3.2 «Кіріспе» тақырыбын сабақтарға бөлу және күнтізбек жоспары. Әдістемелеріне жалпы сипаттама
«Кіріспе» тақырыбында қарастыратын мәселелердің көлемін кеңейтіп алғаннан соң, қазіргі биологияның өзекті мәселелеріне нақты тоқталатын жағдайда, мұғалім жоспар бойынша бөлінген 1 сағатқа, сақтамдағы сағаттан тағы да бір сағат қосып, тақырыпты 2 сабаққа бөліп оқытады.
Бірінші сабақта тіршіліктің қасиеттері және критерийлері қарастырылса, екінші сабақта тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері және биологияның зерттеу әдістерімен жетістіктеріне тоқталады.
«Кіріспе» тақырыбын осылайша бөлу, оқушылардың биологиялық түсініктерін алдағы өтетін тақырыптарда жалғастыруға мүмкіншіліктері бар, сонымен қатар алдын ала алған білімдерін жаңа сабақтарда пайдаланады.
«Кіріспе» тақырыбында оқушыларға қазіргі кездегі жалпы биологиялық өзекті мәселелер жайында нақты түсініктер қалыптастырудың маңызы зор. Себебі оқытылатын тақырыптардың мазмұны, «Кіріспе» тақырыбындағы қарастырылған мәселелердің шешуі болып табылады және оқушылардың көзқарастарын дамыту діңгегі.
Сабақты қазіргі таңдағы биология, күрделі ғылымдар комплексі, екендігін әңгімелеуден бастап, тірі табиғат туралы, оның заңдылықтарына және дамуына тоқталамыз.
1 сызбанұсқа
Тіршіліктің үнемі қозғалыста болатынын, материяның ерекше қозғалыстағы формасы екені туралы түсініктер қалыптастыру керек.
Қазіргі кездегі биология, жекеленген, маманданған пәндер жиынтығынан құралады, олардың арсындағы қарым-қатынас, тығыз байланыс өте жоғары деңгейде көрінеді.
Биологиялық зерттеулердің нәтижесінде тіршіліктің биологиялық көрінісінің мәні ашылып, фактілер жүйесімен дәлелденеді. Тірі жүйелердің дамуы, ұрпақ қалдыруы, құрылысы, қызметтері жайлы концепциялар, ойлар, түсініктер қалыптасады ғылымдардың интеграциялануы табиғатын түсіну қиын проблемаларды шешуге көмектеседі ғылыми пәндердің зерттеулерінің барысында биология ғылымы жаңа теориялармен, идеялардың жиынтығы, фактілермен толықтырылды.
Биология циклінің классикалық ғылымдарымен бірге (анатомия, физиология, морфология, ботаника, зоология т.б.) биологияның жаңа салалары пайда болды, олар тіршіліктің терең физико-химиялық негіздерін зерттеумен шұғылданады (мысалы, биохимия, биотехнология т.б.)
Биология ғылымдарының прогрессивтік дамыу, басқа да ғылымдар салаларының дамуымен тығыз байланысты. Физика ғылымының заңдылықтарын білу ағзаның жүйке жүйесінің қызмет жасау принципін түсінуге мүмкіндік береді. Химияның заңдылықтарын білу, жасушаның ішкі процесстерін түсінуге, ал математиканы меңгеру-биологиялық зерттеулердің қорытындыларын шығаруға, есептеуге көмектеседі.
Қазіргі кездегі биология ғылымдарының шешетін мақсаттары мен міндеттері алуан түрлі. Олар, ағзаның құрылысы онда болып жатқан өзгерістер, қызмет жасау заңдылықтары, тіршіліктің алуан түрлілігі, жекеше даму мен тарихи дамудың процесстері, мекен ету ортасымен ағза арасындағы байланыстардың ерекшеліктері, тұқым қуалаушылықпен өзгергіштік және басқа құбылыстар.
Қазіргі таңда молекулалық биология, генетика, экология ғылым салаларын меңгеру адамзаттың жалпы мәдениет деңгейінің көрсеткіші.
Жалпы биологияның комплексі түрде қарастыратын мәселелері, генетика негіздері сұрыптау, ағзалардың жекеше дамуының заңдылықтары, цитология, экология негіздері және биосфера туралы ілім органикалық тіршіліктің дамуы және адамның шығу тегі, эволюциялық ілім болып табылады.
Жалпы биологияның теориялық негізі тіршіліктің критерийлері. Бұл дегеніміз тірі ағзаларға тән қасиеттерді, ерекшеліктерді қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |