқы кезектегі шаралар қандай?

  6. АҚ - ның "Жалпы" дайындығы енгізілгеннен кейін және соғыс уақытына арналған АҚ жоспарын енгізу туралы өкім алғаннан кейін қандай шаралар қолданылады?

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. Бейбіт және әскери уақыттағы ұйымдар қызметінің тұрақтылығы Н 17 58-59беттер 2 мин (2%)


Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай

7 Сабақ: Бейбіт және әскери уақыттағы ұйымдар қызметінің тұрақтылығы



Сағат саны: 45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: теориялық

3. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: химиялық қауіпті нысандардағы апаттардың ерекшеліктерін оқып үйрену;

  • тәрбиелік: төтенше жағдайдың көлемі мен түрін анықтауды меңгере білуге тәрбиелеу;

  • дамыту: топтар арсындағы жауапкершілікті ұғындыру, өз ара қарым-қатынастарын дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы, ДК.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе қағаздары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6. Әдебиеттер:

Негізгі: (Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша: (Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

  • пікірталас

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 10 мин (30%)

10. Ақпараттық материялмен жұмысы: 15 мин (35%)
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда шаруашылықпен айналысатын объектілер мен салаларда қалыпты қызмет атқарудың тұрақтылығын арттыру әдісі мен жолдары

Төтенше жағдай туындаған жағдайда, қазіргі заманғы соққы беру құралдарын қолдану кезінде бейбіт уақыттағыдай соғыс уақытында да салалардың, аумақтың, звенолардың және ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Еліміздің шаруашылық кешенінің, оның салалық және аумақтық звенолары қызметінің тұрақтылығы дегеніміз белгіленген номенклатура мен мөлшерде өндірістерді өніммен қамтамасыз ету қабілеті, сонымен қатар, тиісті аумақтарда жұмыс жүргізетін персоналдар мен тұрғындарды қорғау және тіршілігін қамтамасыз ету деп түсіндіріледі.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда, қазіргі заманғы соққы беру құралдарын қолдану кезінде республиканы дайындауға жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

Салаларда, аумақтық органдарда, ұйымдарда беріктігі мен тұрақтылығын арттыруға тікелей басшылықты – салаларды, аумақтарды, тұрақты да берік қызмет етуге дайындауға, және осы мақсатқа бөлінетін материалдық және ақшалай қаражатқа жеке дара жауап беретін, министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшылары, жергілікті атқарушы органдардың бастықтары, ұйымдардың жетекшілері жүзеге асырады.

Ұйымдардың қызметінің тұрақтылығы

Ұйымның қызметінің тұрақтылығының астарында ТЖ-да авария мен апаттың болуын алдын-ала ескерту, олардың зақымдаушы факторларының әсеріне төтеп беру қабілеті, өте аз уақыттың ішінде қираған өнеркәсіпті қалпына келтіру жұмыстарымен қамтамасыз ету жатыр.

Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжат шаруашылықпен айналысатын объектілер мен санатталған қалалардың дәрежесіне байланысты Азаматтық қорғаныс шараларының инженерлік-техникалық көлемі мен ұстап тұру жөніндегі нұсқаулық, Азаматтық қорғаныс шараларын инженерлік-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрі бойынша басшылық пен нұсқаулық кіреді.

Аталған құжаттар негізінде орталық атқарушы органдар салалық стандарттарды, нұсқаулықтарды, Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шаралар нормаларын қолдану жөніндегі басшылықты жүзеге асырады.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин (10%) Сұрақтар:

1. Ұйымдар қызметінің тұрақтылығы дегеніміз не?

2. Азаматтық қорғаныстың ұйымдар қызметінің тұрақтылығын арттырудағы негізгі міндеті?

3. Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығы денегіміз не?



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. Экономика объектілеріндегі жұмыс істеу тұрақтылығына әсер ететін факторлар және тұрақтылықты арттыру жөніндегі шараларды жоспарлау Н17 59-61 беттер 2 мин (2%)

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік және әскери кезеңдегі төтенше жағдай

8 Сабақ: Экономика объектілеріндегі жұмыс істеу тұрақтылығына әсер ететін факторлар және тұрақтылықты арттыру жөніндегі шараларды жоспарлау



Сағат саны: 45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: теориялық

3. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: экономикалық объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлармен таныстыру;

  • тәрбиелік: студенттерді ТЖ жою және АҚ ұйымдастыру шараларына араласу кезіндегі белсенді азаматтық позициясын және тану талпыныстарын тәрбиелеу.

  • дамыту: топтар арсындағы жауапкершілікті ұғындыру, өз ара қарым-қатынастарын дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы, ДК.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер,суреттер, кеспе қағаздары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6. Әдебиеттер:

Негізгі: (Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша: (Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

  • пікірталас

9. Жаңа сабақты түсіндіру : 10 мин (30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)

Төтенше жағдайлар кездерінде экономика объектілеріндегі адамдарды қорғау бұл социалді – экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, емдеу-профилактикалық шаралардың адам денсаулығын және жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін жүргізілетін шаралардың іске асуы. Объектідегі адамдарды қорғау қауіпсіздік шараларының дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады. Объектілердегі қауіпсіздік шаралары көптеген факторларға тәуелді: шикізаттың физика –химилық қасиетіне, технологиялық процестің сипатына, құрал-жабдықтардың сапасы мен конструкциясына, материалдарды сақтау мен тасымалдануына, апатқа қарсы құрылғылардың тиімділігіне байланысты. Одан басқа өндірісте істейтін персоналмен профилактикалық жұмыстар өткізілуі, төтенше жағдай кезінде сол жағдайға байланысты персоналдың әрекет етуі және апатқа қарсы техникалық құралдардың дайын болуы.

Экономика объектілеріндегі тіршілік қауіпсіздік шараларын дұрыс жүргізе білу табиғи, техногенді апаттар кезінде, ядролық қаруды қолданған жағдайда өнеркәсіп жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады.

Бейбіт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлар кезіндегі өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығы.

Қазіргі кезде экономика объектілері мен халық шаруашылықтарында тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын күшейтуге қойылатын талаптар күшейіп отыр. Бұған техногенді апаттар мен катастрофалар көбеюі әсер етіп отыр. Статистикаға сүйенсек соңғы жылдары төтенше жағдайлар салдарларынан мемелекетімізде материалдық шығындар мөлшері 10-30%-ға көбейіп, ұлттық өнімдердің өсімі апаттар мен катастрофалар әкелетін шығындардың орнын жаба алмайтын жағдайда.

Экономика объектісі деп – адам еңбегімен жасалынылатын халық шаруашылығындағы экономика өнімдерін өндіруді айтады. Экономикалық өнім түрлері материалдық – заттық немесе информациялық (интеллектуальді) турде болуы мүмкін.

Экономика объектілеріне түрлі өндіріс, энергетика, транспорт, ауылшаруашылығы объектілері, ғылыми зерттеу, конструкторлық – проектикалық, социалді және т.б. жатады.

Барлық экономика объектілері - өндіріс, транспорт, энергетика, агроөндіріс проектілері қауіпсіздік және қорғаныс шараларына жауап бере алатындай жоспарлануы керек.

Барлық талаптарға сай проекция жасалынған объектілердің өздерінде төтенше жағдайлар кезінде апаттарға, катастрофаларға, адам шығындарына әкеліп жатады.

Халық шаруашылығының объектілер тұрақтылығы - өз қарамағындағы територрия мен шаруашылық звеноларындағы халықты қорғауға жауап бере алатындай жұмыс атқара алуы керек.

Қазіргі экономикалық объектілер түрлі материалдардан салынған күрделі инженерлік – экономикалық комплекстер болып табылады, олардың тұрақтылықтары жасалған элементтеріне байланысты. Мұндай элементтерге өндіріс персоналы, өндіріс цехтары мен ғимараттар, жабдықтау жүйесінің элементтері (шикізат, электроэнергия, газ, жылу), өндірісті басқару жүйесінің элементтері; қызметкерлер қорғанатын қорғаныс құрылыстарынан тұрады.

Объектінің тұрақтылық проблемаларын қарастырған кезде көңіл аударатын нәрселер:



  • экономика объектісінің тұрақтылығы;

  • экономика объектісінің функционалды тұрақтылығы.

Экономика объектісінің тұрақтылығы дегеніміз – табиғи және техногенді зақымдау факторларының күшіне өндіріс комплексінің инженерлік-техникалық құрылысының төтеп беруін айтады.

Экономика объектілеріне зиян келтіретін сыртқы факторлар:


  • жер сілкінуі;

  • су тасқыны;

  • өрт;

  • дауыл;

  • басқа ( көрші) объектідегі апат;

  • соғыс уақытында болатын жарылыстар.

Экономика объектілеріне зиян келтіретін ішкі факторлар:



  • (өндірістің өзінде болатын апатты жағдайлар).

Экономика объектісінің функционалды тұрақтылығы дегеніміз - өз уақытында керекті өндіріс заттарын шығару және де зақымдау факторы әсер еткен жағдайда аз уақыт ішінде қалпына келтіріліп, жұмысын жалғастыру.

Экономика объектілерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жоспарларын құру және қамтамасыз ету шараларын кәсіпорын басшылары, қала әкімшілігінің комиссиясы жүргізеді. Олар өткізілетін шараларға бөлінетін керекті материалдық және қаржылай қажеттіліктер үшін жауап береді.

Экономика объектілерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету комиссиялары өндіріс орындары басшылары, әкімшіліктің, АҚ басшыларынан құрылады. Бұл комиссияның міндеті – объектілердің тұрақтылығын қамтамасыз етудің жоспарын құру, алдын-ала дайындау және өз жұмыстарын басқа мемлекеттік органдармен бірлесе жүргізу.

Комиссияның негізгі міндеті–төтенше жағдай кезінде экономика объектілерінде жұмыстарды тез арада қалпына келтіру, жұмысты өз қарқынында жүргізу, адам шығындарын азайту болып табылады.

Экономика объектілерінің функционалды тұрақтылығын сақтаудың ережелері инженерлік – техникалық шаралардың проектісінің нормативтерінде көрсетілген.

Өндірістің барлық көрсеткіштері мен төтенше жағдайдың зақымдау факторлары өндіріс объектісінің декларациясына енгізілуі керек.

Декларацияға міндетті түрде жататындар:


  • аса қауіпті өндірістер (жарылғыш заттарды қолданатын кәсіпорындарда жарылығш заттар мөлшері қалыпты деңгейден аспауы керек);

  • гидротехникалық құрылыстар.

Өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығына әсер ететін факторлар

Экономика объектілерінің тұрақтылығын анықтайтын бірнеше факторлар бар:



  • зақымдау факторларынан персоналды қорғайтын тиімді жүйенің болуы;

  • объектінің зақымдау факторланрына қарсы тұру қабілеті;

  • өндіріс орынын төтенше жағдай кезінде керекті заттармен қамтамасыз ету (шикізат, жанар - жағар май, су, газ т.б.);

  • өндіріс зақымданған жағдайда қалпына келтіру.

Бұл факторлар өндірістің құрылысы кезінде және эксплуатация жасаған кезде есепке алынуы керек. Құрылысты жүргізетін територрия табиғаттың апатты жағдайларын (жер сілкінуі, су басуы, өрт) есепке алады.

Экономикалық өндіріс объектісіне зиян тигізетін табиғи факторлар мыналар болуы мүмкін: объектінің сейсмоқауіпті аймақта орналасуы, қар көшкіні, сел, дауыл болуы, одан басқа да табиғи және метерологиялық факторлар болуы.

Экономикалық өндіріс объектісінің тұрақтылығына сол територриядағы басқа құрылыстардың структурарсы, көрші орналасқан өндіріс орындары, транспорт коммуникацияларыда әсер етеді. Объектінің ішкі жоспарлануыда өрттің тез тарауына, ядролық жарылыс кезінде соққы толқыннан қирап кетуі және уландырғыш токсикалық заттардың тез таралуына ықпал етуі мүмкін.

Объектінің тұрақтылығы өндіріс түріне, сол жерде істейтін қызметкерлер мен жұмысшылардың квалификациясына, қызметкерлердің техника қауіпсіздігі шараларына дайындығынан, өндіріс орындағы тәртіптен, объект басшылығы мен техникалық – инженерлік құрамның өз міндеттеріне жауапты қарауына байланысты болады. Объектінің тұрақтылығының деңгейі ғылыми-зерттеу және конструкторлық әдістемелерге, жаңа технологияларды іске қосуына байланысты.

Төтенше жағдайларда кезінде өнеркәсіп объектілер жұмысының тұрақтылығын күшейту жолдары.

Экономика объектілеріндегі тұрақтылықты күшейту

Экономика объектілерінде тұрақтылықты күшейту шараларының орындалуы мына бағыттарға байланысты:


  • өндіріс апаттарын, табиғи және техногенді сипаттағы авариялық жағдайлардың алдын-алу;

  • ірі өндірістік апаттар, катастрофалар болған жағдайда адам шығынын азайту;

  • табиғи және техногенді апаттар болған жағдайда оның зардабын жою.

Өнеркәсіптегі персоналды қорғау шараларын күшейтудің әдістері. Объектіні басқару жүйесінің, инженерлік- техникалық комплекстің тұрақтылығын күшейту әдістері

Кәсіпорындардың, өнеркәсіптердің, басқа да объектілердің тұрақтылығын күшейту үшін жүргізілетін негізгі бағыттар:



  1. Жергілікті халықты, қызметекрлерді, жұмысшыларды, олардың отбасыларын төтенше жағдайлар кезінде қорғау және қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету.

  2. Қала аумағындағы кәсіпорын, өнеркәсіптерді төтенше жағдайға байланысты рациональді орналастыру.

  3. Өнеркәсіп, кәсіпорындарды төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге дайындау.

  4. Төтенше жағдайлар кезінде өнеркәсіп, кәсіпорындарды қалпына келтіруге дайындық жүргізу.

  5. Өнеркәсіп, кәсіпорындардың төтенше жағдайлар кезіндегі проблемаларды шешу үшін басшылық жүйесінің дайындығы.

Экономика объектілерінің тұрақтылығына дайындығын тексеруге алдын-ала зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу жұмыстары объект эксплуатацияға берілмей жатып басталады. Мұндай зерттеулер арнайы мамандар көмегімен техникалық, экономикалық, экологиялық экспертизалар жасау түрінде жүгізіледі.

Объектінің тұрақтылығын зерттеу ( бағалау) үшін келесі нұсқаулықтар жүргізіледі:



  • экономика объектілерінің схемасына анализ жасап, оның тұрақтылығына әсер ететін элементтерді есепке алу;

  • объектінің тұрақтылығына, басқару жүйесінің жұмыс істеуіне, технологиялық қондырғылардың электрмен, жанар-жағар маймен қамтамасыз етілуіне физикалық баға беру;

  • мүмкін болатын төтенше жағдайлардың объектіге және орналасқан аймаққа алдын-алу болжам жасау;

  • төтенше жағдайлар әкелетін зардаптардың параметрлерін бағалау ( жер сілкінісі, ядролық жарылыстан болатын соққы толқыны, су басу, сәулеленудің дозасы, улы заттардың әсер ету деңгейі);

  • қайта зақымдау факторларының параметрлерін бағалау (мысалы: ядролық қаруды қолданғанда);

  • критерилік параметрлерді анықтау (объектінің жұмысына кедергі келтірмейтін зақымдау факторларының параметрі);

  • критикалық радиустың әсерін анықтау (объектінің жұмысына кедергі келтірмейтін, зақымдау факторынан есептегендегі минимальді қашықтық);

  • төтенше жағдайдан кейінгі объектінің жұмысын жалғастыру қабілетін басқа көрсеткіштермен салыстырмалы түрде болжау.

Бұл жағдайларда объектінің сипаты, ғимараттар мен үйлердің саны, олардың орналасу тығыздығы, бір ауысымда істейтін жұмысшылар саны, ғимараттардың конструкциясының ерекшліктері, қондырғылар, коммуналды – энергетикалық жүйелер, қорғаныс құрылыстарының сипаты т.б. есепке алынады.

Зерттеулердің алғашқы этапында өндіріс объектілерінің, оның жеке элементтерінің төтенше жағдайларға тұрақтылығына анализ жасалынады.

Бұл этапта жасалынатын анализдер:


  • технологиялық комплекстер мен қондырғылардың сенімділігі;

  • өндірістің жеке бөлімдерінде күтілетін апаттардың зардаптары;

  • ядролық жарылыс жағдайында соққы толқынының таралуы;

  • өрт болған жағдайда өрттің таралуы;

  • уландырғыш заттардың таралуы;

  • токсикалық, жарылғыш заттардың, өрттің қайта зақымдау (екіншілік) мүмкіндігі.

Зерттеулердің екінші этапында объектінің тұрақтылығын зерттеу шаралары мен төтенше жағдайдан кейінгі қалпына келтіру шараларына зерттеулер жүргізіледі.

Тұрақтылықты зерттеу кәсіпорын басшылығы, азаматтық қорғаныс басшылығы, инженерлік-техникалық персонал жағынан қадағаланатын, ұзаққа созылатын динамикалық процесс.

Қандайда болмасын объектінің тұрақтылығын жоғарлататын факторлардың бірі болып – персоналдарды қорғаудың сенімді жүйесінің болуы. Осы жағдайларға байланысты адамдарды қорғау ғимараттары салынып, хабар беру қондырғылары орнатылады.

Инженерлік-техникалық қорғау комплексі - өндірістің материалдық құндылықтарын, ғимараттарды, үйлерді, өндірістегі қондырғыларды қорғауға арналған.

Канализация жүйесі, оның дұрыс жұмыс істеуі, ластанған суды тасымалдауы негізгі сұрақтардың бірі болып табылады, себебі канализация жүйесі істен шықса немесе дұрыс жұмыс істемесе ішек ауруларына және де эпидемияға соқтыруы мүмкін.

Электр жүйесін қорғауды тұрақтандыру үшін, электор желілерін жер асты арқылы жүргізу керек.

Объектіні газбен қамьамасыз еткенде оның қауіпсіздік сақтау шараларына көңіл бөлу керек, өйткені өрт пен жарылстарға әкелетін себептерге газ құбырларындағы ақаулар себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар кезінде кәсіпорын мен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету жүйесіне де зақым келуі мүмкін. Бұл су басу жағдайына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда тұрақтылықты күшейту үшін жылу жүйесінің қосалқы варианты болу керек (дублирование).

Ядролық жарылыстар кезінде соққы толқынының әсерінен жер асты коммуникациялары зардап шегуі мүмкін. Сол үшінде жерасты коммуникациялары соққы толқынына төтеп беретіндей етіп оның конструкцияларын күшейту қажет.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың зақымдау факторларына экономика объектілерінің орналасу ауданына байланысты болады. Зардап шеккен аудан өз територриясындағы өнеркәсіп пен кәсіпорындар орналасуына байланысты төтенше жағдайлар кезінде шешуші фактор болып табылуы мүмкін.

Эконмика объектісінің тұрақтылық деңгейін анықтаған соң, ақауы бар жерлерінің тұрақтылығын күшейту мақсатында келесі шаралар орындалады:


  1. Төтенше жағдай себептерінің алдын-алу.

  2. Төтенше жағдайдың алдын-алу.

  3. Төтенше жағдайдың зардабына төтеп беру мақсатында объектідегі қондырғыларды рационалды орналастыру, олардың резервінің болуы.

  4. Зақымдау факторларынан қорғау үшін қорғау құралдарын пайдалану және уақыт пен арақашықтықты үнемдей білу.

Экономика объектілернің тұрақтылығын күшейтудің жалпы талаптары – бұл эффективті және экономикалық жағынан қолайлы.

Экономика объектілерінің тұрақтылығын күшейту шаралары алдын –ала жасалған социалды – экономикалық даму және мобилизация жоспарларымен жасалынады. Бұл жоспарды жасайтындар қала әкімшілігінің мобилизация бөлімі және азаматтық қорғаныс басшылығы.

Бұл шаралардың барлығын іске асыратын өрт қауіпсіздігі қызметі мен азаматтық қорғаныс басшылығы.

Төтенше жағдайлардың алдын-алу – қазіргі заманның акутальді проблеммаларының бірі. Алдын-алу шаралары дұрыс жүргізілсе, халық уақытында хабарланса, құтқарушылар құтқару жұмыстарын дұрыс жүргізген жағдайда адам шығындарын азайтуға, материалдық құндылықтарды құтқаруға, және де экономика объектілерінің жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Өнеркәсіп немесе кәсіпорын төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін профилактикалық, инженерлі-техникалық шараларды жүргізген жағдайда төтенше жағдайлардың пайда болу көздері азаяды.

Экономика объектілеріндегі тіршілік қауіпсіздік шараларын дұрыс жүргізе білу табиғи, техногенді апаттар кезінде, ядролық қаруды қолданған жағдайда өнеркәсіп жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады.



11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

Сұрақтар:

1.Негізгі алдын ала объект тұрақтылығын жоғарылату мақсатында дайындық шаралары.

2.Объекттің жұмыс тұрақтылығына әсер ететін факторлар?

3.Материалды – техникалық жабдықтардың тұрақтылығының негізі неде?



13. Үйге тапсырма беру. Төтенше жағдайды бағалау

Н2 114-117 беттер 2 мин (2%)






Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет