Антропогсндік ТЖ -адамдардың қателік жасауынан (өз қолдарымен өздері) туындайтын процесс
Антропоноздық - адамдарда ғана инфекциялық аурулар (тұмау, туберкулез т.б.) тудырушы микроорганизмдер
Аса кауіпі бар инфекциялар - өте ауыр түрде өтетін, көп жағдайда ақыры өлімге әкеп соғатын және тез жұғылғыштығымен ерекшеленетін - адамдар арасында тез тарайтын аурулар түрлері
Асептика — жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі
Антисептика — жараға түскен бактерияларды, микроағзаларды өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою
Апат— адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеумсттік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнетін қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залал
Атом каруы — ауыр элементтер ядролары бөлінгенде журетін тізбекті реакция кезінде кенеттен бөлініп шығатын энергияны пайдалануға негізделген жаппай қыру қаруы
Артерия (күре) кан гамыры жарақаттанғанда ашық - қызыл түсті қан "фантан" теріздес атқылап ағады