Тіршіліктің 1-ші критерийі-тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейінің күрделі және өте жоғары дәрежеде екендігі. Бұл жайды тірі ағзалардың құрылым және функциональді бірлігі жасушаны мысалға келтіріп көрсетуге болады.
Осы жағдайды күрделі көп клеткалы ағзаның құрылысының мысалынан да көрсетуге мүмкіншілік бар.(сүткоректілердің ағзасы)
2 сызбанұсқа
Тіршіліктің 2-ші критерийі - зат алмасу. Тірі ағзалар айналадағы ортадан үнемі заттарды сіңіреді де. Керексіз заттарды сыртқы ортада қайта шығарып отырады. Мәселен. Адам денесіндегі клеткалар сыртқы ортадан оттегі, су-, глюкоза, аминқышқылдары, минералды тұздар, витаминдер, мочевина, несен қышқылдары, т.б. шығарады. Ендеше жасуша ашық жүйеге жатады, сондықтан да сыртқы ортамен зат алмасу әрекеті үздіксіз жүріп отырады.
Заттар сіңіріледі, өзгеріске ұшырайды және энергия бөлінеді.
3 сызбанұсқа
Тіршіліктің 3-ші критерийі - тірі ағзалардың құрамына, өлі табиғатта кездесетін химиялық элементтер кіреді. Бірақ элементтердің мөлшері тірі ағза мен өлі табиғатта бірдей емес. Тірі ағзалардың құрамындағы химиялық элементтердің 98%-і төрт элементтің еншісіне тиеді; көміртегі, оттегі, азот және сутегі. Тірі денелерде өлі табиғатта кеңінен таралған заттармен бірге, тек тірі ағзаға тэн көптеген заттар бар.
4 сызбанұсқа
Тіршіліктің 4-ші критерийі - дискреттік.
Тірі ағзалар жүйесінде көрініс беретін материяның жалпы қасиеттерінің бірі- дискреттік (үзік, бөліну). Кез келген биологиялық жүйе, мысалы ағза, түр, биогеоценоз, жекеше, автономды бөліктерден тұрады, солай бола тұра бөліктер бір-бірімен қарым-қатынаста, құрылымдық- функциональды бірлік түзеді.
Биоценоздың мысалында қарастырып көрейік. Биоценоздың құрамына продуценттер кіреді (әртүрлі ағзалар, күн сәулесінің әсерінен өз бойында көмірсулар синтездейді), консументтер (продуценттердің дайындап берген органикалық заттарын тұтынушы), редуценттер (консументтер мен продуценттердің өлі денелеріндегі органикалық заттарды ыдыратушы). Продуценттерге жасыл өсімдіктер жатады, консументтер-жануарлар, редуценттерге шіріту бактериялары жатады. Көрсетілген ағзалардың топтары қаншалықты дербес, автономды, маманданғанына қарамастан бір-бірімен тығыз байланыста, бірінсіз-бірі тіршілік ете алмайды себебі олар энергия және заттар ағымымен біртұтас байланыста. Биоценоз деңгейінде продуценттер, консументтер, редуценттер арасындағы салыстырмалы тәуелсіздікпен бірге, тығыз байланыс бар.
5 сызбанұсқа
Достарыңызбен бөлісу: |