Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған



бет15/19
Дата12.09.2022
өлшемі495,18 Kb.
#149294
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ӘЖМҰРАТОВА Ә

Тірі материяның ұйымдасу деңгейі

Деңгейдің қысқаша сипаттамасы

Берілген деңгейді оқыту үшін берілетін сұрақтар мен проблемалардың мысалдары

1.

Молекулалық

Кез келген жүйе биологиялық макромолекулалардан құралады: нуклеин қышқылдары, полисахаридтер және ақуыздар. Осы деңгейден басталып ағзаның тіршілік әрекеті басталады: зат алмасу мен энергияалмасу, тұқым қуалаушылық ақпараттарын беру т.б.

Биополимерлердің құрамын және құрылысын зерттеу(мысалы,ақу ыздар)

2.

Молекуладан жоғары деңгей

Әр түрлі химиялық заттардың молекулалары бірімен-бірі қосылып жасушаның органоидтарын түзеді: митохондрий, пластидтер, рибосомалар т.б. Әрбір органоид жасушада өз қызметін атқарады, және өзіне тән құрылысымен ерекшіліктері бар.

Жасушадағы әртүрлі органоидтардың қызметін және құрылысын оқып үйрену.

3.

Жасушалық

Жасуша-барлық тірі ағзалардың даму бірлігі және құрылымдық, қызметтік бірлік

Жасуша ішіндегі әрекеттердің-өзін-өзі реттеу, ассимиляция және диссимиляция қызметтерін, жасушалар құрылысының ұқсастықтары және айырмашылықтарын оқып беру.

4.

Ұлпа-жасушалық деңгей

Құрылысы, атқаратын қызметі, шығу тегі бір жасушалар тобы ұлпаларды құрайды. Ұлпалар мүшелер түзеді, мүшелерден жүйелер құрастырылады.

Әртүрлі ұлпалардың типтерінің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Әрбір мүшенің қызметін оқып білу. (мысалы. жүрек)



1 – кестенің жалғасы



5.


Ағзалық

Ағзалық деңгейдің элементарлық бірлігі дара (особь) қарстырылады. Оның алғашқы пайда болу, кезеңінен бастап тіршілігін жойған кезеңіне дейінгі дамуын қарастырады. Тірі жүйе ретінде. Жоғары сатыдағы ұйымдастырылған ағзалар мүшелер жүйесінің тығыз байланысында біртұтас құрылым ретінде қарастырылады.

Ағзаға қоршаған ортаның әсерін оқып білу, мысалы, әртүрлі температуралық жағдайда суық қандылар мен жылы қанды жануарлардың қозғалуын зерттеу.

6.

Түрлік-популяциялық

Популяция-ағзадан жоғары жүйе. Ағзалардың бір түрге жататын жиынтығы ұзақ мерзімге бір мекен ету ортасына бірігеді. Бұл жүйеде элементарлы түрде эволюциялық процесстер, өзгерістер жүріп отырады.

Бір биологиялық түрдің дараларының арасындағы тіршілік күрестің сипатын танып білу. Популяция дараларының сандарының арту себептерін зерттеу.

7.

Биоценотикалық

Биоценоз-дегеніміз алуан түрлі ағзалардың мысалы, өсімдіктің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың микроорганизмдердің бірлесіп тіршілік етуі. Биоценоздарда ағзалар продуценттер, консументтер, редуценттер болып бөлінеді. Олар әртүрлі қызметтер атқарады

Заттардың және энергия айналысып бір-біріне беруде, өткізуде тығыз байланысты.

8.

Биогеоценотика лық

Биогеоценоз-мекен ету ортасымен факторлары, әртүрлі деңгейдегі құрылымды түрлерге жататын ағзалардың жиынтығы.

Биогеоценоздардың ішінде өтетін іс-әрекеттерге өлі табиғаттың факторларының әсерін зерттейді. Биогеоценоздағы болып жатқан маусымдақ өзгерістерді зерттейді.

9.

Биосфералық

Барлық биоценоздардың жиынтығын биосфера-деп атайды. Жер планетасындағы тіршіліктің барлық құбылысын қамтитын жүйе. Бұл деңгейде барлық тірі ағзалардың тіршілік әрекетімен байланысты зат айналымы мен энергия алмасуы жүреді.

Біздің
планетамыздағы тіршілік үшін аса маңызды, көлемді мәселелер «озон тесіктері» және «булану эффектісін» зерттеу.

Биология ғылымдарының дамуының бірінші кезеңдеріне зерттеудің сипаттама әдістері тән. Бұл әдіс бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ, жинақтау және фактілерге сипаттама беру ғылымның барлық салаларында қолданылады. Зоология, ботаника, экология этология т.б. салаларда бұрынғысынша пайдаланылуда.


18 - ші ғасырдың өзінде ағзаларды және оның бөліктерін бір - бірімен салыстыру әдісі кеңінен қолданылды. Жүйелеу, Жасуша Теориясының негізі салыстырмалы әдісті қолдануының нәтижесінде дамыды. Биологиядағы эволюциялық ойлардың нақтылануы анатомия, памантология, эмбриология т.б. ғылымдар саласындағы салыстыру әдісін қолданумен тығыз байланысты. Осы әдісті қолдану сүтқоректілер мен бауырымен жорғалаушылардың арасындағы эволюциялық байланыстарды анықтауға, прогрессивтік белгілерін көрсетуге мүмкіншілік береді. Осындай ғылыми мәселелерді шешу барысындағы салыстырмалы әдістер біртіндеп тарихи әдіске ауысады, тарихи әдістің мақсаты ағзалардың шығу тегін және дамуын, құрылымын, қызметтерін зерттеу.
Биологияның жаңа зерттеу әдістеріне модельдеуді жатқызуға болады. Модельдеуді жатқызуға болады. Модельдеудің негізінде белгілі бір құбылысты немесе іс - әрекеттің көрінісінің жобасын зерттеуге, білуге болады. Образды модель белгіге немесе математикалық модельге өтеді. Эксперимент математикалық есептеулер жүргізудің есептеуді компьютер арқылы орындау мен аяқталады. Математикалық жолмен модельдеу әртүрлі жағдайларды болжамдауға мүмкіндік береді.
Мысалы: атомдық соғыстың биосфераға әсерін анықтау, қоректік заттардың қорына байланысты әртүрлі жағдайларда, белгілі жердегі тұяқты жануарлардың популяциясының өсу қарқынын анықтауға мүмкіндік береді.
Дегенмен, биологиялық зерттеулердің негізгісі бұрынғыдан бақылау және эксперимент. Бұл әдістер бір - біріне жақын ұқсастықтарымен бірге, айырмашылықтары да бар. Бақылау белгілі бір объектіні табиғи немесе жасанды жағдайда алға қойған мақсатқа сай зерттеу, танып білу, белгілі бір факторлардың ғана әсерін бақылау емес. Сондықтан бақылау кезінде зерттеушінің өтіп жатқан құбылыстың барысына әсер ету көзделмейді.
Эксперимент - бақылаумен салыстырғанда жасанды жағдайда өткізілетін объектіні зерттеудің белсенді формасы. Экспериментте зерттеуші белсенді түрде объектіге өзгертілген факторлардың әсерін зерттеу және оған объектінің жауап беру реакциясын зерттейді.
Эксперимент әдісі құбылысты шектеу арқылы зерттеуді көздейді, және оны бірнеше рет қайталауға да болады. Эксперимент құбылыстың мәнін терең түсіну мен қатар, ол құбылысты меңгеруге мүмкіндік береді.
Биологиялық ғылыми зерттеулерді сауатты өткізу, ғалымның ғылыми экспериментін маңызын терең түсінуін және арнайы білімінің болуын қажет етеді.
Ғалым мақсат дегеннің не екенін, ғылыми зерттеудің объектісін және болжамын нақты білуі керек; Қайталау тәжірибесі; бақылаудағы өсімдіктер мен жануарлардьйң тобын; вариациялық фактор; тәжірибенің немесе бақылаудың әдісін, сапалық және сандық көрсеткіштердің қорытындысын білу; нәтижелердің ғылыми көрсеткіштері; эксперименттің кемшіліктері сияқты көрсеткіштерді нақты білуі керек.
Зерттеушілік іс - әрекеттер белгілі құрылыммен, жүйелілікпен жүргізіледі. Жақсы көрсеткіштерге жету ғалымның зерттеу жұмысын жұмысын жүргізу барысындағы іс -әрекетінің жиынтығына, дұрыстығына байланысты.
Эксперимент жүргізудегі ғалымның әрекетінің сипаты:
1. Зерттеу жұмысының тақырыбын, мақсатын, міндеттерін дұрыс таңдап алу.
2.Болжамдарды тұжырымдау.
3.Зерттеу жұмысының барысын жоспарлау және оның әдісін анықтау.
4.Эксперимент жүргізу үшін жабдықтарды дайындау мен жағдайлар жасау.
5.3ерттеу жұмысының практикалық бөлімін жүргізу және оның сапалық, сандық нәтижелерін тіркеу.
6.Алынған нәтижелерді өңдеп, таблицаларды, гистограммалар, диаграммалар, графиктер сызу.
7.Алынған нәтижелерге теориялық талдаулар жүргізіп, оның ғылыми нақтылығын бағалау.
8.Қорытындысын жасау.
9.Тақырып бойынша зерттеудің өміршеңдігі мен шешуін таппаған мәселелерді анықтау.
10.Зерттеу жұмысының қорытындысын жасап, жазбаша түрде бекіту. (есеп түрінде, олимпиада, диссертациялық жүмыс, ғылыми мақала түрінде)
Нағыз ғалымның көрсеткіші, қоғам өмірі мен табиғат құбылыстарына аналитикалық жағынан қарап, шешімін табуы. Бұл жағдайда ғалым, мәселелерді шешу үшін өзіндік ойлауымен, практикалық және теориялық мақсаттарды ұтымды, үйлесімді шеше алатындай болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет