1 Сабақ. Тіршіліктің негізгі крийтерийлері Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушылардың тіршіліктің критерийлері туралы білімдерін кеңейту. Тіршіліктің негізгі қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылық:Өсімдіктер, жануарлар, тәнтану пәндерінен алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Тіршілік туралы ғылыми көзқарастарын, логикалық ойлауын тәрбиелеу.
Сабақтың барысында мына мәселелер қамтылады: 1. Тіршілік дегеніміз не?
2. Органикалық дүниенің сан алуандығы.
3. Тіршіліктанудың өзекті мәселелері.
4. Биология ғылымдарының салалары, басқа ғылымдармен байланысы.
5. Биология ғылымдарының дамуына еңбегі сіңген ғалымдар. Қазіргі таңдағы биология ғылымдарының шешуге тиісті міндеттері.
6. Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері (критерийлері).
- тірі ағзалардың жоғары деңгейден ұйымдасуы және оның күрделілігі;
- зат алмасу;
- тірі ағзалардың химиялық құрамының бірлігі;
- дискреттілік;
- тітіргенгіштік;
- ағзаның өсуі;
- көбею. Өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру;
- даму;
- өзін-өзу реттеу
- тірі ағзалардың мекен ету ортасына бейімделуі.
7. Сабақты қорытындылау.
2 Сабақ. Тірі материяның ұйымдасу деңгейлері және биологиялық зерттеулердің әдістері.
Сабақтың мақсаты Білімділік: Тірі материяның ұйымдасу деңгейлері және биологиялық зерттеулердің әдістері туралы түсініктер қалыптастыру.
Дамытушылық: Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлерін нақты мысалдар арқылы анықтай білуге үйрету және олардың сипаттамаларын меңгерту, ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қазіргі биология ғылымдарының өзекті мәселелеріне оқушылардың құндылықпен қарауын ғалымдардың ашқан жаңалықтары мен еңбектерінің негізінде оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.
Сабақтың барысында мына мәселелер қамтылады:
1.Тіршіліктің молекулалық деңгейі;
2.Молекуладан жоғары деңгейі;
3.Жасушалық
4.Ұлпалық және мүшелік;
5.Ағзалық деңгей;
б.Түр-популяциялық;
7.Биоценотикалық;
8.Биогеоценотикалық;
9.Биосфералық;
10.Биологиялыыық зерттеулердің әдістері:
А) сипаттау әдісі;
Б) салыстырмалы әдіс;
В) тарихи әдіс;
С) модельдеу әдісі;
Д) бақылау және эксперимент әдістері;
Е) шығармашылық, зерттеу жұмыстары туралы қысқаша мәлімет
11 .Жинақтап қорыту.
«Кіріспе» тақырыбын 2 сағатқа бөліп оқыту әдісі, оқушылардың алған білімдерін алдыңғы өтетін сабақтарда пайдалануына және осы материалдарға негіздеуіне мүмкіншілік береді.
Сондықтан «Кіріспе» тақырыбының жалпы биология бөлімдерін оқытуда, оқушылардың білім қабылдауы үшін стратегиялық мәні зор.
Екі сабақты да мұғалім дәріс тәсілімен өтеді.